Өнеркәсіп экономикасы

 «Өнеркәсіп экономикасы» кафедрасының тарихы және жетістіктері

Кафедра тарихы 80 жылдан көп уақытты қамтиды. 1934 жылы Қазақ тау-кен металлургиялық институтының тау-кен факультетінде, экономикалық дайындықтағы инженерлік мамандарды жүзеге асыру мақсатында «Тау-кен өнеркәсіп экономикасы» кафедрасы ашылды.
1966 ж. Экономика мамандығы шеңберінде тау-кен геологиялық барлау, энергетика және металлургия факультеттерінде экономика «Тау-кен өнеркәсібін ұйымдастыру және жоспарлау» (Тау-кен және геологиялық барлау өнеркәсібіндегі мамандар дайындалған), «Экономика, металлургиялық өнеркәсіпті ұйымдастыру және жоспарлау» (түрлі-түсті металлургия үшін мамандар дайындалған), «Экономика энергетикалық өндірісті ұйғару және жоспарлау» (энергетика саласының мамандары дайындалған) кафедралар ұйымдастырылған болатын.
Кафедраны 30 жылдан астам, яғни 1957 жылдан 1992 жылға дейін Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, э.ғ.д., профессор М.Г. Мильграм басқарған және жаңа бірнеше оқу курстарын аштыралды, ресурстар экономикасы мен тау-кен өндірісін ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік оқулықтар жазды, тау-кен өнеркәсібі мәселелері бойынша терең зерттеулерді жүзеге асырды. Өзінің педагогигалық жұмысында ерекше көңілді, оқу ісінің мазмұнына бөлген болатын. Оның жетекшілігінде 39 кандидаттық және 15 докторлық диссертация қорғалды.
1992-1997 ж.ж. дейін тау-кен факультетінің декан орынбасары болған э.ғ.к., доцент З.А.Галимов кафедраны басқарған. Соңында З.А.Галимов тау-кен институтының Екібастұздағы филиалында декан және проректор болып қызмет етті.
1997 жылдан 2006 ж. аралығында кафедра меңгерушісі болып э.ғ.д., профессор, ҚР жоғары мектеп Академиясының академигі, А.К.Ерали басқарған.
2006-2008 ж.ж. кафедраны э.ғ.к., доцент А.А. Ильяс, және э.ғ.д., профессор Л.С. Спанкулова басқарды.
2008-2010 ж.ж. бастап кафедраны э.ғ.д., профессор Б.Қ. Қазбеков басқарды.
2010-2012 ж.ж. кафедраныэ.ғ.д., доцент К.О. Шаяхметова басқарды.
2012-2014 ж.ж. кафедраны Н.Т.Сайлаубеков басқарды.
2014 жылдан бастап, Өнеркәсiп экономикасы кафедра меңгерушi қызметiн э.ғ.к., доценті Ж.Т.Дильдебаева атқара бастады.
Дильдебаева Ж.Т., С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика және қолданбалы математика факультетін бітірді. Еңбек жолын 1986 ж. Семей ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институтында (СЕСӨТИ) ассистенттік қызметтен бастады.
1986 жылдан 1997 жылға дейін СЕСӨТИ ассистенті, оқытушысы болды. 1997 жылдан 2007 жылға дейін Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Ақпараттық жүйелерді математикалық қамтамасыздандыру және әкімшілік ету» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті.
2004 ж. 08.00.13 – «Экономиканың математикалық және құралдық әдістері» мамандығы бойынша «Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қызметінің эконометриялық модельдері» («Алматы кілем» ААҚ мысалында) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
2007 жылдан 2012 жылға дейін Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің «Бағалау, есеп және аудит» кафедрасының доценті қызметін атқарды, 2012 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметіне келгенге дейін ЭжБИ директорының орынбасары болды.
