Шеврон компаниясы және Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың ынтымақтастық тарихы

 

 

     Шеврон компаниясы мен Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың ынтымақтастық тарихы 2006 жылдың желтоқсанында басталды. Осы уақытта Шеврон компаниясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы директорының орынбасары Тед Этчисон Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Университеттер Әріптестігі Бағдарламасына (UPP University Partnership Program), енген 16 университеттің қатарына қосылғанын айтқан болатын. Бұл университет посткеңестік кеңістікте осы бағдарлама бойынша таңдап алынған техникалық университет болды.
     Осы бағдарлама аясындағы Шеврон компаниясының қызметі сан-салалы болып табылады. Мұнда университет студенттеріне берілетін шәкіртақы төлеу, кәсіби бірлестіктерді қолдау, білім беру қызметін жақсарту бағдарламасы жұмыс істейді. Сондай-ақ, университет қызметінде мұнайгаз тақырыбы бойынша техникалық мамандарды халықаралық аккредитациялауға қолдау көрсетеді.
     Шеврон компаниясы Университеттер Әріптестігі Бағдарламасының арқасында әлем университеттерімен бірге өзінің білім беру бастамасы жөнінде жаңа бет ашты. Жедел даму үстіндегі Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласына кадрларды даярлау мәселесі бұл ретте кешенді түрде шешілуде.
     Университет – Индустрия бағдарламасы бойынша ҚазҰТУ – Шеврон ынтымақтастығының аса ірі жобасы Индустриалдық Кеңес беруші Комитетін (ИКК) құру болып табылады. Комитет индустрия өкілдерінен оның ішінде Шеврон компаниясының өкілдерінен тұрады.
     Университеттер Әріптестігі Бағдарламасына кіретін Жоғары оқу орындары (UPP, University Partnership Program)

  1. Chulalongkorn University, Тайланд
  2. Colorado School of Mines, Колорадо, АҚШ
  3. Imperial College London, Ұлыбритания
  4. India Institute of Technology (Madras and Kanpur), Үндістан
  5. Bandung Institute of Technology, Indonesia/Индонезия
  6. Heriot-Watt University, Ұлыбритания
  7. Kazakh National Technical University, Қазақстан
  8. Louisiana State University, АҚШ
  9. Memorial University of Newfoundland, Канада
  10. MIT/ Массачусетский Технологический Университет, АҚШ
  11. Simon Bolivar, Venezuela/Венесуэла
  12. Stanford University, АҚШ
  13. Texas A&M, АҚШ
  14. University of Calgary, Канада
  15. University of Southern California, АҚШ
  16. University of Texas, Austin, АҚШ
  17. University of Western Australia, Австралия

     Университеттер Әріптестігі Бағдарламасы Шеврон компаниясына жоғары оқу орындарына әлемнің техникалық университеттерімен әріптестік іскерлі қарым-қатынас жүргізуге мүмкіндік береді.
     2007 жылы Университеттер Әріптестігі Бағдарламасына кіретін Колорадо Таукен мектебінің өкілдері: металлургия және жаңа материалдар факультетінің деканы Джон Дж. Мур, металлургия және жаңа материалдар факультетінің профессоры Брахендра Мишра, мұнай факультетінің деканы профессор Рамона Грэйвз, геология факультетінің деканы Джон Хамфри, геофизика факультетінің өкілі Эндрю Ревил, Шеврон компаниясының Университеттер Әріптестігі Бағдарламасының менеджері, профессор Ив Спрант ҚазҰТУ-ға бірнеше рет келді. Кездесу қорытындысы бойынша металлургия және PhD философия докторларын даярлау саласында 2 келісім-шартқа қол қойылған болатын:
     1) Колорадо таукен мектебі Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім – 15.10.2007 ж.
     2) Колорадо таукен мектебі Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі институтаралық келісім – 10.11.2007 ж.
     Колорадо таукен мектебіне ректор Ж.М. Әділовтың бастауымен Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ делегациясынығ барып қайтуы 2008 жылы 25 – 27 қыркүйекте жүзеге асты. Кездесу кезінде мұнай және газ саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, геология, геофизика, геохимия және халықаралық білім бағдарламаларын АВЕТ аккредитациялыу агенттігі тарапынан аккредитациялау шарттары талқыланды. КТМ мен ҚазҰТУ ректорлары дипломдарды өзара мойындау жөніндегі келісімге қол қойды.
     2008 жылы 28 қазаннан 15 қараша аралығында «Тіршілік ету қауіпсіздігі» кафедрасының докторанты Ж.О. Жұмаділовпен «Металлургиялық процестер және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасының докторанты Т.А. Чепуштанова ҚазҰТУ мен Колорадо таукен мектебімен арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Келісімді іске асыру аясында Голден (АҚШ) қаласына таукен мектебінің ғылыми басшыларымен тиісті жұмысты мәмлелесу үшін барды. 2011 жылы докторлық бағдарлама бойынша диссертация қорғап PhD дәрежесін алу үшін оқуды табысты аяқтады.

Болашақ