Қолданбалы механика және машина құрылымдарының негіздері

logo

    1934 жылы, бірінші техникалық жоғарғы оқу орны Қазақ тау-кен институты ашылған кезде «Техникалық механика және жылутехникасы» кафедрасын, кейіннен «Теориялық және қолданбалы механика» кафедрасы болып өзгерген кафедраны техника ғылымдарының кандидаты, доцент В.В.Фаворский басқарды. Кафедраның құрылуына және дамуына ол кісі үлкен үлес қосты.
    1952-1971 жылдары бұл кафедраны техн.ғыл.канд., доцент А.В. Брежнев басқарды. Кафедраның беделін көтеретін көп жұмыс атқарылды. Кафедра коллективі Москва жоғарғы оқу орындарын және С.М. Киров атындағы КазМУ бітірген мамандармен толықтырылды. Брежнев А.В. КСРО-дағы алдыңғы қатарлы оқу және ғылыми-зерттеу институттарымен жеке байланыс жасай отырып, осы оқу орындарындағы аспирантуралар арқылы кадрлар даярлауға мүмкіндік орнатты.

    «Қолданбалы механика және машиналарды құрылымдау негіздері» кафедрасы өзінің кафедра болып құрылған уақытынан бастап бірнеше рет қайта құрылып әлденеше кафедраларға бөлінген – «Теориялық механика», «Материалдар кедергісі және механизмдер мен машиналар теориясы» және «Құрылымдау негіздері жене машина бөлшектері».
    Теориялық механика кафедрасын – доц., техн.ғыл.канд. Бобов А.Н., доц., техн.ғыл.канд. Акимов К.Т., доц., техн. ғыл. докт. Тлеукабылов А.Е., проф., техн. ғыл. докт. Ракишев Б.Р., ф.-м.ғ.д., проф. Тюреходжаев А.Н. басқарды. А.Н.Тюреходжаев кафедраны 1988-2002 жылдары 14 жыл бойы басқарды. Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы, Нью-Йорк Ғылыми Академиясының академигі, Халықаралық (Лондон) және Ресей ұлттық геомеханика және іргелі инженериясы қоғамдарының мүшесі, физика беріктігі материалдар икемділігі Мемлекетаралық ТМД ғылыми координациялық кеңесінің мүшесі, Қырғыз техникалық университетінің ардақты профессоры, Қазақстан Республикасының Теориялық және Қолданбалы механикасы Ұлттық комитетінің мүшесі Тең төрағасы, Қазақ Ұлттық инженерлік академияның акадеамигі. Бұл кафедраның дамуына сіңірген еңбегі орасан.
    Әртүрлі уақыт аралығында кафедрада ҚР ҒА академигі, техн. ғыл. докт. Джолдасбеков У.А., техн. ғыл. докт., проф. Уалиев Г.У., техн. ғыл. докт., проф. Рахимов, ф.-м.ғ.д., проф. Тлеукенов С.К. техн. ғыл. докт., проф. Иванов К.С., доценттер, техн.ғыл.канд. Лысенко В.М., Динасылов А.Д. және тағыда басқалары жұмыс жасаған.
    «Материалдар кедергісі және механизмдер мен машиналар теориясы» кафедрасын техн. ғыл. докт., проф. Қазыханов Х.Р., 1977-1992 жылдары 15 жыл бойы басқарды. «Материалдар кедергісі және механизмдер мен машиналар теориясы» кафедрасының дамуына Ленинград қаласының инженерлік-құрылыс институтының түлегі Казыханов Х.Р. аса көп еңбек сіңірді. Профессор Х.Р. Қазыханов КСРО машинажасау Эксперттік кеңесінің мүшесі (1986-1990 жылдар, Москва), IFTоММ мүшесі (1990-1992 жылдар), Қазақстан Республикасы Жоғары Аттестациялық Комитеті «Механика және машина жасау» секциясының төрағасы (1991-1993 жылдар) болып жемісті еңбек етті. Ғылымға сіңірген сүбелі үлесі үшін профессор Х.Р. Қазыханов Халықаралық техникалық кибернетика академиясының академигі (1992 жыл, Санкт-Петербург), Халықаралық Россия инженерлік академиясының мүше-корреспонденті (1992 жыл, Москва), Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік Академиясының мүше- корреспонденті (1991 жыл, Алматы), Америка Құрама Штаттары инженер-механиктері Ассоциациясының мүшесі (2000 жыл, Нью-Йорк) болып сайланды.
    Ғылыми жұмыстар мен қатар профессор Х.Р. Қазыханов ғылыми кадрларды даярлауға да көп көңіл бөледі. Оның жетекшілігімен 12 кандидаттық, 2 докторлық (РhD, Турция) 15 магистрлік (Турция) диссертациялар қорғалды. Сондай-ақ ол 2 докторлық диссертацияның ғылыми консультанты болды.     Ал, доц., техн.ғыл.канд. Қосболов С.Б. 1992-2002 жылдары 10 жыл бойы «Материалдар кедергісі және механизмдер мен машиналар теориясы» кафедрасын басқарды. 2001 жылдың мамыр айынан бастап кафедрада «Машиналар динамикасы мен беріктігі» – 250240 мамандығын ашып, студенттерді осы мамандық бойынша дайындау жүргізіле бастады.
2002 жылдың маусым айында «Теориялық механика» мен «Материалдар кедергісі және механизмдер мен машиналар теориясы» кафедралары біріктіріліп «Теориялық және қолданбалы механика» кафедрасы деп аталды.
    2002-2010 жыл аралағында кафедра меңгерушісі болып М.В. Ломоносов атындағы ММУ (МГУ) түлегі – техн. ғыл. докт. С.М. Ибраев тағайындалып, жұмыс атқарды.
«Машина бөлшектері және құрылымдау негіздері» кафедрасы 1971 жылы құрылды. 1982-1987 ж.ж. аралығында техн. ғыл. докт. профессор Ақанов Х.Г., 1987 жылдан 2006 жылға дейн профессор Тәжібаев С.Д. басқарған болатын. Қафедраның бұрынғы басшылары ұлағатты ұстаздар-профессорлар Тәжібаев С.Д., техн. ғыл. докт., профессор Ақанов Х.Г., техн. ғыл. докт. Исаков Қ.Ә. кафедрада жұмыстарын жалғастыруда.
    2009-2010 жылдары кафедра меңгерушісі болып техн. ғыл. докт. Қосболов С.Б. сайланды. Ал, 2010 жылдан бастап «Теориялық және қолданбалы механика» мен «Машина бөлшектері және құрылымдау негіздері» кафедралары бірігіп, «Қолданбалы механика және машиналарды құрылымдау негіздері» кафедрасы аталып өзгерді. Осы кезден бастап, бұл кафедраның меңгерушісі болып техн. ғыл. докт. Қосболов С.Б. басқарып келеді.

