Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар орталығының ұжымы АжҚТО директоры Мұстафина Аққыз Құраққызын техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесінің бекітілуімен құттықтаймыз!
Фулбрайт бағдарламасы 2011-2012 оқу жылына арнап Қазақстан студенттеріне және жас мамандарға АҚШ университеттерінде оқу үшін ғылым магистрі дәрежесін алуға іріктеу конкурсын жариялайды. Грант есебіне визалық қолдау, оқуға ақы төлеу, медициналық сақтандыру, ай сайынғы шәкіртақы және оқулықтар кіреді.
әл-Машани атындағы Жоғары технологиялар және тұрақты даму институтының қолданбалы экология кафедрасында Киото Хаттамасының мәселелері бойынша Голландия (Амстердам), Вашингтон және Пекиндегі кеңселермен жұмыс істейтін Climat Focus консалтинг компаниясының бас кеңесшісі Ялмер Хоогзаад дәріс өткізді.
ҚАЗАҚСТАН-КОРЕЙ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
IT мамандықтары курсына тыңдаушылар қабылдау туралы хабарландыру
Студенттердің компьютерлік тестілеу кезінде белгілеген сұрақтарына қатысты аппеляциялық өтініштері 2010 жылдың 14-мамырында сағ.17:00, 814 МҒ қаралады.
2010 жылдың 23- сәуір күні сағ. 17-00 Алматының Франция Альянсында Қазақстандағы CampusFrance өкілеттілігінің ашылуы болды. Оған Сорбонна университетінің докторы, Париждегі CampusFrance агенттігінің білім жөніндегі бөлім жетекшісі Жан-Люк Ито-Пажес мырза қатысты.
Алматыдағы ДААД ақпараттық орталығы 'Green Talents - The International Forum for High Potentials in Sustainable Development 2010' бағдарлама аясында тұрақты дамуды зерттеу саласында жас ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер үшін халықаралық байқауды ұсынады.
VII Республикалық «Шапағат-2010» өнертапқыштық жетістіктер конкурсының «Жыл өнертабысы» номинациясы бойынша жеңімпаздары –бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы кафедрасының профессоры Бөгенов Еркен Сембекұлын және «Өнертапқыш әйел» номинациясы бойынша жүлдегер инженерлік құрылыс жүйе
«Caspian Business Events» компаниясы «ҚазМұнайГаз» МК АҚ қолдауымен 2010 жылдың 1-2- маусымында Алматы қаласында, Rixos Almaty қонақ үйінде өтетін «KazStimOil 2010» атты ҚР мұнай және газ өндіруді ЖЕДЕЛДЕТУ бойынша ЖЫЛ САЙЫНҒЫ 6-шы Халықаралық Симпозиум, Көрме, Конференция және Сыйлық шеңберінде студенттердің үздік жұмыстары бойынша арнайы конкурстың өткізілетінін хабарлайды.
2010 жылдың 14-сәуірінде Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да 144935-TEMPUS-1-2008-1-UK-TEMPUS-JPCR жобасына байланысты «Химиялық инженерия: Оқу бағдарламаларын талқылау және халықаралық деңгейді дәрежелеу» тақырыбына мониторинг өткізілді.