Университеттің инженерлік зертханаларына демеушілік жасады

 

     2006 жылдың желтоқсан айының соңында Шеврон компаниясы мен ҚазҰТУ арасындағы әріптестік арқасында 60 мың АҚШ доллары көлемінде демеушілік көмек көрсету жөніндн келiсiм шартқа қол қойылды. Бұл қаржы жабдықтар, аспаптар және қажетті техника сатып алуға, сөйтіп кафедралар, оқу зертханаларын жарақтандыруға жұмсалды.
      2007 жылы мамырда университеттің оқу-зертханалық базасын жетілдіру жөнінде келісімге қол жеткізілді. ҚазҰТУ Шеврон компаниясына оқу-зертханаларын қайта жарақтандыруға және нығайтуға арналған жабдықтар, аспаптар сатып алуға, сондай-ақ студенттік және ғылыми конференциялар өткізуге өтініш жолдады.
      2007 жылы 12-14 желтоқсанда өткен «Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторының инновациялық даму жолдары» халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясын өткізуге 1 777 600 тенге бөлінді.
      2007 жылы Шеврон компаниясы ҚазҰТУ-ға 240 000 АҚШ доллары көлемінде демеушілік көмек жасады.
      Автоматика және басқару институты әріптестік бағдарлама аясында Шеврон компаниясынан зертханалық жаңа жабдықтар, ал Мәшине жасау институты арнайы мамандырылған бағдарламалары бар компьютерлік классты сыйлыққа алды.
      Бітірушілерді практикадан өткізу және еңбекке орналастыру бөліміне оқу үрдісін жетілдіруге арналған оргтехника алуға көмек көрсетілді. Бұлардан басқа университеттің вебсайтын жаңғыртуға қаржы бөлінді.
      2008 жылы ақпанда Шеврон компаниясынан 250 000 АҚШ доллары көлемінде демеушілік көмек алу келісіміне қол жеткізілді.

Болашақ