    Қосболов Серікбай Бәйтікұлы Ұлттық техникалық Университетте 1989 жылдан бері жұмыс істейді. Машина жасау факультеті деканының бірінші орынбасары болды. «Материалдар кедергісі және ММТ» кафедрасында 10 жыл кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 2001 жылы жоғарыда аталған кафедрада 250240 – «Машиналардың динамикасы мен беріктігі» жаңа мамандықты ашты. Ғылымды «Бастапқы кинематикалық тізбектер негізінде жазық және кеңестікті рычакты механизмдерді синтездеу» тақырыбы бойынша жүргізіп келеді. 80-нен астам ғылыми және әдістемелік еңбектері жарық көрді. Ол ірі халықаралық конгресс, форум, конференциялар жұмыстарына қатысты: 2003 ж., Дондағы Ростов қаласында, халықаралық конгресс, 2003 ж., Улан-Удэ қаласы, II-халықаралық конференция «Қазіргі кездегі машиналар механикасының проблемалары», 2005 ж., Бухарест, Румыния, халықаралық конференция IFTOOM т.с.с., 2008 жылы докторлық диссертация қорғады. Профессор Қосболовтың С. Б. басшылығымен оның шәкірті Бекенов Е.Т. 05.02.18- «Механизмдер мен машиналар теориясы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация және 2013 жылы 6D071200- Машина жасау мамандығы бойынша 2 шәкірті PhD-докторлық диссертация қорғады.
    Сондай-ақ қазіргі кезде докторлық, кандитаттық диссертациялар мен магистранттар даярлауға атсалысуда. Професор Қосболов С.Б. студенттерге жүргізілген сауалнама нәтижесінде 2007 жылы «Жылдың ең үздік оқытушысы» болды, ал 2009 жылы «Жылдың ең үздік оқытушысы» ҚР-ның Білім және Ғылым министрлігінің ЖОО бойынша атағы берілді. 2014 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың 80 жылдық мерейтойының аталып өту қарсаңына байланысты ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінен "Ы.Алтынсарин" төсбелгісімен және Ресей жарастылыстану академиясының "Білім және ғылымға еңбегі сіңген қайраткер" құрметті атағымен төсбелгісі, сертификатымен марапатталды.

 

    Байланыстар:
        Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
        Ә.Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты
        050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22 үй
        (Байтұрсынов көшесінің қиылысында), Қаныш Сәтбаев атындығы ҚазҰТЗУ, БОҒ, 905 – кабинеті.
        Телефон: 257-71-69, 292-90-68.

 

Болашақ