Мұнай және газды химиялық қайта өңдеу технологиясы

    «Мұнай, газ және полимерлерді өңдеудің химиялық технологиясы» кафедрасы (МГжПӨХТ) Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың жас кафедраларының бірі.

    Академик Е.М.Шайқұтдіновтың ой салуық мен қатысуы бойынша, Ресейдің беделді жоғарғы оқу орындарын қатыстырумен, 1994 жылы физикалық және аналитикалық химия кафедрасының базасында химиялық технология облысында кең профилді ғылыми-техникалық және инженер кадрлерді дайындау мақсатында жаңа кафедра ұйымдастырылды. Кафедраның және жаңа мамандықтардың ашылуы Қазақстанның мұнай өндіру және химиялық өнеркәсіптерінің дамуын жылдамдатуға, жаңа мұнай кен орындарын жылдам игерілуіне және мұнахимиясының өнімдерін әр түрлі халық шарушылығы саласында кең қолданылуға және инженер-технолог мамандарының қажеттілігінің ұлғаюына әсері тиді.
    Осы жылдар ішінде кафедра 1000-ға жуық дипломды мамандарды шығарды , олар ҚР химия және мұнай газ салаларында жақсы жұмыс істеп жүр. Қазіргі уақытта МГжПӨХТ кафедрасы студенттерді 050721 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша үш деңгейлі дайындау жүргізеді (бакалаврлер, магистрлер, докторанттар). Ашылған күнінен бастап кафедраны х.ғ.д., профессор Ермағанбетов меңгерді, 2008 жылдан бастап кафедра меңгерушісінің міндеттерін х.ғ.д., профессор, Қ.И.Сәтбаев атындағы мемлекеттік сыйлық лауреаты және 400-ден астам ғылыми басылымдардың авторы - Бойко Г.И. алды.
    Мұнай, газ және полимерлерді өңдеудің химиялық технологиясы кафедрасы – Қазақстан Республикасының мұна өңдеу салалары үшін мамандарды дайындау облысында көшбасшы, Еуроодақ аумағында кең байланыстарға ие және 144935-TEMPUS-1-2008-1-UK-TEMPUS-JPCR «Химиялық инжинерия: Оқу программаларын ұйымдастыру және халықаралық тану» жобасының консорциум мүшесі.
    Шет ел серіктестерінен кафедраға жаңа химия-технологиялық жабдықтар, қазіргі уақытта арнайы тәжірибеде студенттер арасында кең қолданыс тапқан оқу-әдістемелік оқулықтар әкелінді.
    Кафедра университеттің технологиялық кафедралары арасындағы ғылыми потенциалы және техникалық материалдардың жабдықталуы бойынша ең жоғарғыларының бірі. Студенттердің жоғары деңгейде оқытылуы үлкен ғылыми-педогогикалық және өндірістік тәжірибесі бар жоғары мамандандырылған оқытушылардың арқасында жүреді, олардың арасында 1 ҚР НАН академигі, 1 АН АҚШ Нью-Йорк академигі, 5 профессор және 7 доцент бар. 2009-2010 оқу жылында кафедраның екі оқытушысы докторлық диссертацияларын қорғап шықты.

 

Біздің мекен-жайымыз:
    480013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 22, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Басты оқу ғимараты (БОҒ), 821 к БОҒ, 1031 к. БОҒ, 257-70-61 ішкі 70-61, 257-71-88 (кафедра). Е – mail: хtpngp@ntu.kz

 

Болашақ