Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары

Кафедра меңгерушісі, техн. ғылым. канд., профессор Мырзахметов Бейбіт Әбікенұлы

    Дайындау бағыты

Бакалавр: Мамандық - 5В072400 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша) Бағыты: 5В072400 – Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары (оқу мерзімі – 4 жыл). Кафедрада сонымен қатар бакалаврларды қашықтықтан оқыту арқылы орта кәсіби және жоғары білім базасында қысқартылған оқыту жүргізіледі. Магистратура: Мамандық - 6М072400 - Технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша)Бағыты: 6М072400 – Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары, (кәсіби білікті магистратурада оқу мерзімі -1,5 жыл, ғылыми-педогогикалық магистратура – 2жыл).

    Мамандық саласы бойынша мағлұмат.

    МГКМЖ кафедрасының түлегі кең бағдарлы маман болып табылады және әр түрлі жабдықтардың құрылымын игере алады, соның ішінде бұрғылау және кәсіптік жабдықтардың, оларды зерттеу, сынау сонымен бірге саладағы қолданылатын түрлі жабдықтарды пайдалану жұмыстарын жүргізе алады. Оқу үрдісі барысында маұнайгаз саласының кез кезкелген технологиялық процесстеріндегі кешенін пайдалана алуына теориялық білім мен тәжірибелік біліктілікті меңгереді. Заманауй маман-бакалавр қолданбалы технологиялық есептерді шешу кезінде оқу үрдісінде меңгеретін арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдалана алады. Студент «студенттердің ғылыми ұйымы» шеңберінде мамандық саласы бойынша ғылыми жұмысты жүргізуге мүмкіндігі бар. Осы арқылы студент білімі мен тәжірибиелігін арттырады да, болашақта еңбек рыногында бәсекелестікке түсе алады. Кафедра дайындаған мамандар мұнайгаз саласындағы кәсіпорындарда және де түрлі саладағы машина жасау зауыттарында жоғары сұранысқа ие.

    Түлектердің негізгі кәсіби қызметінің түрлері:

• Есептік жобалау • Өндірісті-технология • Экспериментальді-зерттеу • Ұйымдастыруды басқару • Монтаждық реттеу • Қызмет көрсетуді пайдалану

    Түлектердің жасай алатын қызметі

    Осы мамандықты бітірген түлектер төмендегі аталғандар бойынша жұмыс жасай алады: • әртүрлі бұрғылық және мұнайкәсіпшілік орындарында; • машинажасау өндірісінде; • жобалау институттарында; • ғылыми зерттеу зертханаларында.

    Кафедраның практика бойынша серіктестері.

     - ААҚ «Оңтүстік-мұнайгаз», Шымкент қ.; - ААҚ «Волковгеология», Алматы қ.; - ПФ «Өзенмунайгаз», Жаңа-Өзен қ.; - АЗТМ, Алматы қ.; - ПЗТМ, Петропавловск қ.; - ААҚ «ННК Қазмунайгаз»; - Венчурлік фирма «Поиск», Петропавловск қ.; - ЖШС«Бургылау», Жана-Узень қ.; - ЖШС «Карачаганак Петролеум Оперейтинг»; - ААҚ «Казтрансойл»; - ЖАҚ «Казтрансгаз»; - ААҚ «Казнефтегазмаш»; -ТОО «АлаколPLANT»; -ТОО «Бурмаш» - каспий жағалауындағы машина жасау зауыты..

    Кафедра тарихы.

    «Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары» (МГӨМЖ) кафедрасы 1986 жылы Қазақ политехникалық институтының мұнай факультетінде құрылған. «Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша инженер кадрларын даярлау 2008 жылға дейін жүргізілді. 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Болон процесіне қосылғаннан кейін 5В072400-«Технологиялық машиналар мен жабдықтары (салалар бойынша)» бакалаврлар кредиттік жүйемен оқытылуда. 1986 -1995 жж. аралығында кафедраның дамуына үлкен үлес қосқан бірінші кафедра меңгерушісі, т.ғ.қ., доцент Самсонов О.Н. болды. Оның басқаруымен мамандықтың барлық типтік жұмыс жоспарлары, бағдарламалары, зертханалары мен оқу-өндірістік шеберханасы (ОӨШ) құрылды. Сонымен бірге кафедраның зертханалары оқу жабдықтарымен, механизмдермен, қондырғылармен, құрал-саймандармен, үлгілер және плакаттар мен жабдықталды.

