Қаржы және есеп

  •  
  •  
  •  Кафедра құрылымы
     
    Профессорлық-оқытушылар құрамының өзгеруі 1 кестеде соңғы 5 жыл мерзімінде келтірілген.  .
     
    Кесте 1  Профессорлық-оқытушылар құрамы
    Оқу жылы
    барлық ПОҚ
    Олардың ішінде
    дәреже %
    Кафедра меңгерушісінің аты-жөні
    Доктор
    Кандидат
    Профессор
    Доцент
    2008-2009
    29
    2
    7
    2
    6
    32,2
    Мақыш С.Б.
    «Қаржы және маркетинг» кафедрасы
    2009-2010
     33
    5
    9
    3
    7
    42,4
    Тінасылов М.Д.
    «Қаржы» кафедрасы
    2010-2011
     20
     3
     7
     4
     4
     50
    Мақыш С.Б.
    «Қаржы» кафедрасы
    2012-2013
    22
    3
    5
    3
    4
    50
    Шаяхметова К.О.
    «Қаржы» кафедрасы
    2013-2014
    28
    4
    13
    2
    3
    60
    Барышева С.К.
    «Қаржы және есеп» кафедрасы
    2014-2015
    23
    2
    12
    2
    4
    60
    Барышева С.К.
    «Қаржы және есеп» кафедрасы
    2014-2015 оқу жылы ПОҚ жалпы саны 27 оқытушыны құрайды, Штаттағы оқытушылар – 23, оның ішінде: экономика ғылымдарының докторлары, профессорлар – 2 (а/с); экономика ғылымдарының кандидаттары – 12, оның ішінде 4 доцент, 5 магистр, 4 аға оқытушы бар. ПОҚ 60 % ғылыми дәрежесі мен атағы бар.
                                                                                        ·Кафедра меңгерушісі
    Кафедра меңгерушісі– экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Барышева Салима Кожахметовна. Ол Джамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібінің технологиялық институтының түлегі (1988-1993 ж.ж.). Ғылыми педагогикалық жолын Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтында 1993 ж. «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасында бастап, сол жерде сырттай аспирантураны бітірді. 1998-2001 жылдары М.Х.Дулати ат. ТарМУ-дың «Бух есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы.  2005 ж. Т.Рыскулов ат. ҚазЭУ-де 080012 «Бухгалтерлік есеп, аудит, статистика» мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады.
    2001-2011 ж.ж АТУ-ның «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасында аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды.
    2011 жылдан бастап Қ.И.Сатпаев ат.ҚазҰТУ-нің доцент қызметтінде, ал 2013 ж. 02 қыркүйегінен бастап жаңадан құрылған «Қаржы және есеп » кафедрасының меңгерушісі.
    ЖОО-да қызмет атқару барысында кәсібі білікті әр түрлі ғылыми ұйымдардар мен оқу орындарында дамытты (Институт присяжных бухгалтеров г. Эдинбург, Шотландия, 1998 г., ИПК КазЭУ 2000 ж., АЭС 2008 ж.,  ИПК АТУ  «Тамақ өнімдерін өндіру кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті автоматтандыру» 2010 ж.; 15 февраль 2010г.      Курс «Управление проектами по международным стандартам «Ansi Pmi PMBoK Guide4 Edition»» Казахстанский консалтинговый центр «Алуан» 22-26 февраля 2010 г.; Семинар «МСФО» МАБ 9-11 января 2012г.;      КазНПУ им.Абая программа «Применение интерактивной методики обучения в ВУЗе» с 23 февраля по 02 марта 2012 г.      Тренинг по платформе «WEB OF KNOWLEDGE» АО «НЦНТИ» 29 февраля 2012 г. және т.б.).
    Сонымен қатар келесі оқу құралдары мен ғылыми мақалалары жарық көрді:
    1. Словарь бухгалтера и аудитора (в соавторстве), г. Алматы, «Маркет», 2006 г. – 10 п.л.      
    2. Словарь менеджера (в соавторстве), г. Алматы, «Триумф Т», 2009 г. - 25,0 п.л.      
     3. Учебное пособие «Бухгалтерлік есеп және аудит» (в соавторстве), г. Алматы, «UIB», 2012 г. – 30 п.л.     
    4.Ғылыми мақалалар көлемі 10,4 т.б.
     
