Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу және барлау

     

 Қазақ тау-кен металлургиялық институттың (ҚазТКМИ) 1934ж. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына (ҚазПТИ), сосын 1999 ж Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетке (ҚазҰТЗУ), ал бүгінгі күні, яғни 2015 ж бастап Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу университетке айналуы барысында бірнеше геологиялық кафедралардың бірігуінен «Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау» атаулы кафедрасы құрылған.


           Обастан ҚазТКМИҚазПТИге айналу кезінде институттың құрамында мынадай кафедралар болған еді: «Жалпы геология», «Тарихи геология және ҚСРО геологиясы», «Пайдалы қазбалар және барлау ісі». Сосын, халық шаруашылығы қажеттілігіне сәйкес мамандықтар номенклатурасы кеңеюне байланысты және жоғарғы техникалық білім беру жүйесінің жетілдіруіне қатысты XX ғасырдың 60 жылдардың ортасынан бастап ҚазПТИде жаңадан «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау әдістері», «Пайдалы қазба кенорындарының геологиясы және барлауы», «Геологиялық түсірі және пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау», «Тарихи және аймақтық геология» сынды кафедралар құрылды.  Қазақстан тәуелсіз елге айналуы және ҚазПТИҚазҰТУға өзгеруіне байланысты  жоғарыда аталған кафедралар екі үлкен тоб кафедраларға бірікті –жалпы білім беру «Жалпы геология, минералогия және петрография» кафедрасыменшығарушы «Пайдалы қазба кенорындарының геологиясы және барлауы». 2011 ж Жоғарғы мектеп ісінің кезекті «оптимизациясы» аталған екі кафедраның бірігуіне әкеп соқты, сөйтіп «Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау» кафедрасы пайда болды. Кафедра қатты пайдалы қазбаның геологиясымен металлогениясы жөнінде мамандарды дайындайды.

Осыған орай бүгінгі «Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»кафедрасы (ГТПҚКІжБ) әржылдары геологиялық ғылымның атақты ғалымдары басқарған бірнеше кафедралардың мұрагері болып табылады. Атап айтсақ олардың қатарында Ұлы соғыстан бұрын  бастап бұл өмірден өткенше (1957) факультет деканы және «Пайдалы қазба кенорындарының геологиясы және барлауы» кафедрасын меңгерген Қазақстан жерқойнауын ежелгі барлаушысы, барлау ісінің және қорды есептеудің маманы В.П.Гуцевич, сосын кафедраны белгілі геолог-ғалым ҚазССР ҒА академигі И.И.Бок (1956-1968жж), геология минералогия ғылымдардың докторлары профессор С.Г.Анкинович (1964- 1988жж), М.М.Бакенов (1989-1995жж) басқарған.

«Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу және барлау әдістері» кафедрасын мынадай белгілі ғалымдар басқарған: Г.Л.Кушев (1959-1977 жж) және ҚазССР  ҒА академигі Ш.Е.Есенов (1978-1994жж). 1995 ж бұл кафедра «Пайдалы қазба кенорындарының геологиясы және барлауы» кафедрасы құрамына кірген. Осы кафедраларда әржылдары доценттер В.И.Алексеев, Г.П.Бурдуков, В.С.Горяева, В.А.Жеребцов, В.А.Жогов, Н.Т. Кулкашев, Б.К. Кораблев, Г.И. Шегай, Т.Я.Рябченюк ж.б. мамандар жұмыс атқарған.

«Тарихи және аймақтық геология» кафедрасын құрылған күнннен бастап 1961 жылдардан бері КазССР ҒА мүше корреспонденті Е.Д.Шлыгин басқарып келді (1937-1978 жж), одан кейін әр жылдары кафедраны геология-минералогия ғылымдарының докторлары, профессорлар Д.С. Қонаев (1980-1984 жж). Кафедрада әр жылдары жоғары білікті мамандар жұмыстар атқарып келді, соның ішінде ғылым кандидаттары, педагогтар М.А. Жуков, И.И. Радченко, К.А. Лисагор, В.Д. Малиновская, Г.А. Ярмак басқарды.

