«Шеврон» компаниясының техникалық мамандықтарға арналған стипендиялық бағдарламасы

     Қазақ ұлттық техникалық университеттің (ҚазҰТУ) күндізгі бөлім студенттеріне өздері таңдаған оқу бағдарламаларына қатысу арқылы өздігімен дамуға толықтай және жартылай қаржылық көмек көрсететін техникалық мамандықтарға арналған стипендиялық бағдарлама
     Бағдарлама «Шевронның» қазақстан студенттерін дамыту міндеттемесін қолдау үшін дайындалған. Жыл сайын жақсы оқитын студенттерге стипендиялар беріледі.

     БАҒДАРЛАМАҒА ЕНГІЗУ ШАРТТАРЫ

     «Шевронның» Қазақ ұлттық техникалық университетінің (ҚазҰТУ) техникалық мамандықтарына арналған стипендиялық бағдарламасына қатысу үшін үміткер:

  1. ҚазҰТУ-дың 2 курстан жоғары күндізгі бөлім (бакалавр), жоғарғы курс студенті (магистр) және аспирант болуы тиіс.
  2. Оқуда озат болуы тиіс. Орташа академиялық баллы 3,75-тен жоғары болуы тиіс.
  3. Төмендегі техникалық салаларда оқуы тиіс:
    • Код 5В070800, 6M070800, 6D070800. Мұнай және газ бизнесі (соның ішінде мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау, мұнай және газ құбырлары мен резервуарларын жобалау, салу және пайдалану).
    • Код5В070600, 6M070600, 6D070600. Пайдалы қазба кен орындарын геологиялық барлау (соның ішінде Мұнай және газ геологиясы, Ұңғымаларды бұрғылау технологиясы мен әдістері)
    • Код 5В072400, 6M072400. Технологиялық машиналар мен қондырғылар (мұнай және газ саласында)
    • Код 5В072900, 6M072900. Құрылыс (Мұнай және газ құбырларының құрылысы).
    • Код 5В070200, 6M070200, 6D070200. Автоматика және басқару
    • Код 5В071800, 6M071800, 6D071800. Электроэнергетика
    • Код 5В072100, 6M072100, 6D072100. Органикалық заттардың химиялық технологиясы.
    • Код 5В073100, 6M073100. Қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау.
    • Код 5В073200. Cтандарттау, метрология және сертификаттау.
    • Код 6M074700. Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау геофизикалық әдістері
    • Код 6M073900, 6D073900. Мұнай химиясы
    • Код 6M091100. Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару
  4. Мемлекеттік емес компаниялар және жеке демеушілер беретін толықтай және жартылай стипендиаты болмауы тиіс.

     ӨТІНІШ БЕРУ ҮДЕРІСІ
     Стипендиялық бағдарламаның барлық шарттары орындалған жағдайда:
     1. Үміткер стипендияға өтініш беру формасын ағылшын тілінде немесе қазақ немесе орыс тілдерінде электронды түрде MS Word бағдарламасында толтырып CVXUpp@chevron.com электронды поштасына жібереді.
     Өтініштің формасын www.kazntu.kz сайтынан табуға болады.
     2. Үміткер төмендегі құжаттарды «Шеврон Мұнайгаз Инк.» компаниясының кеңсесіне тапсыруы тиіс:

  • Өтініштің қол қойылған қағаздағы нұсқасы
  • Жеке күәлік көшірмесі
  • Студенттік билет көшірмесі
  • Барлық оқу жылдарының сынақтық-емтихандық ведомостің (үлгерім табелінен алынған) жазбалар
  • Аяқтаған оқу бағдарламаларының дипломдары мен күәліктер көшірмелері

     Мекенжай:: 050059, Алматы қ., Фурманов к-сі, 240Г, CDC-1 орталығы, 8-қабат, «Шеврон Мұнайгаз Инк.»
     Кімге: Кадрлар бөліміне
Стипендияға өтініштерді 2012 жылғы 28 қыркүйекке дейін жіберілуі тиіс.
Көшіріп алу

Болашақ