Қолданбалы механика және инженерлiк графика

logo

     Сызба геометрия және инженерлік графика» кафедрасы 1954 жылы құрылған, кафедраны басқарған меңгерушілер:      – 1954 - 1962 жылдары Бочкарев Г.А., Алматы ауыр машиналарды жасау зауsтынаң шақырылған, инженер-механик.
     – 1962 - 1973 жылдары Чукобаев А.А. Қырғыз политехникалық институтынан конкурс бойынша өткен, техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
     – 1973 - 1997 жылдары Есмұхан Ж.М. Мәскеу авиация институты аспирантурасының түлегі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.      – 1997 - 2002 жылдары Кұспеков Қ.Ә. ҚазҰТУ - нің аспирантурасының түлегі, тех¬ника ғылымдарының кандидаты, доцент.
     – 2002 - 2010 жылдары Нұрмаханов Б.Н., Тараз мемлекеттік университетінен конкурс бойынша өткен, техника ғылымдарының докторы, профессор.
     – 2010 жылдан Кұспеков Қ.Ә., конкурс бойынша өткен, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Ресей жаратылыстану академиясының профессоры, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің докторантурасының түлегі, «Инженерлік геометрия және компьютерлік графика» мамандығы бойынша.

     Кафедраның ғылыми және әдістемелік дамуы кафедраны Есмұхан Ж.М. басқарған жылдардан басталды, ол кафедраның өркендеуіне көп еңбек сіңірді. Республикада алғаш рет (1974-2010 жылдары) сызба геометрия мен компьютерлік графика кафедрасы үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау бойынша аспирантура мен докторантура ашылды. Есмұхан Ж.М. осы жылдар аралығында сызба геометрия, инженерлік және компьютерлік графика оқытушылары үшін Алматы қалалық ғылыми–әдістемелік семинарын ұйымдастырып, соны басқарды. Есмұхан Ж.М. Мәскеу авиациялық институтына мақсатты аспирантураға, Бауман атындағы МЖТУ-дың, сол сияқты Мәскеу авиациялық, автомобиль-жол институты, тау-кен, сонымен қатар Ленинград және Киев политехникалық, инженерлік құрылыс институтарының біліктілікті жетілдіру факультеттеріне жастарды бағыттай отырып, біліктіліктерін жетілдіруге жағдай жасады. МАИ аспирантурасында п.ғ.к., доцент Ибраев А.М., т.ғ.к. доцент Искакова С.Д., т.ғ.к., п.ғ.д. профессор Есмуханова Ж.Ж оқыды. Мәскеу автомобиль-жолдары институтында Рахметова Ш.Т., ал ҚазҰТУ-да Кұспеков Қ.Ә. оқып, 05.01.01 мамандығы бойынша диссертацияларын қорғады. Университет Есмұхан Ж.М бастамасымен қолданбалы геометрия және автоматтандырылған жобалау жүйесі саласындағы ірі ғалымдарды дәріс оқу және ғылыми әдістемелік көмек көрсету үшін шақырады. РФ ғылым және техникаға еңбек сіңірген қайраткер, т.ғ.д., профессор Фролов С.А. Бауман атындағы МГТУ-дан; РФ ғылым және техникаға еңбек сіңірген қайраткер, т.ғ.д., профессор Якунин В.И. МАИ-дан; ғылым және техникаға еңбек сіңірген қайраткер, т.ғ.д., профессор Михайленко В.Е. Украинадан; т.ғ.д., профессор Стародетко Е.А. Беларусь ғылым академиясының техникалық кибернетика институтынан; профессорлар Левицкий В.С., Тевлин А.Н., Иванов Г.С. МАИ-дан; Омскден т.ғ.д., профессор Волков В.Я. және басқалар бірнеше рет келді. Осының барлығы кафедраның ғылыми жұмысының жандануына және профессор-оқытушылық құрамының сапасын артуына себеп болды. Есмұхан Ж.М. сызба геометрия, инженерлік және компьютерлік графика бойынша тақырыптық жоғары оқу аралық ғылыми еңбек жинақтар басылымын ұйымдастырды. Жауапты редактор профессор Есмухан Ж.М. басшылығымен барлығы 11 ғылыми мақалалар жиынтығы жарық көрді.
     Нұрмаханов Б.Н. украина қолданбалы геометрия мектебінің түлегі, ол 1992 жылы докторлық дисертациясын қорғады. Кафедраға Б.Н. Нурмахановтын келуімен кандидаттық дисертацияны қорғау бойынша арнайы кеңес ашылды, ал 2008-2010 жылдар аралығында қосарланған екі мамандық 05.01.01- «Инженерлік геометрия және компьютерлік графика» және 18.00.01 – «Сәулет теориясы мен тарихы, тарихи-сәулеттік мұраларды қалпына келтіру және қайта құру» бойынша докторлық кеңес жұмыс істеді. Төрағасы сәулет докторы, профессор Кұспангалиев Б.У., ал Нұрмаханов Б.Н орынбасары болған. Осы кеңесте доценттік міндетті атқарушы Карымсаков У.Т. кандидаттық дисертациясын қорғады.