    Кафедраны 1995-1996 жж. т.ғ.к., доцент Гирфанов А. А., 1996-2001 жж. Профессорлық оқытушылық құрам және студенттердің күшімен бірнеше зертханалық қондырғылар қатарын игерген т.ғ.д., проф. Дусалиев Қ.М., 2001-2002 жж. т.ғ.к., доцент Соловьев А.И.. 2002-2006 жж. т.ғ.д., проф. Қуатбеков М.Қ. басқаруымен ұңғыманы бұрғылау және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін арнайы жабдықтармен қамтылған тренажер имитатор зертханасы құрылды. 2006 жылдан бері т.ғ.к., профессор Мырзахметов Б.Ә. басқаруда.

    Қазіргі кезде МГӨМЖ кафедрасының зертханалары Гж/е МГІ институтында ең жоғарғы дәрежеде жабдықталып көрнекті түрде жасалынған.

    2004 жылдан МГӨМЖ кафедрасы 5В072400-«Мұнай және газ өнеркәсібінің технологиялық машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласына механиктерді даярлайды, оларға «Мұнайгаз машиналары мен жабдықтары сала бойынша «бакалавры» біліктілігі беріледі.

    2011 жылдан бастап 5В072400-«Мұнай және газ өнеркәсібінің технологиялық машиналары мен жабдықтары» мамандығы Ресейлік жалпы кәсіптік білім беру бағдарламалары техника және технологиялар салалары бойынша 5 жылға аккредитацияланды.

    Кафедрада 6М0724 «Мұнай және газ кәсіпшілігінің технологиялық машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша магистратура бөлімі бар. Оларға «Техника және технология магистрі» және «Ғылым магистрі» дәрежесі біліктілігі беріледі.

    Осы уақытқа дейін 140540-«Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша 1500-ден астам инженер – механик және 350-ден астам бакалавр даярланған. Қазіргі таңда 5В072400-«Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша 257-ден астам бакалавр, 15-тен аса магистр маманы даярлануда. Келешекте мамандық бойынша PhD-докторантура ашылмақ.

    Білім беру жоспарының аккредитациясы:

    • • ҚР БжҒМ Халықаралық акредитация орталығының Институттік аккредитациясы (www.nac.edu.kz). 03.02.2010 ж. 24.12. 2014 ж. дейінгі мерзімге берілген сертификат № 000001. • Мамандандырылған аккредитация Ресейдегі инженерлік білім беру Аккредитациялық Ассоциация Агенттігі (РИБА), сертификат №0127 22.03.2011ж 5 жылға беріледі.

    Қазіргі уақытта мұнайгаз салалары бойынша 140540 – «Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналар мен жабдықтар» мамандығында 1500 инженер-механик, 05072400 – «Мұнай және газ кәсіпшілігінің технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығында 450-ден астам бакалавр, соның ішінде 28 Бангладеш, Иордания, Үндістан, Куба, Никарагуа және Перу шет елдеріне мамандар даярланды. Кафедра түлектерінің географиялық жұмыс орны – барлық елдерде бар (ТМД елінде, РФ, Норвегия, Катар, БАӘ және т.б.).

    Профессорлық оқытушылар құрамы.

     Кафедра штатында - 15 штаттық оқытушылыр бар. Соның ішінде - 2 профессор, 7 доцент, 1 PhD докторы , 4 аға оқытушы және1 оқытушы бар. Оқу көмекші қызметкерлер - 4 жоғары мамандандырылған инженерлер бар, соның ішінде біреуі техника ғылымының кандидаты жұмыс жасайды.

«Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналар мен жабдықтар»кафедрасының құрамы

Адрес:
050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 22,
Кафедра меңгерушісі Мырзахметов Б.А. 705 каб МҒ
Телефон: (727) 257-70-59. E-mail: myrzakhmetov_ba@mail.ru Кафедра: -каб.702МҒ, телефон: (727) 257-71-59, E-mail: kafedra_ mongp@mail.ru

 

 

Болашақ