Компания туралы

     Суретте (Ж.М. Әділовтың оң жағында): Шевронның Еуразия бөлімшесінің бас менеджері/General Manager, Eurasia Business Unit Имир Боннер ханым/Eimear Bonner, UPP бағдарламасының (Университеттер әріптестігі бағдарламасы) үйлестірушісі Билл Хантер мырза/Bill Hunter, Шевронның Еуразия бөлімшесінің (TBU HR Manager, Chevron) HR-менеджері Робин Джаспер мырза /Robin Jasper.

     Компания туралы
     Әлемдік қуат және химиялық компанияларының жетекшілерінің бірі болып саналатын “Шеврон” корпорациясы мен Қазақстанның байланысы жақсы дамып келеді. 1993 жылы Теңіз мұнай кені көзін игеру мақсатында “Шеврон” корпорациясы Қазақстанда алғашқылардың бірі болып “Теңізшевройл” бірлескен кәсіпорын ұйымдастырды. “Теңізшевройл” бірлескен кәсіпорны Қазақстан тарихында ең ірі үш өлшемді сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізді. Теңіз және Королев кеніштерінде жүргізілген бұл жұмыстар біріккен кәсіпорынның иелігіндегі алаңдардың мұнай қорын анықтап, оны арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Бұл барлау әлемдегі құрлықты зерттеу жұмыстарының ең ірілерінің бірі деп бағалануда.
     “Шеврон” компаниясы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында, қайырымдылық, әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарында да елеулі істер атқаруда.
     “Шеврон” компаниясының жүргізіп отырған қызметтері өзге де шетелдік компанияларға үлгі боларлық шаралар.

Болашақ