     2007-2008 жылдар аралығында кафедрада доцент Байдабеков Ә.К. жұмыс жасады, ол 2006 ж. докторлық диссертациясын 05.01.01 мамандығы бойынша Жолдасбеков У.А атындағы механика және машина институтында қорғады.
     Кафедрада бірнеше оқулық авторы, т.ғ.к. доцент, академиялық профессор Конысбай С., 05.01.01. мамандығы бойынша т.ғ.к., доцент Тұрғымбаев Қ.А.жұмыс жасады, доцент Войцеховский К.Г - кафедраның сызба залдарында студенттердің қолданылуы үшін қосымша әдістемелік құрал ретінде стендтер жасады.
     Кафедра меңгерушісі Кұспеков Қ.Ә. 1989-1990 жылдар аралығында ғылыми тағылымдамадан өтті, 1990-1993 аралығында ҚазҰТУ - нің мақсатты аспирантурасын профессор Ж.М. Есмұханның жетекшілігімен бітіріп, 1996 жылы 05.01.01- «Қолданбалы геометрия және инженерлік графика» және 05.05.05 - «Көтеріп-тасымалдау машиналары» мамандықтарының түйісінде ҚазҰТУ-да кандидаттық диссертациясын қорғады, 05.05.05 мамандығы бойынша т.ғ.д. профессор Жиенқұлов С.А. ғылыми кеңесші болды.
2002-2005 жылдар аралығында Кұспеков Қ.Ә. ҚазҰТУ-да 05.01.01- «Инженерлік геометрия және компьютерлік графика» мамандығы бойынша докторантураны бітірді.
     Бакалавриат, магистратура және докторантура арқылы мамандарды үш сатылы дайындау жағдайында, сондай-ақ инженерлік геометрия және компьютерлік графика ғылыми мамандықтарының және басымдық идеяларды келтіру, инновациялық ғылыми-әдістемелік әдістерді дамыуы үшін Кұспеков Қ.Ә. екі халықаралық шара ұйымдастырды:
     1) 2011 жылы университетте Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Инженерлік геометрия және компьютерлік графиканың ақпараттық және компьютерлік графика жағдайындағы қазіргі жағдайы, дамуы» атты халықаралық ғылыми – әдістемелік конференция .
     2) Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың 80 жылдығына және «Сызба геометрия және инженерлік графика» кафедрасының 60 жылдығына арналған (2014ж.) «Инженерлік геометрия және компьютерлік графика. Теория және практика» атты халықаралық семинар өткізілді. Конференция мен семинар жұмысына қолданбалы геометрия, инженерлік және компьютерлік графика саласындағы Қазақстаннан, Ресейден, Украинадан, Өзбекстаннан, Әзірбайжаннан және Қырғызстаннан белгілі ғалымдар қатысты, ғылыми жұмыс жинақтары жарық көрді.
     2012 және 2014 жылдар аралығында ҚРБҒМ бағдарламасы бойынша шақырылған шетел профессоры Волков В.Я. (Ресей) студенттер, магистранттар және PhD докторанттар үшін дәрістері, машықтандыру сабақтары мен ғылыми семинар ұйымдастырылды, сонымен қатар кафедраның профессор-оқытушылық құрамы «Сызба геометрия» (2012 ж.) және ғылыми мамандық бойынша «Инженерлік геометрия және компьютерлік графика» (2014 ж.), біліктіктерін жетілдіре отырып, сертификаттарға ие болды.
     Студенттердің оқу-зерттеу жұмыстарын ынталандыру және дарынды жастарды анықтау үшін Кұспеков Қ.Ә. жетекшілігімен Республикалық олимпиада және «Сызба геометрия, инженерлік және компьютерлік графика» (2014ж., 2015 ж.) пәндері бойынша студенттердің ең үздік ғылыми – зерттеу жұмыстарына. Республикалық байқау өткізілді.
     Кафедрада «Инженерлік геометрия және компьютерлік графика» атты студенттік ғылыми клуб құрылды(2014ж.).
Қазіргі таңда кафедрада 17 оқытушы жұмыс жасайды, оның ішінде 10 оқытушының ғылыми дәрежесі бар: кафедра меңгерушісі Кұспеков Қ.А.; кафедра майталмандары - т.ғ.д, профессор Есмұхан Ж.М., ғылым кандидаттары, доценттер Кажгалиева С.К. және Ысқакова С.Д., доцент міндетін атқарушылар – т.ғ.к. Карымсаков У.Т., п.ғ.к. Абилдабекова Д.Д., п.ғ.к Құдабаева К.И., аға оқытушылар т.ғ.к. – Макажанова Н.М., Ауезов Е.А., Забиева А.Б., аға оқытушылар – Иисова А.М., Ахметова Н.С., Шингисова Р.К., Масимбаев Е.Е., Құрманалиева Ш.М., оқытушылар – Маубекова А.Ш., Оспанова З.К. Зертхана меңгерушісі Тұмабаева М.Б., инженерлер Жаханова Э., Бөртебавеа А.

Байланыс
тел. 257-70-86

 

Болашақ