Ұлттық және халықаралық аккредитациялау агенттіктері

      Университет бірнеше жылдардан бері білім беру бағдарламаларын аккредитациялауда тәжірибесі бар және аккредитациялау мақсатында білім беру бағдарламаларын сараптау үшін тапсырыс қабылдайтын түрлі жоғарғы оқу орындарымен, халықаралық аккредитациялау агенттіктерімен белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Мұндай агенттіктер мыналар болып табылады:

Қазақстан Республикасының БжҒМ жанындағы Халықаралық аккредитациялау орталығы (www.nac.edu.kz

     Қазақстан Республикасының БжҒМ жанындағы Халықаралық аккредитациялау орталығы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес (№405, 29.04.2005) 2005-2010 жж. арналған Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламаларын орындау үшін құрылған.
     ҚР БжҒМ ҰАО ЖОО және кәсіби білім бағдарламаларын аккредитациялауды жүргізеді, Болонь үрдісі шарттарына орай сапа бағаларын үйлестіру үшін аккредитациялаудың мақұлданған өлшемдері мен рәсімдеулерін әзірлейді, сапаны қамтамасыз етудің халықаралық бағдарламаларына қатысады, еуропа және әлемдік өлшемдерді және жоо аккредитациялау рәсімдеулерін енгізу негізінде білім туралы құжаттардың мойындалуы мен бекітілуін жүзеге асырады.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АККРЕДИТАЦИЯЛАУ АГЕНТТІКТЕРІ

     1. Еуропа Университетерінің Қауымдастығы (EUA - www.eua.be) (www.eua.be) - жоғары оқу орындарын дамытудың нақты міндеттеріне сәйкес Еуропа үшін сапалы университеттерді қалыптастырады. Бұл міндеттер диалог, конференция, семинар, жобалар арқылы жүзеге асырылады. Соның бір мысалы Халықаралық Бағалау Бағдарламасы / Institutional Evaluation Programme (IEP) және докторлық бағдарламаларға / doctoral education арналған жеке қызмет түрі. Халықаралық Бағалау Бағдарламасы (EUA - IEP) жоғары оқу орындарын бағалаушы сарапшылардың жұмысына мүмкіндігінше жоғары пайда алу үшін құрылған тәуелсіз құрылым. Бағалаудың мақсаты стратегиялық менеджмент және ішкі сапа мәдениетін жобалау саласында ЖОО-на қолдау көрсету. 

     2. АВЕТ (АҚШ) АККРЕДИТАЦИЯЛАУ АГЕНТТІГІ (www.abet.org) - инженерия және технологиялар бойынша аккредитациялау кеңесі 1932 ж. құрылды, оның негізгі міндеті сапаның оқыту саласы, ғылым мен техника бағыты бойынша белгіленген стандарттарға сәйкес келетінін мойындау. Мысалы, инженерлік бағдарлама бойынша стандарттар инженерлік кәсіппен белгіленеді, компьютерлік бағдарлама бойынша стандарттар компьютерлік кәсіппен белгіленеді. Бұл үшін ассоциативті қоғам құрылады, мысалы, инженер-мұнайшылар, металлургтер, геофизиктер, т.б.,– бұлар білім бағдарламаларына арналған стандарттарды анықтайды.
     3. ASIIN (АЛМАНИЯ) АККРЕДИТАЦИЯЛАУ АГЕНТТІГІ (www.asiin.de)
     ASIIN – это авторитетное Аккредитационное Агентство Европы по программам Инженерии, Информатики, Естественных Наук и Математики.
     ASIIN–бұл Еуропаның жаратылыстану ғылымы, математика, инженерия және ақпараттану бағдарламалары бойынша беделді аккредитациялау агенттігі. ASIIN 2002 ж. инженерлік бағдарлама және ақпараттану аккредитациялау агенттігін кейінірек жаратылыстану ғылымы, математика бағдарламаларын қосып кеңейткен химия, биохимия, химиялық инженерия бойынша аккредитациялау агенттігіне қосу жолымен құрылды.
     ASIIN құрамы аккредитациялық бағалауды жүзеге асыратын өз ішінде кәсіби сарапшылары бар ғылым, академиялық мекемелер, бизнес пен индустрия өкілдерінің болуымен сәтті үйлеседі. ASIIN (Алмания) аккредитациялау агенттігі Еуропалық білімді аккредитациялау желісіне кіреді.
     ASIIN-де сапа ұғымы білім бағдарламаларын бағалау арқылы, оқитындардың түсінік-танымы арқылы қаралады. Сапаға білім үрдісінің жұмыс істеуіне, оның элементтерінің үйлесуіне, міндеттердің жүзеге асырылуына қарай қол жеткізіледі.
     Понятие качество в ASIIN рассматривается через оценку образовательных программ не в изоляции, а в динамике и через восприятие обучающихся в рамках конкретной образовательной программы. ASIIN считает, что качество достигается, по тому как функционирует образовательный процесс, как сочетаются его элементы, и как реализуются поставленные задачи по специальности. 
     4. Ресейдің инженерлік білім ассоциациасы (РИБА) (http://www.ac-raee.ru) - инженерлік білімді аккредитациялау жөніндегі Еуропалық білімді аккредитациялау желісінің толық мүшесі болып саналады. ENAEE- университет ынтымақтасық жасайтын тағы бір аккредитациялау агенттігі. ҚазҰТУ аталған аккредитациялауды бакалавриаттың білім бағдарламаларының «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Геодезия және картография», «Машина жасау», «Электр энергетикасы»,«Техникалық физика» бағыттары бойынша берілген тиісті АИОР және ENAEE сертификаттарымен дәлелдеді. АИОР және ENAEE аккредитациялау жоғарыда аталған мамандықтарға Еуропаның 16 елі мойындаған «Еуропалық сапа белгісін»берумен толқтырылады.
     Инженерлік білім саласын аккредитациялау бойынша еуропалық желі (ENAEE) - жалпыеуропалық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. ENAEE Еуропалық тұрақты бақылау комиссиясы базасында құрылды. ENAEE Алмания, Англия, Ирландия, Италия, Португалия, Ресей, т.б елдердің инженерлік ұйымдарынан тұрады. Қазір оның құрамында 7 ұлттық аккредитациялау агенттігі бар.

Болашақ