Кен және металлургиялық машиналар мен жабдықтар

     «Тау-кен және металлургиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасы технологиялық машиналарды пайдалану саласында ресурстарды қорғау және экология мәселелері, технологиялық машиналар мен жабдықтарды жобалау салаларында бакалаврларды дайындайды.

     «Тау-кен машиналары және жабдықтары» – бағыты. Жер асты кеніштеріндегі әртүрлі типтегі қуатты және күрделі машиналарды үлкен мөлшерде пайдаланатын өнеркәсіптің бірде бір саласы жоқ. Жоғары оқу орнында осы мамандық бойынша бакалавр әртүрлі технологиялық машиналар мен қондырғылардың құрылысы, олардың жұмыс істеу принципі, оларды ұтымды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кеңейтілген білім алады. Осы мамандық бойынша мамандар тау-кен кәсіпорында жұмыс істей жүріп алған үлкен білім қорын қолдана алады. Сонымен қатар олар конвейер, құбыр, автомобиль және темір жол көлігі, компрессорлар, желдеткіштер, сорғылар және көтерім қондырғыларын қолданылатын басқа сала кәсіпорындарында да табысты жұмыс істей алады. Гидроаппаратура әр түрлі салада кеңінен таралған, оны пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу кезінде жоғары дәлдік пен жоғары мамандар қажет, сондықтан осы сала үшін сирек және өте қажетті жаңа «Гидравликалық машиналар, гидрожетек және гидропневмоавтоматика» мамандығы ашылған. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін осы мамандық бакалавры гидропневмоавтоматика және гидрожетек қолданылатын кез келген салада жұмыс істей алады.
     Кафедра мамандарды дайындау кезінде кадрларды қажет ететін ұйымдардың қоятын талаптарына сол сияқты технологиялық машиналар мен жабдықтар саласындағы жаңалықтарға, оларды конструкциялау, дайындау және пайдаланудағы өзгерістерге дер кезінде ескеріп отырады.

     «Металлургиялық машиналар мен жабдықтар» бағыты. Қазіргі заманғы өнеркәсіп өзінің аса күрделі жабдықтарымен ерекшеленеді. Кез-келген өндіріс технологиясы белгілі бір жабдықтарға негізделіп жасалады. Металлургия саласында қолданылатын механизмдер, аппараттар мен кешендерді жалпы айтқанда механикалық жабдықтар деп атайды.
     Жабдықтардың құрылымдарын жетілдіру оларды дұрыс пайдалану, жинастыру және жабдықтарды жөндеу мәселелерімен тиісті дайындығы бар мамандар айналысуы қажет екені белгілі. Мұндай мамандарды, яғни жабдықтарды пайдалану, жөндеу саласының мамандарын – бакалаврларды даярлау Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Металлургиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасында іске асырылады.
     5В072400 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бакалавриатының мақсаты еңбек нарығында сұранысқа ие болып отырған «Тау-кен машиналары және жабдықтары» және «Металлургиялық машиналар мен жабдықтар» бағыттары шеңберінде білім және тәжірибе алу болып табылады.
     Оқу соңында білім алушыға 5В072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығының бакалавры деген академиялық дәреже беріледі.
     Негіздеме. Бакалавр – бұл үш деңгейлі жоғары білім алу жүйесінің бірінші деңгейіндегі біліктілік. Бакалавр бағдарламасы бойынша білім алу 4 жыл мерзімінде жүргізіледі және дипломдық жобаны қорғаумен аяқталады. «Бакалавр» біліктілігі негізінде «Магистр» бағдарламасы бойынша жоғары білім циклына өтуге арналған аралық саты түрінде қарастырылады.
     Бітіріп шыққандардың бір бөлігі «Бакалавр» мамандығын алып тау-кен және металлургия өнеркәсібінде, сол сияқты өнеркәсіптің басқа салаларында да, мысалы ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдарда да өз еңбек жолын бастай алады.
     Бакалавр міндеттері

  • бакалавр өз жұмыс саласында білімді болу керек, өндірістік қатынастар негізін және техникалық, қаражаттық және адами факторларды ескере отырып басқару принциптерін білу керек;
  • өз жұмысы саласында және басқа салаларда қазіргі заманғы технологияны жасау және қолдану бойынша жүйелі білімі болу керек;
  • өз мамандығы саласында жобалық, пайдалану, эксперименттік – зерттеу немесе конструкторлық мәселелерді шешу және сауатты орнату үшін жеткілікті білім, тәжірибе алуы керек.

     

Осы мамандықтың мамандарына қойылатын талаптар

     5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)» мамандығы бойынша бакалавр мыналардан хабары болуы керек:

  • ақпараттарды жинау және талдау, детальдар мен бөліктерді есептеу және жобалау, техникалық – экономикалық талдау жүргізулер кіретін есептік жобалау жұмыстары туралы;
  • тау-кен және металлургия кәсіпорындарының өндірістік-технологиялық жұмыстары туралы;
  • өндірістік кәсіпорындарда жүргізілетін эксперименттік– зерттеу жұмыстары туралы;
  • өндірістік кәсіпорындардың ұйымдастыру – басқару жұмыстары туралы;
  • технологиялық жабдықтарды дұрыстау, реттеу және тәжірибелік тексеру бойынша құрастырып – жөндеу жұмыстары туралы мыналарды істей алу керек;
  • беріктік есептеулері мен машина жетегінің қуатын анықтау есебін жүргізе алу, өндірістің берілген жағдайы мен көлемі үшін оларды таңдауды жүргізе алу;
  • рұқсат етілген кернеу және қатаңдық, тұрақтылық және шыдамдылық бойынша машиналардың конструкциялық есептеулерін жүзеге асыру;
  • механикалық жабдықтардың жөндеу графиктерін жасай алу;
  • қазіргі әдістер мен есептеу техникасын қолданып электромеханикалық – механикалық жабдықтарды тиімді пайдалану тапсырмаларын шешу;
  • қызметкерлердің іс әрекетін кәсіби талдау және бағалау коллективтегі моралды климатын бақылау, еңбектік және атқарушы тәртіптің қажетті деңгейін ұстау қажет;
  • қоршаған ортаға технологиялық машиналар мен жабдықтарын пайдалану әсерін бағалау және шығын шамасын анықтау;
  • коллектив құрамында жаңа технологиялық машиналармен жабдықтарды жобалау;
  • өнеркәсіптік кәсіпорындарға технологиялық машиналармен жабдықтар схемасын таңдауды дәлелдеу;
  • өнеркәсіптік кәсіпорындар учаскелерінде жабдықтардың ритмдік және экономикалық жұмысын қамтамасыз ету.