                              Кафедра тарихы
    Кафедраның 25 жылдан артық тарихы бар. 1972 жылы Өнеркәсіптік өндіріс және құрылыс ұйымдастырушылар факультетінің (ӨӨҚҰФ) жанында құрылды. 1976 жылы «Өндірісті басқарудың ғылыми негіздері» кафедрасы құрылды, кафедраны 1990 жылғы маусым айында көрнекі ғылым қайраткері, э.ғ.д., профессор Тілеулиев Т.А. басқарды. 1990-1992 жж. кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент Сатыбалдин С.С. болды.
    Өтпелі кезеңде факультетте кафедра атауы бірнеше рет өзгертілді: «Басқаруды ұйымдастыру» (1992-1996 жж.) және «Экономикалық кибернетика» (1996-2001 жж.), ал 2001 жылдың басында кафедра «Менеджмент және маркетинг» деп аталды.
    1996-2003 қыркүйек аралығында Қоғамдық маркетинг академиясының академигі, э.ғ.к., профессор С.С.Сатыбалды басқарды.
    2003-2006 жылдар аралығында кафедраны э.ғ.д., профессор Қазбеков Б.К. және э.ғ.к., доцент Байтанаева Б.А басқарды.
    2007-2008 оқу жылында кафедра атауы «Қаржы және маркетинг» болып өзгерді және э.ғ.к, доцент Мақыш С.Б. басқарды, ал 2009 жылы кафедраға «Қаржы» атауы берілді және ҚР ҰЖҒА академигі, э.ғ.д., профессор Тінасылов М.Д басқарды.
    2009-2011 оқу жылы кафедра меңгерушісі э.ғ.д., профессор Мақыш С.Б болды.
    2012-2013 оқу жылында кафедраны э.ғ.д., доцент Шаяхметова К.О басқарды.
    «Қаржы және есеп» кафедрасы 02.09.2013 жылы құрылды, меңгерушісі э.ғ.к., доцент Барышева С.К. Қазіргі таңда кафедра:
    5В050900 – «Қаржы» (бакалавриат)
    5В050800 – «Есеп және аудит»  (бакалавриат)
    6М050900– «Қаржы» (магистратура)   мамандықтарың дайындайды.
    2013-2014 оқу жылдары кафедра «Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша Мемлекеттік аттестацияны ойдағыдай өтіп шықты.
    2013-2014 оқу жылдары кафедраның э.ғ.к,  аға оқытушысы Сакибаева К.С. «2014ж Белсенді эдвайзері» конкурсына қатысып 1 орынды жеңіп шықты.
     «КазҰТУ 2014 -Көктемі» -де кафедраның аға  оқытушысы Иманкулова Б.Б. жетекшілігімен «Қаржы» және «Есеп және аудит»  мамандығының студенттері 10 номинациядан 2-3 орындарды жеңіп шықты. получили 2-3 места по 10 номинациям.
    Кафедрада студенттік клубтар ұйымдастырылған: -«Жас аудитор» және -«Жас қаржыгер».  Осы клубтар негізінде келесі іс шаралар атқарылды:   
    1.          2013 ж. наурыз айындағы Т.Рысқулов ат. ҚазЭУ-де өтетін 5 республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында «Есеп және аудит» мамандығының студенттері 3 орынды алды;  
    2.         2014 ж. наурыз айындағы Т.Рысқулов ат. ҚазЭУ-де өтетін 6 республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында «Қаржы» мамандығының студенттері 3 орынды алды;  
    3.         Кафедраның екі мамандыықтыры  республикалық және жоғарғы оқу орындарының әр түрлі конурстарына белсенді қатысады, атап айтқанда  «Биржевой стимулятор», «Битва банков» және т.б.
     
    2013-2014 оқу жылының  ВОУД  «Қаржы» мамандығының студенттеріт  Ахмеджанова С., Микова Т., Файзулина А. ҚР-сының  БҒМ  емтиханды ойдағыдай тапсырып жоғарғы балдары үшін сертификаттармен марапаттады.
    2012-2013 оқу жылы екі магистрант АВИРО университеті мен Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ арасындағы Қос дипломды білім беру туралы меморандумға сәйкес Португалияда білім алып жатыр.
     
