Сапа менеджменті жүйесі

Университет СМЖ құрылу тарихы 
ҚазҰТУ ҚР БҒМ білім сапасын арттыру тапсырыстарын орындауда әлемдік жоо көшбастаушыларының тәжірибесін пайдалануда. Осыған орай 2004 жылы универсиеттетің сапа менеджменті жүйесі жасалды.
СМЖ енгізу бойынша Ректор жарлығымен сапаны басқару өкілі-Бірінші проректор тағайындалды. Үйлестіруші орган- жұмыс тобы құрылды. Құрамына жоо білім қызметін жақсы білетін жетекші қызметшілер алынды. Білім беру саласында тиімді басқару жүйесін және университеттің осы саладағы саясатын құру үшін Сапа менеджменті орталығы (СМО) құрылды.
СМЖ Халықаралық ISO 9000 серия негізінде жасалды. 
Халықаралық ISO 9000 сериясына негізделген СМЖ тұтынушыларды қанағаттандыру, оның сұранымын үнемі қадағалап отыру, өнім өндіру қабілетін иеленуі тиіс. ISO 9001:2008 стандарты талаптарына сәйкес ЖОО мақсаты білім берудің, мамандар даярлаудың, ғылыми өнімдердің жоғары деңгейін қамтамасыз етуі керек.
2005 жылы ҚазҰТУ жұмыс тобы мен СМО Сапа менеджменті жүйесінің негізгі құжатталған рәсімдеулерін жасады. 
2005 жылы мамырда Ректордың № 244-п бұйрығымен сапа менеджменті жүйесі іске қосылды. 
2005ж. тамызда ҚазҰТУ Сапа менеджменті жүйесі ISO 9001:2008 Халықаралық стандартына сайлығы жөнінде сертификациялық тексеруден өтті. Сөйтіп, жоғары кәсіби білімді кадрларды даярлау (бакалавр, маман) бойынша 11.08.2005ж. «Русский регистр» Ассоциациясынан және «IQNet» халықаралық органдар жүйесінен сапа менеджменті жүйесінің № 05.243.026 қос бірдей Сертификатын алды. 

СМЖ мақсаты 

СМЖ көрсетілетін қызметті қамтамасыз етуі, тұтынушылардың осы үмітін ақтауы керек. СМЖ басты мақсаты әрбір қызметті бақылау емес, қызметтің төмендеуіне жол бермейтін қателіктерді болдырмау.  
Нәтижесінде СМЖ түлектердің мемлекеттік білім стандартына сай келуіне, мүдделі жақтардың ұсыныстарына кепілдік беруі тиіс. Мамандар даярлау шығыны да көңілден шығуы керек. Табыс барлық мүдделі жақтардың талап-тілегін үнемі жақсартқанда ғана келеді.

СМЖ құрылымы 

СМЖ ұйымдар, үрдістер, құжаттар, ресурстар элементтерінен тұрады. 
ISO-ның анықтамасы бойынша ұйымдар дегеніміз- жауапкершілік, өкілеттік, өзара қарым қатынас бөлінген қызметшілер мен құралдар тобы. 
Үрдістер–қызметтің өзара байланысты және өзара әрекет ететін, «енгізілуі» мен «шығарылуы» жаңартылып отыратын элементтері. Үрдістің «енгізілуі», жиі-жиі «шығарылуы» да болуы мүмкін.  
СМЖ үшін рәсімдеу ұғымының мәні зор. Рәсімдеу–қызметті атқарудың немесе үрдістің белгліенген тәсілі. Үрдісті (үрдіс жиынтығын) рәсімдеу деуге болады. Бір жағынан алғанда бұл– үрдіс тәртібін орындау жазылған құжат.
Құжат– тиісті алып келіп, апаратын нәрседегі ақпарат (мәнді мәліметтер). 
СМЖ ресурсы дегеніміз– сапа менеджментін қамтамасыз ететін нәрсенің бәрі. 

Ұйымдарға СМЖ құру үшін не қажет? 

• қызметтің негізгі үрдістерін сәйкестендіру;
• үрдістердің ретін және өзара әрекетін жасау; 
• жұмыс және үрдістерді басқару тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті өлшемдер мен әдістерді анықтау;
• жұмысты сүйейтін және үрдістерді қадағалайтын ресурстар мен ақпаратты қамтамасыз ету; 
• үрдістерді қадағалау, өлшеу және талдау; 
• жоспарланған нәтижелерге және үрдістерді тұрақты жақсартуға қол жеткізу үшін қажетті шараларды қабылдау; 
ISO 9001:2008 стандарт талаптарына сәйкес ЖОО СМЖ негізі мыналар болып табылады.: 
• тұтынушыға қарай бағыт ұстау;
• басшылықтың мақсат қою мен оған жетудегі жетекші рөлі; 
• барлық қызметшілердің ЖОО міндеттерін шешуге қатыстырылуы; 
• қызметтің барлық түрін ұйымдастыруға үрдістік қадам жасау; 
• басқаруға жүйелілік қадам жасау; 
• өнім сапасын тұрақты жақсарту.
Арақатынасы туралы айтқанда, "СМЖ" мен "ISO 9001" арасына теңдік белгісін қоюға болмайды. СМЖ - жүйе, ISO 9001 - стандарт, СМЖ-ға белгілібір талап қоятын құжат.  

ISO деген не?

Әлемдік қоғамдастық сапаны басқаруға– сапаны жоспарлауға көшті. Негізгі мақсат–өнім өндірушілердің тұтынушыны толық қанағаттандыруы.
Бұл тенденция стандарттың жаңа түрінде-ISO (International Organization for Standardization) 9000 анық көрініс тапты. ISO — ұлттық ұйымдардың (IИСO комитет-мүшелерінің) әлемдік федерациясы саналатын стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым. 
ISO мақсаты — түрлі салалардағы және қызмет түрлеріндегі ықпалдастық үрдісіне ықпал ететін стандарттау және жобалау қағидаларын дамыту. 
ISO 9001:2008 стандарты — бұл «стандартталған сапа философиясы, міндеті–ойлау тәсілін белгілібір тәсілмен ұйымдастыру. Стандарт талабы «ЖОО мән-мағынасына қарай» икемделген болуы керек. 
ISO 9001:2008 стандарт талаптары ЖОО ғалымдары мен оқытушыларының қызметіне таратылмайды, олар тек қызметін ретке келтіреді. ISO 9001:2008 стандарты ғылыми зерттеулер мен білім бағдарламасының, әдістемелігі мен технологиясының құрылымдары мен мазмұнына қатысы жоқ. ISO 9001:2008 стандарты оқытушының ғылыми және әдістемлік күш-қуатын, ұстаздық және тәрбиешілік қабілетін пайдаланатын академиялық ерік берілген дәрісханада іске асырылмайды.
ISO 9000 стандартының басты талабы – әртүрлі нормативті құжаттарының өзара байланысты және өзара толықтыратын жиынтығы жағдайында СМЖ-ның басқарылатын нормативті негізінің болуы. Сапа жөніндегі құжаттарды, жазбаларды игерудің басты қағидасы сол– керек құжатты керек уақытта таба білу.

 

Болашақ