Стандарттау, сертификаттау және машина жасау технологиясы

logo

     Стандарттау, сертификаттау және машина жасау технологиясы” кафедрасының 1959 жылы ашылуы Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері М.К. Құрманғалиевтің есімімен тығыз байланысты.  Ол 1941жылы Қазақ тау-кен институтын бітірісімен Совет Армиясы қатарына шақырылған еді. Соғыс кезінде Қызыл Армияның механизациялау және мотоатқыштар әскери академиясын тәмәмдады.
     Ол I- Балтық жағалауы және II- Қыйыр Шығыс соғыстарына қатысып, 1947 жылы елге оралды.
     Құрманғалиев М.К. кафедраның ашылуы мен дамуына зор еңбек сіңірді. Оның басқаруымен 1961 жылы ҚазТКИ-да Қазақстанда тұнғыш рет 0501- мәшине жасау технологиясы, металл кесу станоктары мен аспаптары мамандығы бойынша оқуға студенттер қабылданды. 1952 жылдан институт партия комитетінің хатшысы болып 10 жыл бойы жемісті еңбек етті. Алматы ауыр машина жасау зауыты кафедраға қажетті станоктар, аспаптар, өлшеу құралдарын және т.б. жөнінде өз көмегін аяған жоқ.
     Кафедраны әр кездері доцент, т.ғ.к. М.К.Құрманғалиев, т.ғ.д., проф. М.Р.Түсіпбеков, т.ғ.д., проф. А.Н.Нұржанов, т.ғ.д., проф. С.Н.Игнатов, т.ғ.д., проф. Т.М.Меңдібаев басқарып келді.
     1967 жылы кешкі және сырттай оқитын инженер-механик мамандарының алғашқы легі оқуын тәмәмдады. Онда 112 адам диплом алған еді. Содан бері күндізгі, кешкі және сырттай оқыту түрлерімен кафедра 7000-нан астам инженерл даярлады. МЖТ кафедрасының құрамынан жеке кафедра болып 1981 жылы “Станок жасау және автоматтандыру” кафедрасы, ал 1990 жылы – “Конструкциялық материалдар технологиясы және құю өндірісі” кафедрасы бөлініп шықты.
     1994 - 2012 жылдар аралығында кафедраны Халықаралық ғылым және жоғары мектеп Академиясының мүше корреспонденті, техника ғылымдарының докторы, профессор Меңдібаев Т.М. басқарды.      2012 жылдан бастап кафедраны т.ғ.к., доцент Альпеисов А.Т. басқарады.
     Кафедрада 2 ғылым докторы, профессорлар Меңдібаев Т.М., Поветкин В.В. жұмыс істейді. Кафедра ұстаздарының 67% -дан астамының ғылыми атақтары мен дәрежелері бар. Кафедрада еңбек ардагері т.ғ.к., доцент Тұндыбаев Қ.С., т.ғ.к., доценті Дайыров А.А., т.ғ.к., доцент Керімжанова М.Ф., т.ғ.к., доцент Асқаров, т.ғ.к., доцент Бектібай, т.ғ.к., доцент Габдуллина, т.ғ.к., доцент Адамбаева Р.С., п.ғ.к., доцент Татыбаев М.К., т.ғ.к., доцент Қонаева З.А., т.ғ.к., доцент Құрманғалиева Л.А., аға оқытушылар Түсіпбекова Г.М., Мылтықбаева З.А., Бимен Д.М., Ермекбаева А.Ө., Жаханова И.Ж., Нұрымов Е.К. оқытушылар Амир С.Б., Әбілқайыр Ж.Н. қызмет атқарады.
     Кафедра оқыту және ғылыми жұмыстарымен Қазақстанның көптеген Жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста. Атап айтсақ олар: Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (Өскемен), “Семей” университеті, Ш.Есенов атындағы Ақтау университеті, ҚарМТУ (Қарағанда), ТМД шет елдерден – Қырғыз техникалық университеті, Н.Э.Бауман атындағы ММТУ және Стамбул техникалық университеті.
     Кафедрада т.ғ.к., доцент Әубәкіров Ғ.О., аға оқытушылар Дәулетбақов А.И., Баймулдинов Т.А., Бекқалиева К.К., Шураев К.М. және т.б. ұзақ жылдар еңбек етті.
     2012 жылдан бастап кафедрада ғылыми-зерттеу гранты бойынша берілген ғылыми жоба жасалынуда.
     Кафедрада магистратура және PhD докторантура  жұмыс істейді.