                                   Оқу-әдістемелік жұмыстар
         Соңғы жылдары кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мамандарға қажеттілік пен нарық талабына сәйкес оқу сапасын көтеру бойынша жұмысты күшейтуде.
    2013 жылы келесі оқу әдістемелік нұсқаулар жарық көрді:
    -          М.Д.Тінәсілі, А.Р. Уркумбаева «Сақтандыру ісінің негіздері» Оқулық- Алматы: ҚазҰТУ. – 2013.514б.;
    -          Б.К. Смаилова. Тәжірибелік сабақтарды орындау әдістемелік нұсқауы  «Финансы» пәні бойынша (для студентов экономических специальностей).- Алматы: КазНТУ имени К.И. Сатпаева, 2013. –С.1-30;
    -          Б.К. Смаилова. «Корпоративные финансы» пәні бойынша  тәжірибелік сабақтарды орындау әдістемелік нұсқауы  (для студентов специальности 5В050900).-Алматы: КазНТУ имени К.И. Сатпаева, 2013. –С. 1-49;
    -          К.О. Шаяхметова, Н.Т. Бектемирова. Оқу тәжірибесі бойынша әдістемелік нұсқауы  (для  студентов специальности 5В050900-Финансы) на казахском языке;
    -          К.О. Шаяхметова, Б.А. Байтанаева, Н.Т. Бектемирова. Өндірістік тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқауы  (для  студентов специальности 5В050900-Финансы) на казахском языке.
    Смаилова Б.К. «Корпоративные финансы»  және Байтанаева Б.А. и Бектемирова Н. Т.  «Финансовый менеджмент»  оқу құралдары мемлекеттік тілде РОӘК шешімі бойынша шығаруға жіберілді.
    Э.ғ.д, проф. Тинасиловтің М.Д. «Финансовые основы страховой деятельности» и «Банковский менеджмент» мемлекеттік тілдегі электронды оөқу құралы  шығарылып оқытушылармен қолдануда.
    Э.ғ.д., профессор Тінасылов М.Д. «Қаржы» - 6М050900 мамандығы бойынша магистрлік диссертация жазу жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірледі, экономика мамандықтары бойынша студенттер мен магистранттарға арнап оқулықтар жазды.
    5В050900 – «Қаржы» мамандығын бітірген түлек кез-келген кәсіпорынның ақша ағынын басқару жөнінде терең білім алады, заманауи технологиялар мен экономикалық-математикалық моделдеу әдістерінің негізінде қаржы институттары мен түрлі коммерциялық ұйымдардың қызметін басқаруды экономикалық талдаудың кәсіби дағдысын меңгеріп шығады.
    Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: ҚР Ұлттық Банкі, зейнетақы жинақтау қорлары, Қазақстан биржа қоры, АҚ «Қазақстан ипотекалық компаниясы», ҚР коммерциялық банктері, сақтандыру компаниялары, Алматы қаласында орналасқан шетелдік банктердің түрлі өкілдіктері, филиалдары және бөлімшелері, Қазпошта АҚ, салық комитеті, инвестициялық қорлар, түрлі қаржы институттары мен компаниялар.
    Мемлекеттік үлгідегі диплом алғаннан кейін түлек 6М050900 – «Қаржы» мамандығы бойынша бір жылдық-кәсіби немесе екі жылдық-ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуды жалғастыра алады.     
     
