Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың миссиясы

     (Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Ғылыми кеңесінің отырысында бекітілген, 2009 жылғы 31 наурыздағы № 5 хаттама)
Мақсаты
     Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті әртүрлі әлем елдерінің мамандары мен студенттерін біріктіретін халықаралық-танымал ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінде қалыптаса бастаған жоғары жетістіктерге жетуге талпынады.
Миссиясы және міндеттері
     Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті техникалық білім беру бойынша алдағы уақытта жаңа ұрпаққа техникалық білімді мамандар даярлау жолындағы қоғамның парасатты және кәсіптік дамуына өз үлесін қосады.
     Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың негізгі міндеттерін орындауға бағытталған. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ миссиясы мыналар болып табылады:

  • Үздіксіз білім беру жүйесі бойынша білім беру бағдарламаларын ұсыну жолымен білімге негізделген қоғамды дамытуға өз қызметін бағыттау;
  • Ғылыми-зерттеу қызметі, күрделі ойлау, кәсіптік дағды мен шеберлікті дамыту арқылы оқушыларды дамыту;
  • Әртүрлі білім беру саласында студенттерді оқытуға жоғары кәсіптік тәжірибені қолдану;
  • Еңбек нарығы үшін техникалық мамандардың жаңа бәсекеге қабілетті ұрпағын даярлау;;
  • Академиялық ықпалдастық пен интеллектуалдық мотивациялы білімге талпынатын әртүрлі мәдениет пен атмосфера құратын адамдарды қарсы алуы және қолдауы;
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу, алдыңғы әлемдік практикаға негізделген білім беру қызметін ендіру және мамандардың өз брэнд даярлықтарын дамытуы;
  • Экономика және бизнес секторы үшін мамандар даярлаудағы білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру, техникалық сала мамандықтары бойынша еңбек нарығының талаптарына сәйкес «университет-индустрия» ынтымақтастығын дамыту;
  • Бүкіл өмірімізге арналған оқыту принципі бойынша оқуды ұйымдастырудағы жаңа оқыту технологиялары, мультимедианы қолданып қосымша білім беру және тренинг бағдарламаларын дайындау;
  • Техникалық және мәдени байланыстарды қолдау үшін білім сапасын жақсарту мақсатында басқа университеттермен, ұйымдармен ынтымақтастық орнату.
Болашақ