Академиялық ұтқырлық

Академиялық алмасуы

Шақырылған профессор

      Академиялық алмасу – ҚазҰТУ-дың халықаралық жұмыс қызметіндегі негізгі бағыттарының бірі. Академиялық алмасу қысқа мерзімді білім алу немесе ғылыми-тәжірибелік бағдарламаға қатысу жолымен бакалаврларға, магистранттарға және жас ғалымдарға білімдерін жалғастыруға немесе ғылыми тәжірибе алуға мүмкіндік береді.
     Академиялық алмасуды дамыту мақсаты – білім беру сапасын жоғарылату, әр түрлi халықтардың арасындағы түсiнiстiкті және мәдениетті жақсарту, халықаралық ақпараттық бірлестік жұмысына және өмірге дайындалған жаңа ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.
      Академиялық алмасу ҚазҰТУ мен шетел ЖОО, халықаралық компаниялар, қорлар және басқа мекемелер арасындағы келісім-шарттар негізінде жүзеге асады.
    Осы жұмысты ұйымдастыру университеттің Халықаралық ынтымақтастық департаменті құрамына кіретін Академиялық ұтқырлық бөлімімен жүзеге асады. Бөлім келесі шарттарды шешеді:

  • жетекші шетелдік ғалымдарды шақыруды жүзеге асыру;
  • академиялық алмасу бағдарламасын өңдейді және жүзеге асырады (хабарландыру, кандидаттарды таңдау, құжаттарды дайындауға көмек беру);
  • академиялық алмасуды қолдаудағы стипендиялар және гранттар туралы ақпараттық базаны қалыптастырады;
  • университет білім алушыларына халықаралық бағдарламаларға және гранттар ұтып алу сұрақтарына қатысты кеңес береді және ақпараттық қолдау көрсетеді.

      ҚазҰТУ-да білім алушылардың Академиялық алмасу бағдарламасы 2011 жылдан басталды. Осы уақыт арасында Еуропа, Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Ресей ЖОО-на 79 студенттер мен магистранттар іс-сапарға жіберілді.
       2011 жылы 22 магистрант Ресей ЖОО-на, 6 магистрант Азия ЖОО-на, 5 магистрант Еуропалық ЖОО-на; 1 магистрант АҚШ-қа іс-сапарға жіберілді.
      2012 жылы 45 бакалаврлар мен магистранттар іс-сапарға жіберілді. Олардың ішінде: 35 білім алушылар Еуропалық ЖОО-на, 10 білім алушылар АҚШ-қа іс-сапарға жіберілді.
      2013 жылы ҚазҰТУ бакалаврлары мен мегистранттарын Еуропа, Америка және Оңтүстік-Шығыс Азия ЖОО-на жіберуге ҚР БжҒМ-нен қаржы бөлінді.

 

Болашақ