                                             Ғылыми-зерттеу жұмысын дамыту
    Кафедра өз бастамасымен «Жаһандану жағдайында Қазақстанның қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігін көтерудің теориялық-әдістемелік аспектілері» тақырыбында ҒЗЖ жүргізеді (ғылыми жетекшілер: э.ғ.д., профессор Тінасылов М.Д.).
    Соңғы жылдары ҒЗЖ студенттер, магистранттар, аспиранттар және ізденушілер тартылады.
    Кафедра келесі ғылыми-зерттеулік бағдарламаларды орындайды:
    1. «Инновационное развитие финансового сектора Республики Казахстана в условиях глобализации» (ғылыми жетекші: э.ғ.д.,, профессор Тинасилов М.Д.);
    2. «Внешние заимствования, проблемы модернизации долговой политики Казахстана»
     (ғылыми жетекші: э.ғ.к., доцент Шайхутдинова А.К. )
    Кафедра оқытушылары ҚазҰТУ және Алматы қ. оқу орындарының ғылыми-тәжірибелік семинарларға, дөңгелек үстелдерге  қатысады. («Бухгалтерлер күні», «ҚР-дағы  ұлттық тенгенің 20 жылдығы мен Қаржыгерлер күні», «Ғылым мен білім қызметкерлер күні»)
    Экономика және бизнес институтының 2013-2014 жылдары өткізген іс шараларына кафедра оқытушылары белсенді қатысты:
    -          Экономика және бизнес институтының бизнес мектебінің бағдарламасы  «Социальная модернизация Казахстана: Двадцать шагов к Обществу Всеобщего Труда»;
    -   Халықаралық кризиске қарсы конференция, Астаналық экономикалық форум, G-Global  Коммуникативті алаңға белсене қатысу; ,
    2013-2014 оқу жылы кафедра студенттер  әр түрлі конкурстар мен тренингтерге белсенді қатысты:
    -    «Жас сарапшы 2013»  ұлттық конкурске қатысты
    -    ҚР-ның студенттердің пәндік олимпиадасы;
    -   «Болашак» Ассосациясының қолдауымен  «Жас инвестор» конкурсы мен  SAIF инвестициялық компанияның ттренингтері. 
    -          G-Global  Коммуникативті алаңының негізінде халықаралық дебаттар .
    -   Сәтбаев оқулары  негізінде студенттердің ғылыми конференциясы - подсекции 3   «Қазақстан экономикасының жаһандандыру жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен қаржы нарығының жетілдіруі», Секции 6 «Социально-гуманитарные эффекты ресурсосберегающей экономики»,  11 апреля  2014ж.
     
                                     Кафедраның атақты түлектері
    Кафедра әртүрлі жылдары бітірген өз түлектерін мақтаныш тұтады:
    Сыздыков Елкаир Кабылкаримович- 1975 ж. В.И.Ленин ат. Қазақ политехникалық институттын Инженерлік-экономикалық факультеті бітірген. 1990 ж. - Экономика ғылымдарының кандидаты. Келесі мемлекеттік  атақтар мен наградалары бар:
    2001 ж. Мерейтойлық  медаль «ҚР –сының 10 жылдық тәуелсіздігі».
    2008 ж. Медаль «Астанаға 10 жыл».
    2011 ж. Мерейтойлық  медаль «ҚР –сының 20 жылдық тәуелсіздігі», «Мемлекеттік бақылаудың атақты  қызметкері».
    06.09.2011ж. бастап осы уақытқа дейін Алматы қаласы бойынша Ревизиондық комиссияның КГУ төрағасы  
    Котенко Наталья Леонидовна 1975 ж. В.И.Ленин ат. Қазақ политехникалық институттын Инженерлік-экономикалық факультетін бітірген.
    Мемлекеттік белгілер:
    1.Мемлекеттік  медаль «Ерен еңбегі үшін» (ҚР президентінің бүйрығы 10.12.2001 ж. №9-К).
    2.Мемлекеттік  награда орден «Құрмет» (ҚР президентінің бүйрығы 04.12.2009 ж. №898). Тағы да әр түрлі еңбек нәтижелері үшін  7 медаль.
    2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін  атқаратын қызметі  – «Заңды тұлғалар қауымдастығы» «Қазақстанның қаржыгерлер ассоциациясының»  Кенесінің төрағасының советнигі  .
    Байтанаева Б.А.  1975 жылы В.И.Ленин ат. Қазақ политехникалық институттын Инженерлік-экономикалық факультетін бітірген. Ол бюджеттік жоспарлау мен экономика Министрлігінде тәжірибелік жұмысын бастаған. 1989 жылы  Алматы халық шаруашылық институтында кандидаттық диссертацияны ойдағыдай қорғады. 1998 жылдан бастап ҚазҰТУ –да аға оқытушы, доцент, «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының меңгерушісі, «Қаржы» кафедрасының профессоры, «Қаржы және есеп» кафедрасының профессоры қызметтерін атқаруда.
    Садыкова Бинара Габбасовна –1975 жылыВ.И.Ленин ат. Қазақ политехникалық институттын Инженерлік-экономикалық факультеті бітірген. Асперантура Қазақ политехникалық университетінде, 1989 ж.- экономика ғылымдарының кандидаты, ал 1991 ж.-  доцент. 2014 ж. – Туран-Астана университетінің доценті.
    -          Жұмаділов Д.К. (1993ж.), магистратурадан кейін АҚШ-та докторантура – PhD бітірді.
    -      Пестов Д.В. (1998ж.) және Айсауытов А.М. (2001ж.), «Болашақ» бағдарламасының жеңімпаздары ретінде АҚШ университеттерінде магистратура аяқтады. Тағы 15 түлек КИМЭП магистратурасын тәмәмдады.
    -       1993 жылы бітірген түлек Тілеужанов Е.К., экономика ғылымдарының кандидаты, АҚШ-та оқу бітірді.
    -      1993 жылы бітірген Батрашев Д. және Сексеналинов К. ҚР СІМ бас консул болып жұмыс істейді. 1996 жылы бітірген түлектер: Фазылов А.С. «КЕГОК» компаниясында бас маман, Кішібеков Д. «Алмакон» компаниясында директордың орынбасыры;
    -   1997 жылы бітірген түлек Кәрімова Г. «Баян-Сұлу» ААҚ бас маман, Шуватов Е. (КИМЭП магистрі) –ҚР Министрлер кабинетінде «Өнеркәсіптегі инновация» бөлімінің бастығы;
    -  1999 жылы бітірген түлек Абайылданов Б.К. «Ордабасы» компаниясының директоры, Баймаханов Ғ. «Қазақтелеком» АҚ жоба менеджері болып еңбек етеді.
    -  2001 жылы бітірген түлек, кафедраның аға оқытушысы Сакибаева К.С. 2007 жылы кандидаттық диссертацияны табысты қорғады.
     