Жоғарыда айтылып кеткендей бұрыңғы «Геология және пайдалы қазбалар кенорнын барлау» кафедрасы 2000 жылы «Геологиялық картаға түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау» кафедрасы деп аталды, демек мұнда қосымша «Жалпы геология, минералогия және петрография» кафедрасы қатар жұмыс атқарды. Осылайша 2011 жылдан бастап өзіндік біртұтас құрылым ретінде жұмысын жалғастырып келеді. Осылайша соңғы қайта құрылымдану 2011 жылы болды, сол кезде жалпы білім беретін кафедра «Жалпы геология, минералогия және петрография» түлек шығарушы «Геологиялық түсіру, падалы қазба кенорындарын іздеу және барлау» кафедрасымен біріктірілді.

«Жалпы геология, минералогия және петрография» кафедрасы университеттегі жетекші кафедралардың бірі болды. «Кристаллография, минералогия және петрография» кафедрасы ретінде 1934 жылы құрылған, аталмыш кафедраның негізін геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, доктор, И.П. Новахатский қалаған болатын. 1936 жылы кафедраларды қайта құрып, жасақтау мақсатында кафедра негізінде екі жеке кафедра пайда болып, «Петрография» кафедрасының меңгерушісі геологиялы-минералогия ғылымдарының кандидаты В.С. Дмитровский, ал «Минералогия» кафедрасының меңгерушісі болып геология-минералогия ғылымдарының докторы В.И. Попов тағайындалды. 1941 жылы бұл кафедралар қайтадан бір кафедраға «Кристаллография, минералогия және петрография» кафедрасына біріктірілді. Кафедра меңгерушісі болып В.К. Монич тағайындалды, ал 1947 жылдан 1960 жылға дейін геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Н.Г. Сергиев басқарды. 1960-1964 жж кафедраны қайтадан геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор В.К. Монич басқарды. 1965-1985 ж кафедраны геология –минералогия ғылымдарының докторы, профессор Е.А. Анкинович басқарды, бұл кісі ірі ғалым, минералог, Қазақстан аумағында 14 минерал ашқан ұлы ғалым еді.

1978 жылы кафедрадан кристаллография, минералогия, петрография атты жекеленген кафедралар бөлініп шығып, «Кристаллография және минералогия» және «Петрография» кафедралары құрылды. Осы кезде «Кристаллография және минералогия» кафедрасын профессор Е.А. Анкинович меңгеріп, «Петрография» кафедрасын геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, профессор Т.М. Альжанов басқарды. 1995-2003 жылдары кафедраны қайтадан «Жалпы геология, минералогия және петрография» деп атап, геология-минералогия ғылымдарының докторы, доцент Т.М. Альжанов жетекшілік етті. 1995-2003 жж кайтадан атауын өзгерткен «Жалпы геология, минералогия және петрография» кафедрасын геология-минералогия ғылымының докторы, профессор О.Б. Бейсеев, ал 2004-2006 жж геология-минералогия ғылымының кандидаты, доцент Л.Ж. Исаева басқарды ( ол қазір ғылым докторы). Ал 2006 жылдан бастап «Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау» кафедрасына қосылғанға дейін кафедраны геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, университет түлегі А.Б.Байбатша басқарды.

Атауын өзгерткен «Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау» кафедрасын А.В. Авдеев (1987-1988 жж), А.Р. Ниязов (1988-1992 жж), геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, доцент И.Б Байшығасов (1992-1998 жж) басқарған. 1998 жылдан 2000 жылға дейін геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор М.М. Бәкенов басқарды.

2000 жылдан 2005 жылға дейін кафедраны геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Н.С. Сейтов жетекшілік етті. Ал 2005 жылдың қаңтар айынан бастап, осы кафедра түлегі, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты профессор А.А.Жүнісов басқарып келеді.

