Кашаганова Гулжан Бакытовна

     Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «6D071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша докторант Кашаганова Гулжан Бакытовнаның «Оптикалық талшықты Брэгг торларының спектрлік сипаттамаларын зерттеу және оңтайландыру» тақырыбында философия докторы (Ph.D) дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғауы өткізіледі.
     Диссертациялық жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Электротехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасында орындалған. Қорғау қазақ тілінде өтеді.
     Ғылыми кеңесшілер:
     1. Касимов Абдуразак Оразгелдиевич – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қ., Қазақстан;
     2. Петр Кисала – техника ғылымдарының докторы, профессор, Люблин техникалық университеті, Люблин қ., Польша.
     Рецензенттер:
     1. Якубова Мубарак Захидовна – техникалық ғылымдарының докторы, профессор, Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 05.13.06.
     2. Бахтиярова Елена Ажибековна – техникалық ғылымдарының кандидаты, профессор ассистенті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 05.13.17.
     Қорғау 2017 жылдың 10 ақпан, сағат 16-00-да Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің келесі мекен жайы бойынша өтеді: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Тау-кен ғимараты, 246 аудитория.
     Университеттің сайты: www.kazntu.kz, e-mail: ident06@mail.ru
     Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар бойынша Диссертациялық кеңестің Ғылыми хатшысы:
     Сейлова Нургуль Абадуллаевна – техникалық ғылымдар кандидаты, кафедра меңгерушісі. Байланыс деректері: seilova_na@mail.ru

 

Ғылыми еңбектердің тізімі
АҢДАТПА
ДИССЕРТАЦИЯ
Касымов А.О. пікірі
Петр Кисала пікірі
Рецензент Якубова М.З. пікірі
Рецензент Бахтиярова Е.А. пікірі
Вернуться к списку объявлений

 

Болашақ