«Шеврон кафедрасы»

     Техникалық жоғары оқу орындарындағы инженерлік білімді жаңарту жұмыс берушілердің жұмысын жаңартудан басталады. Жоғары оқу орны – индустрия ықпалдастығының бір көрінісі 2012 жылы маусымда ҚазҰТУ-да ашылған «Шеврон» кафедрасы болып табылады.

     Суретте: (оңнан солға қарай) Шевронның Еуразия бөлімшесінің бас менеджері/General Manager, Eurasia Business Unit Имир Боннер ханым/Eimear Bonner, UPP бағдарламасының (Университеттер әріптестігі бағдарламасы) үйлестірушісі Билл Хантер мырза/Bill Hunter, Шевронның Еуразия бөлімшесінің (TBU HR Manager, Chevron) HR-менеджері Робин Джаспер мырза/ Robin Jasper.

     Жаһандық экономикалық білім аясында әрекет ете отырып, университеттер көп деңгейлі стратегияны, оның ішінде осы заманғы университет – индустрия ынтымақтастығын қалыптастыруы керек.
     Университеттер мен өндіріс орындары мұндай әріптестік стратегиясын қолдайды. Университет – индустрия ынтымақтастығы институттық өсу мен жоғары оқу орындарын осы заманғы білім орталығына біріктірудің негізгі кілті саналады. Жаһандану үрдісінде мұндай стратегиялық әріптестіктің ықпалын сапаны қамтамасыз ету, интернационалдандыруды арттыру, академиялық және студенттік ұтқырлықтың белсенділігін арттыру мен ҒЗЖ (ғылыми-зерттеу жұмыстарын) дамытудан көреміз.
     Шеврон кафедрасын құрудың негізгі мақсаты ҚазҰТУ мен Шеврон компаниясының ынтымақтастығын үйлестіріп, дамыту болып табылады.

Болашақ