Ағылшын тілін оқыту бағдарламасы

 

      2010 жылы Шеврон компаниясы ағылшын тілін оқыту бағдарламасы бойынша 87 оқытушыны үйрету жобасын қолдады. Бұл бағдарлама ПОҚ-тың тілдік құзырлығын, әр түрлі елдердің ЖОО-әріптестерімен ынтымақтастықты дамытуды, оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттыруды, мұнай-газ және геологиялық бағыттағы мамандықтар шеңберіндегі студенттерге арналған ағылшын тілінде оқылатын курстарды ашу мүмкіндігін қарастырады. Ағылшын тілін игеру оқытушылардың кәсіби деңгейін көтеріп, олардың жоғары мектепте дәріс беру әдістемесін жетілдіруге және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
     Бұл бағдарлама 2012-2013 оқу жылында да жалғасын тапты.

Болашақ