Халықаралық ынтымақтастық департаменті

      ХЫД Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің оқу-әдістемелік жұмыс және халықаралық қатынастар проректорына бағынатын, департамент қызметін қолма-қол басқару және бақылауды іске асыратын құрылымдық бөлімше болып табылады.

     Миссиясы

     Университеттің халықарылық қызметі сыртқы байланыстарды дамыту және әлемнің білім кеңістігіне әржақты ықпалдастық жүргізу арқылы білім және ғылыми қызмет сапасын жоғарылату және жетілдіруге бағытталған.

     Мақсаты:

  • шетел ұйымдары мен оқу мекемелерімен ынтымақтастықты орнату және дамыту;
  • академиялық алмасуды дамыту;
  • білім және ғылыми қызмет сапасын қазіргі әлемдік талап деңгейіне жеткізу.

     Міндеті:

  • университеттің халықаралық жобалар мен бағдарламаларға белсенді қатысуын қамтамасыз ету;
  • білім қызметінің экспорты;
  • шетел жоғары оқу орындарының алдыңғы қатарлы тәжірибесін үйрену;
  • электронды ақпараттық материалдарды құрастыру және web-беттерді әрдайым; жаңарту арқылы ақпараттық қолдау.
Елібаева Әйгерім Ерболатқызы
Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры

Телефон: 257-70-35
E-mail: yelibay@ntu.kz
906 каб.
Болашақ