Халықаралық аккредитация бағдарламасын қолдау

     Бүгінгі таңда маман даярлау жүйесінде негізгі мәселелердің бірі сапалы білім беру болып табылады.
     Жоғары оқу орнында сапаны арттыру мақсатында халықаралық білім бағдарламаларын аккредитациялау мақсаты тұр. Ол тек оқу жоспарларын халықаралық іс-тәжірибеге сәйкестендіріп қана қоймайды, сондай-ақ бүгінгі таңдағы еңбек нарығы талаптарына сәйкес келеді.
     ҚазҰТУ ҚР 5 Ұлттық жоғары оқу орнының қатарына қосылды. Осы бағытта ол «Халықаралық аккредитациялау бағдарламасына» сәйкес сапалы мамандар даярлауды жүзеге асырады. Шеврон компаниясы ҚазҰТУ-дың Америка жоғары оқу орындарымен, атап айтқанда Колорадо таукен мектебімен (Колорадо штаты, Денвер, АҚШ) ынтымақтастықты қолдайды. Осы ретте, аталған оқу орнының жетекші профессорлары білім алушылар бағдарламасын жетілдіруге, 050708 – Мұнай-газ ісі мамандығы аккредитациялауға қолдау көрсетеді. Бұл шара АВЕТ (АҚШ) Аккредитациялық агенттігінде өткізілді. Қазіргі таңда аталған агенттікте «Металлургия» мамандығы аккредитацияланды.

Болашақ