ҚазҰТУ-дың бірлескен халықаралық геологиялық іс-тәжірибесін қолдау бағдарламасы

     2009 жылдан бастап Шеврон компаниясының қолдауымен, екі жоғары оқу орны - Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ мен Колорадо тау-кен мектебінің (КТМ) бірінші бірлескен халықаралық геологиялық іс-тәжірибесі өтті. Оған ҚазҰТУ мен КТМ-ның студенттері, магистранттары және оқытушылары, сондай-ақ Шеврон компаниясының өндіріс орны қызметшілері қатысты. Зерттеу жұмысы Кіші Қаратауда, геологиялық құрылысы ұқсас Теңіз кен орны айлағында өтті.
     2010 жылы жазда КТМ-дағы әріптестердің шақыруымен ҚазҰТУ оқытушылары мен студенттері Колорадо штаты ұйымдастырған геологиялық іс-тәжірибеде болды. Қазақстандық оқытушылар мен студенттер жергілікті жердің ерекшеліктерімен танысып қоймай, іс-тәжірибе кезінде зерттеу жұмыстарын жүргізуді және жазғы геологиялық іс-тәжірибені ұйымдастыруды үйренді.
     Бұл бағдарлама 2011 жылы да жалғасын тапты. ҚазҰТУ оқытушылары мен студенттері америкалық әріптестерді Қазақстанда қабылдады. Алдағы іс-тәжірибе 2013 жылы АҚШ-та өтеді.

 

Болашақ