ҚазҰТУ жанындағы инженерлер мұнайшылар қоғамының (SPE) студенттік бөлімшесі қолдау бағдарламасы

     Шеврон компаниясы ҚазҰТУ SPE-де (Society of Petroleum Engineers Students’ Chapter) жан-жақты қолдау және қаржылай көмек көрсетеді. Себебі, ол белсенді түрде жұмыс істейтін студенттік бөлімше болып саналады. Оның жұмысын АҚШ мұнайшылары қоғамы қолдау көрсеткен болатын. Бұл бөлімше әлемдегі озат студенттік ұйымдардың ондығына кіреді. Жыл сайын компания өкілдерімен форум өткізіледі. Компанияның көмегімен IV-ші халықаралық жастардың мұнай-газ форумы ұйымдастырылды.
     2009 жылы ҚазҰТУ-да SPE ресурстық орталығы құрылды. Оны Шеврон корпорациясы осы заманғы компьютерлер мен бағдарламалық өнімдермен жабдықтады. Бұл күнде олар технологиялық ортада қолданылады. Мұнай және газ жөніндегі дүниежүзілік кәсіби басылымға жазылу жүріп жатыр.
     Шеврон инженер-мұнайшылар қоғамының студенттік бөлімшесіне ұдайы қолдау көрсетеді. 2007 жылы компания SPE президенті Ермек Қадылбековке және қоғам мүшесі Александр Демьяновқа мұнай-газ конференциясы және Ресейдің SPE бөлімшесі көрмесі аясында «Жас кәсіби мамандардың рөлі» семинарында қаржы бөлді. Ермек Қадылбеков ең үздік студенттік еңбекті таныстыру конкурсында жеңімпаз атанды. ҚазҰТУ-дың 3-ші курс студенті Әнуарбек Бейбітұлы Тотықбайға ҚазҰТУ мен ҚазҰТУ-дың инженерлер- мұнайшылар қоғамын халықаралық инженерлер мен мұнайшылар қоғамы ұйымдастырған жыл сайынғы конференция мен көрмеде таныстыру мүмкіндігі берілді. Ол Колорадо штаты Денвер қаласында 2008 жылдың 19-25 қыркүйегінде өтті.

Болашақ