Қазіргі уақытта кафедра, бұрынғыдай екі бағытта - геологиялық карталау, сонымен қатар пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлау бойынша республикамыздың геологиялық ұйымдары үшін мамандар дайындайды. Кафедра өзінің алғашқы күнінен бастап, ғылыми-педагогикалық кадрлардың және тәжірибелі өндіріс .шығармашылық потенциалын біріктіру дәстүрлері сақталған. Кафедра құрылған кезеңдерінде оның құрамында профессорлар Г.Ц.Медоев, К.Г.Войновский-Кригер, Е.Д.Шлыгин, доценттер М.А.Жуков, Г.А.Ярмак, кешірек тәжірибелі геолог-түсірушілер И.И.Радченко, О.А.Сейдалин, Р.С.Качурин шақырылды, олардан кейін кафедраға кафедраның жас түлектері қалдырылды олардың қатарында - Б.М.Абишев, М.Р.Гуламов, И.Б.Байчигасов, Г.А.Баймаханова болды.

80-90 жылдары кафедраға доценттер А.А.Запорожец, Т.Б.Рахымбаев, А.А.Жүнісов, аға оқытушы О.А.Ашимов шақырылды, оқытушы болып кафедра түлектері В.К.Крюков, Т.Ж.Каскарауов, А.А.Бекботаева, Т.Я.Тесленко, Т.И.Жеребцова, Т.Н.Жарқынбеков қалдырылды. Басқа кафедрадан доценттер С.Б.Бакиров және В.П.Олексенко шақыртылды.

Кафедрада қазіргі кезде ғылыми дәреже атақтары бірқатар жоғары білікті мамандар бар. Сондай-ақ кафедрада ҚР ҰҒА академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор  М.М.Бакенов, ҚР ҰЖҒА және ҚР МРА академигі, профессор Н.Сеитов; ҚР ҰҒА академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор А.Б.Байбатша, геология-минералогия ғылымдарының кандидаттары, профессорлар - Бекботаев А.Т. және А.А.Жүнісов, геология-минералогия ғылымдарының кандидаттары, доценттер Асанов М.А., Аршамов Я.К., Дүйсембаева К.Ш., Касенова А.Т., Асубаева С.К. қызмет етеді. Сонымен қатар соңғы 2 жылда (2014-2015 жж.) кафедраның екі оқытушысы диссертацияны ойдағыдай қорғап, PhD докторы ғылыми дәрежесін алды - олар С.Н.Мұстапаева және А.А.Бекботаева. Ұзақ жылдар университетте, геология саласында мамандар дайындауда үлестерін қосып, өндірістеде қызмет жасаған, ғылыми дәрежесіз тәжірибелі оқытушылар: А.М.Хабиева, М.Б.Кадыкова, К.Т.Отарбаев, К.Ө.Ибраев, Г.С.Шакирова, Г.М.Омарова, А.Н.Сарсенбаева, К.Т.Аймурзаева, А.О. Байсалова (соңғы бес оқытушы геология саласы бойынша магистр, Г.М.Омарова, М.Н. Коккузова PhD докторантурада оқиды ). Бірнеше жас мамандар, біздің кафедра бойынша оқуды жақсы аяқтаған түлектер, ассистент болып қалдырылды. Барлық оқу пәндері қазақ және орыс тілдерінде оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілген. Кафедра төрт геологиялық арнайы лабораториялар мен кабинеттер қажетті аспаптармен, көрнекі оқу құралдармен, компьютерлік кластармен және Кіші Қаратауда далалық геологиялық-түсіру практикасын өткізетін оқу полигонымен қамтамасыз етілген. Бұл жерде 2008-2009 оқу жылы алғашқы рет Халықаралық бағдарлама бойынша университет шетелдік жоғары оқу орнымен бірге практика өткізді. Осы жылы кафедраның жетекші оқытушыларымен студенттер мен магистранттар Колорадо кен мектебінде арнайы геологиялық практика өтіп келді. Өндірістік практика және түлектерді еңбекпен қамтамасыз ету мәселелері толық шешілген. Кафедрада аймақтық өндірістік геологиялық мекемелермен және компаниялармен ондаған келісім-шарттар жасалған. Олардың ішінде - ЖШС "Қазақмыс", "Қазатомпром", "Оңтқазжерқойнау", "Солтжерқойнау", ЖШС "Милысай", АҚ "Волковгеология" ГРЭ-23, ЖШС "Қазфосфат", ЖШС"Ортгеолтүсіру", Қ.И.Сәтбаев атындағы ГҒИ және Қазақстанның жерқойнауын пайдалану мекемелері.

