Құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрылымдарының технологиясы

 

logo

«Құрылыстық материалдар, бұйымдар және құрылымдар технологиясы» кафедрасының тарихы

 

        «Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрамаларын өндіру» мамандығы бойынша оқушыларды дайындауды, Т.К. Басенов атындағы институттың  «Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрамаларын өндіру технологиясы» кафедрасы жүргізеді. (КОК, 105).

 Кафедра құрылыс материалдары, бұйымдары және құрамаларын өндіру саласы бойынша бакалавр және магистр дайындауда республикада ірі маман шығарушы болып табылады. Кафедраның құрылуы кезінен бастап үш жүзден аса мамандар дайындалып шығарылды, олар өндірістің барлық салалары бойынша жұмыс жасайды.

Бакалавриат және магистр дайындауда білім бағдарламасын іске асыру ғылым-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіледі, оқылатын профилдік пәндерге сай келетін базалық білімдері бар және де жүйелі түрде ғылымен және білім саласымен айналысатын.

« Құрылыстық материалдар, бұйымдар және құрылымдар технологиясы» кафедрасының құрамы

              2015 – 2016 оқу жылында кафедрада 14 мұғалім және 3 оқу-қосымша адам жұмыс жасайды. Шататтағы мұғалімдердің саны 13 адам, олардың 4 ғылым докторы, 1 Ph.D доктор, 6 ғылым кандидаты және 2 ғылым магистрі.

 Ғылым докторлары, профессор  Жүгінісов М.Т, профессор..Ақмалаев К..А. жас мұғалімдердің тәлімгері болып табылады және кафедраның ғылыми мектебіне бағыт беруші жетекшілері.

Кафедрада мұғалімдердің кәсіптілігін арттыруға үлкен көңіл аударылады. Кафедрада жас мұғалімдер үшін әдістемелік семинарлар тұрақты түрде жұмыс жасайды, жасалынған күн тізбек бойынша  профессор-оқытушылар құрамының бір-біріне сабаққа қатысуы жүргізіледі және кафедра мәжілісуінде нәтижелері талқыланады.

Өндірісте, ғылыми-зерттеу немесе жобалау ұжымдарында өндірістік тәжірибесі жоқ, мұғалімдер 2 айлық немесе академиялық кезең бойынша  іс-тәжірибеден өтіп тұрады.

Оқу процессін ағылшын тілінде жүргізуге талпынатын мұғалімдер сыйланады, ал келешекте үш тілді жүзеге асыруға бағытталған.

Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрамаларын өндіру мамандығы бойынша білім беруге құқұқ беретін заң шығарудың негізіне ҚР білім және ғылым Министерлігі берілген №KZ561AA00005304  11.07.2015 жылғы лицензия, мемлекеттік жалпыға міндеттейтін білім стандарты, типтік оқу жоспары, сонымен қатар бірнеше нормативтік және оқуды жоспарлайтын құжаттар  болып табылады.

Оқу процессі кредитті технология бойынша жүргізіледі. Оқу мерзімі күндізгі бөлімде бакалавриатқа – 4, магистрантқа – 2 жыл. Колледж бітіргендер үшін жеделдетілген оқу жоспары жасалған және екінші рет жоғарғы білім алатындар үшін қашықтықтан оқытатын оқу технологиясы пайдаланылады.

 

 

 

050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Корпус "Малый учебный корпус", 1 кабат, 105 кабинет 

Тел.: 8(727) 257 70 01, Факс: 8(727) 292 69 01

 

 

Болашақ