      Альпеисов Азамат Тұрысбекұлы - Ә.Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институтының «Стандарттау, сертификаттау және машина жасау технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымының кандидаты, доцент.
     Альпеисов А.Т. 1995 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы КазҰТЗУ-дың «Көтеру-тасымалдау машиналар, жол-құрылыс машиналар және жабдықтар» мамандығын үздік бітірген. 2000 жылы КазҰТЗУ-дың «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша магистратураны бітірді.
     2009 жылдың қыркүйек айында 05.03.01 – «Физика-техникалық және механикалық өндеудің технологиясы және жабдықтары» мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады.
     Альпеисов А.Т. 2010 жылдың сәуір айында ҚазҰТЗУ-да доцент лауазымға аттестациядан өтті. Доцент Альпеисов А.Т. Алматы гуманитарлы- техникалық университетінде әртурлі басқару қызметтерінде жұмыс атқарған: күндізгі бөлімінің меңгерушісі, күндізгі бөлімінің деканы, оқу бөлімінің бастығы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
     2006 жылдың қыркүйек айынан бастап Қ.И.Сәтбаев атындағы КазҰТЗУ-дың «Стандарттау, сертификаттау және машина жасау технологиясы» кафедрасында жұмыс атқарады, оқу-әдістемелік жұмыстарың жақсы деңгейде өткізеді, үлкен оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстары өткізеді. Ғылыми- практикалық конференцияларда 25-тен астам ғылыми басылымдары бар, ғылыми журналдарда басылымдары және кафедраның пәндері бойынша бірнеше әдістемелік нұсқаулары бар.
     2012 жылдың қыркүйек айынан бастап профессорлы-оқытушы құрамы бойынша конкурстық комиссияның отырысының шешімі бойынша Альпеисов А.Т. Ә.Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институтының «Стандарттау, сертификаттау және машина жасау технологиясы» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.
     Доцент Альпеисов А.Т. кафедраның ғылыми-техникалық жобаларға белсенді қатысады, №751. МОН.ГФ.12.15 «Ортадан тепкіш топырақты сораптың жаңа конструкциясын әзірлеу» ғылыми жобаның орындаушысы.

      Тоқтасын Меңдібайұлы Меңдібаев - “Машина жасау технологиясы” кафедрасының меңгерушісі, Халықаралық ғылым және жоғары мектеп Академиясының мүше корреспонденті, профессор, техника ғылымдарының докторы.
     1958 жылы Алматы қаласындағы № 12 қазақ орта мектебін бітіріп  Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесіне оқуға түсті, оны 1964 жылы тәмамдады. Оқуды бітірген соң зауытта инженер-технолог қызметін атқарды.
     1966 жылдан Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да ұстаз.
     1971 жылы МЖТУ-да кандидаттық, ал 1995 жылы Қырғыз техникалық университетінде докторлық диссертация қорғады. Он бес жылдан астам кешкі-сырттай оқыту бойынша машина жасау факультетінің деканы болды.
     Профессор Меңдібаев Т.М. 5В071200 -“Машина жасау технологиясы” және 5В073200 -“Стандарттау және сертификаттау” (өндіріс салалары бойынша) мамандықтарының Мемлекеттік міндетті стандарты авторларының бірі, 250140-мамандығының тест сұрақтары жинағының авторы. “Рауан” баспасы шығарған орысша-қазақша, қазақша-орысша териминологиялық сөздік (7 том, Машина жасау) авторларының бірі.
     Профессор Меңдібаев Т.М. оқу үрдісінің мемлекеттік тілде жүргізілуіне баса назар аударуда. 1986 жылдан бері ол мемлекеттік тілде бір электронды оқулық (бірлескен авторлықта, орыс тілінде) 6 оқу құралын, 2 оқулық және 1 монография шығарды.
     Қазақстанда тұңғыш рет “Машина жасау технологиясы” пәнінің оқулығы мен оқу құралдарын мемлекеттік тілде шығарған.
     Ғылыми-педагогикалық және тәрбие жұмыстарындағы жетістіктері үшін профессор Т.М.Мендібаев “ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен”, “Еңбек ардагері” медалімен және Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың грамоталарымен марапатталған.
     2003 жылы Қазақстан жоғары оқу орны Ассоциациясы конкурстық негіздегі шешімімен мемлекеттік тілде шығарған оқулықтары үшін Ахмет Байтұрсынов атындағы медаль берілді.
     Профессор Меңдібаев Т.М. «Үздік оқытушы - 2010» мемлекеттік грантының иегері.

      Поветкин Виталий Васильевич - Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Стандарттау, сертификаттау және мәшине жасау технологиясы» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттану академиясының (ХАҚА )академигі.
     Поветкин В.В. ғылыми жұмыстармен белсенді түрде айналысады, 135 ғылыми жұмыстардың және 40 өнертабыстың авторы, «тау жыныстарын және материалдарын бұзу проблемалары» саласында зерттеулер жүргізеді. Онымен бес техника ғылымдарының кандидаты дайындалып, олар өздерінің диссертациялық жұмыстарын жақсы қорғап шықты.
     Оның жетекшілігмен жаңа термоаспаптардың конструкциясы өңделіп, Қазақстан және КСРО тас өңдеу өндірісінде экономикалық тиімділігімен енгізілген. Ол жұмыстар ҚазССР көрмесінде және КСРО көрмесінде ұсынылып отыр және бірнеше марапат қағазымен марапатталып, соның ішінде Қазақстан ЦК ЛКСМ марапатымен марапатталды.
     2004 жылы Қазақстанның ВАК шешімімен «Мәшинежасау және мәшинетану» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы тағайындалды, сол жылы Халықаралық ақпараттану академиясының мүшесі ретінде тағайындалды.

Болашақ