    Кеңес одағы кезінде КСРО Жоғары және орта мамандандырылған білім беру министрлігі кафедраға А.Гумбольд атындағы Берлин университетімен 14.2. «Оқыту және біліктілікті көтеру процесінде өндірістік-шаруашылық жүйелердің ойын имитациялық моделдерін пайдалану әдістемесін әзірлеу» тақырыбы бойынша 5 жылдық (1981-1985жж.) Халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық бағдарламасын жүргізуді тапсырған. 1985 жылғы ақпан-наурыз айларында доцент Сатыбалдин С.С. Берлин қаласында ғылыми іссапармен болды. Ол Берлин университеті ұйымдастырған халықаралық ғылыми семинарға баяндамамен қатысты.
    Соңғы халықаралық конференция өткізу уақытында ТМД елдерінен ғылыми әріптестермен кездесу мен әңгімелесу жаңа ынтымақтастық шарттарына қол қоюға мұрындық болды.
    «Қаржы және есеп» кафедрасы Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің «Қаржы» кафедрасымен халықаралық ғылыми-оқыту ынтымақтастығын жүзеге асырады және Беларусь мемлекеттік экономикалық университетімен (Минск қаласы, Беларусь) және Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университеті жанындағы Басқару және бизнес институтымен (Бішкек қаласы, Қырғызстан) халықаралық ынтымақтастық туралы шарт жасасты.
    2009 жылғы қазан айынан бастап кафедра Қазақстан-Неміс университетімен ынтымақтастықта, Еуразиялық сақтандыру компаниясымен ғылыми-практикалық ынтымақтастықты жүзеге асырып жатыр. Кафедра мен РФЦА РРД арасында ұзақ мерзімді меморандумға қол қойылды, осы меморандумға сәйкес жыл сайын студенттер мен оқытушылар семинарлар мен курстарға қатысады, ПОҚ сертификаттар тапсырылады. Бұдан әрі кафедра түрлі қаржы институттарымен және шетелдік жоғары оқу орындарымен осындай ынтымақтастықты дамытатын болады.

 

Болашақ