Оның ғылыми бағыты экономикалық үрдістердімодельдеуболыптабылады. 30-дан астам жарияланған ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері бар. Сонымен қатар, Дильдебаева Ж.Т. Қ.И.Сәтбаеватындағы ҚазҰТУ-дағы «Нарықтық экономика механизмдерін параметрлік реттеу теориясын негізінде тиімді мемлекеттік саясат құру және жүзеге асыру әдістерін дамыту бойынша бағдарлама» тақырыбында (ғылыми жетекші т.ғ.д. А.А.Ашимов) шаруашылық келісім бойынша жұмыс жасады.
Кафедраны қалыптастыруда және оқу процесінде ерекше күш салған кафедраның мына қызметкерлерін атаған жөн: г.м.ғ.к., доцент Н.В.Проскурин, г.м.ғ.к., доцент К.С. Баишев, г.м.ғ.к., доцент Г.А. Рахметов, э.ғ.д., профессор Т.А. Тлеулиев, э.ғ.к., доцент Е.М. Федорова, э.ғ.к., доцент Л.В. Кривцова, ҚР-ң ҒАҒ академигі, э.ғ.д., профессор Туркебаев Е.А.
1993 ж. бастап күндізгі және сырттай оқу түріндегі «Экономика және әлеуметтік сферадағы менеджемент» (Мұнай-газ өнеркәсібі, геология және тау-кен ісі) мамандығы бойынша инженер-экономистер дайындалуда сондай-ақ екінші жоғары білім алу бойынша мамандықтар дайындалуда. 1994 ж. бастап мұнай газ ісі мамандығы бойынша кундізгі және сырттай оқу түрінде, отын-энергетика кешеніндегі инженер-экономистер дайындалуда, ал 1996 ж. осы мамандық бойынша қазақ тобы ашылды. Нәтижесінде 1999-2002 ж.ж. алғаш рет ҚР ЖОО жүйесінде 100 бітіруші мұнай газ өнеркәсібіндегі инженер-экономист дипломын игерді.
Кафедра 5В050600-«Экономика» мамандығы бойынша мамандар дайындайды. Білім беру бойынша лицензия сериясы АА № 0000004, (ҚР БҒМ) және МЖББС 26 сәуір 2004 жылы берілген, МЖББС ҚР «Бакалавриат.Негізгіережелер» негізінде ҚР БҒМ №2615.04.019-2011 жылынан бұйрығымен бекітілген.
81-жылдық тарихы бар кафедрада, осы жылдарда 15 мыңнан аса инженер-экономистер даярланып шықты. Студенттерді оқыту барысында ерекше көңіл арнайы пәндерге, кешенді шешім қабылдау мақсатында экономикалық жағдайларды талқылауға мүмкіндік беруге, қазақ және шеттілдеріне, компьютерде тәжірибелі жұмыс істеуге бөлінеді. Кафедраның үздік бітірушілерінің есімі ҚР экономикасын дамытуда ғана емес ТМД, шетелдер де ерекше беттерге ие болуда. Президент Аппаратында М.Т. Есенбаев, ҚР Үкіметінің ақша айналымымен еңбек Аппаратындағы қаржы бөлімінің басшысы Н.Л. Котенко, «Қазалтын» АҚ Президенті Т.Ж. Қожағапанов, SAT фирмасының бас директоры С.С. Дмитриев және т.б.
«5В050600-Экономика» мамандығы бойынша күндізгі оқу түрі бойынша оқу мерзімі-4 жыл, сырттай оқу түрі бойынша-2 және 3 жыл. Оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. «Өнеркәсіп экономикасы» кафедрасы 2001 жылы құрылған 6N0506-Магистратура «Экономика» мамандығы бойынша магистр дәрежесімен PhD дәрежесін алуға мүмкіндігін ұсынады.
ПОҚ-ның біліктілігін жоғарылатуы шетел білім алу бағдарламалары мен семинарларында, ҚР-ң жетекші жоғары оқу орындарында біліктілікті жоғарылатудың келешектік және жылдық жоспарларына келісілген түрде жүзеге асады.
 

Біздің мекен-жайымыз
050013, Алматы қаласы, Сәтбаев, 22 көшесі.
408 БОҒ, 620 БОҒ бөлмeлер,
Телефон: 8 (727) 257-71-71, ішкі 7373
E-mail: www.ntu.kz

 

Болашақ