Мұнай және газ кенорындарын игеру

     ҚазҰТУ тау-кен металлургия, мұнай және геология, машина жасау мен химия өнеркәсібі, ақпараттық технология, экономика және де басқа көптеген мамандықтар бойынша мамандар дайындайды.
     ҚазҰТУ мемлекеттік аккредитациядан өтіп, еліміздің ұлттық университеті дәрежесін алды. Студенттер контингентін қалыптастыру қорытындысы бойынша, біздің университет техникалық және технологиялық мамандықтарға мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқу құқын ұтып алған студенттердің саны бойынша бірінші орынға шықты.
     ҚазҰТУ зертханалары дүниежүзілік INTERNET жүйесіне қосылған, ал оның кітапхана қорында 1200 мыңнан аса кітаптар бар.
     Бүгінгі күні елімізде 214 мұнайшы, 112 газды және 57 газконденсатты кен орындары ашылған, олардың көпшілігі игерілуге берілген. 2011 жылы мұнайды өндіру 80млн.тоннаға ал 2020 жылға 130 млн.тоннаға өндірілмек. Теңіз, Қарашығанақ, Өзен сияқты мол қоры бар кен орындары бүгінде бүкіл дүние жүзіне белгілі болып отыр.
     Қазіргі кезде мұнай және газ өнеркәсібінің өркендеуі, теңіз астындағы кен орындарын игерумен байланысты болып отыр, олардың алғашқылары жақын жылдар ішінде іске қосылмақ. Мұнай және газ кенорындарын игеру мамандығы бойынша мұнайшы тау-кен инженерлері өнеркәсіптің әртүрлі салаларында жұмыс істей алады. Олар: құрлықтағы және теңіздегі мұнай, газ конденсатты кен орындарын игеру үрдісін жоспарлау және бақылау, кеніш басында мұнай, газ, конденсатты дайындау жұмыстары.     «Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедрасы 1965 жылы құрылған, мұнай және газ ісі мамандығы бойынша бакалавр, магистр және PhD дайындайды. Қазіргі кезде кафедраны техника ғылымдарының докторы, профессор Е.С. Орынгожин басқаруда.

/>

     Кафедрада компьютерлік класс және 4 оқу зертханасы бар, олар: ұңғыдан мұнай өндіру, жерасты гидромеханикасы, газ және газконденсатты кен орындарын игеру, теңіз жағалауындағы кен орындарын игеру.
     Кафедрада: 4 доктор, 7 ғылым кандидаты, барлығы 21 оқытушы жемісті еңбек істеуде. Оқытушылардың орта жасы 46, олардың көпшілігі 10 жылдың үстінде ғылыми педагогикалық салада жұмыс істеген. Бұлардың бәрі мұнай саласының жоғарғы оқу орындарын бітірген мамандар және негізгі арнайы пәндер бойынша жыл сайын шет елдік мамандар шақырылады.      5В070800 – «Мұнай-газ ісі» мамандығын бітірген бакалавр жан-жақты маман болып шығады. Олар құрлықта және теңізде мұнай өндіретін кәіспорындарда, ғылыми – зерттеу және жобалау институттарында жұмыс істей алады.      Кафедрада қабаттағы мұнай бергіштікті арттыру, қоршаған ортаны қорғау, газ және газконденсатты мұнайды өңдеудің инновациялық әдіс бағытында үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына бакалаврлар және магистранттар қатыстырылады.      5В070800 – «Мұнай-газ ісі» мамандығын бітірген бакалавр академиялық дәрежесіне ие бола алады.       Кипр қаласындағы Американдық университетпен бірігіп дайындаған бакалаврға арналған бағдарламасы бар.
     Институттың ПОҚ Қазақстан Республикасы мұнай газ ісі мамандығы бойынша қазақ және орыс тілінде оқулық, оқу құралдары Мемлекеттік білім стандартының авторы және орындаушысы болып табылады.

 


МКОИжП кафедрасының түлектері (SPE мүшелері)
0
«Газ және газконденсатты кен орындарды игеру және пайдалану»зертханасында

 

Байланыс
     МКОИжП кафедра меңгерушісінің жұмыс тел.: 257-70-58, E-mail: ahm_tlev_49 @ mail.ru.

 

Болашақ