     Мамандық бойынша оқудың нәтижелері
     1 курс – кәсіби білім іргетасы сияқты жаратылысты – ғылыми, жалпытехникалық және экономикалық сипатында тереңдетілген білімді қамту.
     2 курс – жаратылысты – ғылыми жалпы техникалық сипатында тереңдетілген білімді қамту, негізгі тау – кен технологиясы, жерасты қазу кезінде кен орындарын ашу және дайындау материалтану және конструкциялық материалдардың технологиясы, термодинамика және жылу берілісі, технологиялық машиналарды жобалау негіздері бойынша кәсіби білімді, ұғымын және үйрене алу.
     3 курс – келесі аймақтарда базалық және профильді пәндерді және тәжірибелік алмасуларда терең теориялық машиналарды жобалау, конструкциялау және жасау; тау-кен және металлургиялық машиналары мен жабдықтардың құрылысы және пайдалану тау-кен және металлургия машиналарының гидравликалық жабдықтары; кәсіпорындарда кен массаларын тасымалдау; экономика, қауіпсіздік және өндірісті басқару технологиялық машиналарды автоматтандырылған жобалау жүйесі; тау-кен және металлургиялық машиналары.
     4 курс – келесі аймақтарда базалық және профильді пәндерді және тәжірибелік алмасуларда терең теориялық білімді алуды қамту: технологиялық машиналарды басқаруда компьютерлік технология негіздері және тау-кен және металлургия машиналарының негізгі параметрлерін орнату кезінде есептеулерді автоматтандыру; тау-кен және металлургиялық машиналардың бақылап өлшеу аппараттары; технологиялық машиналар мен жабдықтарды құрау, пайдалану және жөндеу; көмекші қондырғылардың құрылысы және пайдалану; тау-кен және металлургиялық машиналарды жасау технологиясы.
     Кафедрамен мыңдаған инженерлер бітіріп шықты, олар Қазақстанның және жақын шетелдердің барлық кәсіпорындарында жұмыс істеді және әлі жұмыс істеуде. Өзінің құрылған кезеңінен бастап кафедра қызметкерлерімен өзекті бағыты бойынша ғылыми зерттеулердің үлкен көлемі орындалды: Кен машиналарын жөндеудің болжарлау жүйесін құру мен сенімділігін зерттеу; жерасты кеніштерінде электротасығыш көлігін жетілдіру толтырмалау жұмысының технологиясы және механикаландыру таспалы конвейерлерді, дамыту болашақтары және теория негіздері; кен өндірістеріне ақпараттық технологияны жасау, металлургиялық машиналардың сенімділігін арттыру, металдар мен қорытпалардан жасалатын дайын бұйымдарды өңдеудің жаңа конкуренцияға қабілетті технологиясын, сондай-ақ қаптама салу технологиясын жетілдіру. Өндіріске ғылыми жұмыстар енгізілген және үлкен экономикалық тиімділікпен жобалаушы ұйымдармен қолданылуда.
     Өзінің құрылғанынан бастап кафедра ғылым кандидаттары мен докторларын дайындаумен ылғи айналасуда.
     Бүгінде тау-кен және металлургиялық машиналар мен жабдықтар кафедрасы тау-кен металлургия институтының ішіндегі ірілерінің бірі. Кафедра «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша бакалаврлар, магистрлер, Phd докторларын шығарады. Мамандарды дайындауды біліктілігі жоғары ұжым жүргізуде, олардың ішінде кафедра меңгерушісі, техника ғылымының кандидаты, доцент Елемесов К.К., техника ғылымдарының докторлары, профессорлар Крупник Л.А., Столповских И.Н., Phd докторы Құдайбергенов Р.К., техника ғылымдарының кандидаттары, профессорлар Ғ.Нысанбай, Искаков Б.И., профессор м.а. Бейсенов Б.С., Бимбетов М.У., Кожахан А.К., доцент Омаров Т., аға оқытушылар Бөртебаев С.Ә., Тусупова А.Е., аға оқытушылар Сариев Б.Е., Маркова Л.Н., Жомартов Б.А., Абдыкалыкова Р.С., Құрманалиев М.Б., Тагауова Р.З., Кожаканов А.К., Молдағожина М.К., полигон меңгерушісі Мендекен М.Н., инженерлер Ахметова Н.М., Кузнецова Н.В., Болатқызы С., Крамбаев А.А., лаборатория меңгерушісі Рахметов О.Ж.
     Кафедра бүгінгі күн талаптарына және Қазақстан Республикасының даму болашағына сай мамандарды шығаруға дайын.

Мекен-жайымыз:

     050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 22, ТКМҒ, 211, 213, 215, 222, ЖТҒ (ТТК) 404, 405, 411, 412. Телефон: 8-(727) 257-70-67, 257-70-69.

 

Болашақ