Кафедра құралған уақыттан бастап дәстүрлі түрде оқыту және білім беру жұмыстары мен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын біріктіре жүргізуде. Кафедраның білікті оқытушыларының күшімен әр жылдары Солтүстік Қазақстан, Кіші Қаратау, Онтүстік-батыс Балқаш маңы, Бетпақдала, Шу алабы және т.б аймақтар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген, нәтижесінде 1: 500 000 масштабты Мемлекеттік геологиялық карталардың жеке беттері құрастырылды. Осы жылдар аралығында кафедра қызметкерлері Іле Алатауы, Кіндіктас және Кіші Қаратау аймақтарында қаптама-әшекей тастарын іздеу жұмыстарымен айналысты.

Соңғы жылдары кафедра қызметкерлері «іргелі зерттеулер» бағдарламасы бойынша біршама тақырыптар төңірегінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Бұл тақырыптар: «Қазақстанның кейбір палеозойлық офиолиттік құрылымдарына негізделген Қазақстанның тектоносферасының моделін құрастырудың кілті болып табылатын вулконогендік формациялық петрохимиялық ерекшеліктерінің біліну ұстамымен кейбір Қазақстанның палеозойлық офиолиттік құралымының геотектоникалық және геодинамиқалық құрылу моделі» (ғылыми жетекші – профессор Н.Сеитов., 2003-2005 ж), «Мұғалжар қатпарлы жүйесінің тілімдену белдемінде палеозойлық литосфераның тұрақтану процессінің дәлелі ретінде өзара байланыспен геологиялық дамуының сәйкестендіру тарихы ұстанымымен Мұғалжар, Сақмар және Жасылтас офиолитті белдемдердің генетикалық және геодинамикалық жаралу моделін құрастыру» (ғылыми жетекші – профессор Н.Сеитов., 2006-2009 ж), «Кiндіктас-Іле аймағының геодинамикалық дамуы және қазіргі заман мобелизм ұстамымен және оның рудалық құрамының металлогениялық талдауы» (ғылыми жетекші – профессор А.А. Жүнісов., 2010-2012 ж).

Қазақстанның жер қыртысының бірқатар құрылымдық элементтерінің жаралу моделдерін зерттеу нәтижесіне қарап геологиялық жағынан күрделі болатын Оңтүстік Қазақстанның екі аймағы Кiндіктас және Іле Алатауының геодинамикалық дамуы құрастырылды. Зерттелінген құрылымдар аймағында жеке кенді ауданның перспективасы көрсетілді. «Минералды шикізат базасын кеңейту мен оларды бақалау мақсатында Жезқазған байыту фабрикасының қалдықтарының касиеттері мен заттық құрамын зерттеу» (ғылыми жетекші – профессор А.Б.Байбатша., 2015-2017 ж), «Қазіргі заманғы геодинамикалық концепциялар негізінде Қазақстанның континенттік жанартау-плутондық белдеулеріндегі мыс-порфирлі кенденулердің өнеркәсіптік перспективасын қайта бағалау» (ғылыми жетекші – геология -минералогия ғылымдарының кандидаты  Я.К.Аршамов., 2015-2017 ж). «Үлкен Қаратаудың визе және серпухов жікқабытының шекералық түзілімдерінің фоссилиялары (Оңтүстік Қазақстан)» (ғылыми жетекші – PhD докторы С.Н.Мустапаева., 2015-2017 ж). Кафедрада бакалавриат, магистратура және докторантура бағыттары бойынша геологиялық-барлау саласының мамандарын даярлау жүргізіледі. Сонымен қатар кафедрада Ш.Е.Есенов, Қ. Тұрысов, Б. Берікболов атындағы шәкіртақылар бар.

 

        Біздің мекен-жайымыз: 050013, Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 22. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті. Қ.Тұрысов атындағы «Геологиялық барлау институты, "Геологиялық карта түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау" кафедрасының бөлмелері: 439 БОҒ, 441 БОҒ, 318 БОҒ, 337 БОҒ.
Телефон: 8 (727) 257-71-48, Факс: 8 (727) 292-02-97, E-mail: gspiprmpi@ntu.kz

Болашақ