Шетел тілдері

     Шет тілдер кафедрасы ежелгі кафедралардың бірі болып саналады. Ол Тау-кен және металлургия институтының құрамында 1934 жылы құрылған. Бастапқыда кафедра құрамы санаулы ғана болды. Үш-ақ оқытушы жұмыс істеді. Шет тілдер кафедрасының бірінші меңгерушісі Максимович Вера Леонидовна болды. Ол кафедраны 1934 жылдан 1961 жылға дейін басқарды. 1950 жылы кафедрада ағылшын, неміс, француз және орыс тілдері бойынша оқытушылар саны 10-нан астам болды. Сол жылдары кафедрада жұмыс істегендер: Усманова Р.Г., Романенко М.К., Шепелева Н.М., Дружинина В.Г., Леонтьева И.А., Бегалина С.К., Пенякина С.А., Кофанова С.А.

Кафедра оқытушылары

     1973 жылдан 1985 жылдар аралығында кафедраны филология ғылымының кандидаты, доцент Ким Петр Леонидович (Юань-Фу) басқарды. Ол жоғары білімді, жан-жақты және орыс, кәріс, қытай, ағылшын, француз, неміс тілдерін жетік білетін кемеңгер ұстаз. Эсперанто республикалық тілдерді үйрету орталығын құрушылардың бірі, сондай-ақ оның төрағасы болып қызмет атқарды. Политехникалық институттың студенттеріне арнайы ашылған «Эсперанто» үйірмесін басқарды. 1985-1986 жж. аралығында кафедра меңгерушісі Малыбаева Еңлік Мұхамеджанқызы болды. Оның кафедраның оқу-әдістемелік және тәрбиелік жұмыстарына қосқан үлесі зор. КСРО-ның жоғары білім озаты белгісімен марапатталған. Шет тілдер кафедрасын 1986-1996ж. көрнекті ғалым, педагог, филология ғылымының докторы, профессор Ахметова Сакина Габдулкаюмқызы басқарды. Сакина Габдулкаюмқызы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын бітірген.
        Ол «Ол «Герман тілдері» мамандығы бойынша филология ғылымдарының докторлық диссертациясын қорғаған Қазақстандағы бірінші ғалым әйел. Ол 1992 жылы профессор атағын алды. 1986 жылдан Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да. Профессор С.Г. Ахметованың ғылымдағы негізгі бағыты – ағылшын тілінің грамматикалық және лексикалық ерекшеліктерін оқыту. Ол 50-ден астам ғылыми мақаланың, 2 монографияның, 8 сөздіктің, 5 әдістемелік нұсқаудың авторы.

 

Профессор С.Г. Ахметова
Кафедраның ардагерлері

  Медведева В.А., Ахметова С.Г., Малыбаева Э.М.

  2002-2011 жылдар арасында шет тілдері кафедрасының меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әжібекова Гүлнар Жамаханқызы болды ол 1973 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтының ағылшын тілі факультетін бітірген. Институтты бітіргеннен кейін мұғалімдер даярлайтын Алматы облыстық институтында шет тілдер кабинетінің методисі, кейіннен меңгерушісі болды. 1974-1980 жж. Алматы педагогикалық шет тілдер институтының ағылшын тілі аспирантурасы күндізгі бөлімінде білім алып, сол жерде стажировкадан өтті. Аспирантураны бітіргеннен кейін 1980-1991жж. ҚазҚССР тіл институтында жұмыс істеді.      1980-1981жж. Г.Д.Әжібекова АН СССР (Мәскеу қ.) тіл білімі институтында білімін жетілдіріп тәжірибеден (стажировка) өтті. Гүлнар Жамаханқызы 1983 жылдан Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Әлемдік экономикалық қатынастар» факультетінің әлемдік тілдер кафедрасының меңгерушісі болды. 2001 - 2011 жж аралығында Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ шет тілдер кафедрасын басқарды. Гүлнәр Жамаханқызы басқаруымен университетте ЖОО партнерлерімен, шетелдік білім беру ұйымдарынан ағылшын тілінің тасымалдаушылармен кафедра оқытушыларының қатысуымен өтетін ағылшын тіліндегі мамандарды даярлау жүйесі орнатылған. 40 ғылыми еңбек, яғни ғылыми монография, оқу құралдары, екі-үш тілді техникалық сөздік, оқу-әдістемелік құралдардың авторы болып табылады. Гүлнар Жаманханқызы халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Экология және Өмір қауіпсіздігінің халықаралық ғылым Академиясының мүшесі, А.Машани атындағы ғылыми кеңес мүшесі. Я.Коменский атындағы халықаралық «Білім берудегі айырықша еңбегі үшін» және ҚазҰТУ -дың «Айрықша еңбегі үшін» медальдермен, ҚР БҒМ және Алматы қаласының әкімдігінің құрмет грамоталарымен мараппатталған.

 

   Қазір шет тілдер кафедрасының меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айтжанова Гүлнәр Досхожақызы. 1992 жылы Алматы Шетел Тілдері Педагогикалық институтын француз және неміс тілдері мамандығы бойынша тәмамдаған. 1993-1994 жылдары Қазақ Мемлекеттік Әлем Тілдері университетінің Жоғары Педагогокалық курстарының "ЖОО мұғалімі" квалификациясына ие болған. 2004 жылы кадидаттық диссератциясын қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. 1992-2011 жылдар аралығында Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Унверситетінде үздіксіз еңбек еткен. 2011 жылдың қазан айынан бастап Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің шет тілдер кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалған. Айтжанова Г.Д. көптеген ғылыми мақалалар мен басылымдардың соның ішінде 2 техникалық жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқулықтың, көптеген әдістемелік нұсқаулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің авторы. Сондай-ақ, халықаралық, республикалық деңгейдегі семинарларға, конференцияларға қатысады. Бірнеше рет шетелде стажировкадан өткен, 1995 ж. тілдік стажировка Ренн қ.(Франция). 2001 ж. "Француз тілінің үздік мұғалімі 2001 ж." конкурсының жеңімпазы Руайн қ.(Франция). 2007 ж. ғылыми стажировка Университет-Ле-Мирай Тулуза қ. "Франция". 2012 ж. "Өрлеу" ұлттық біліктілікті көтеру орталығы конкурсының грант иегері Ньюкастл Университеті, Ньюкастл қ. (Ұлыбритания)     

   Есманова Гулзада Тауыпқызы кафедрада 1968 жылдан жұмыс істейді.Тәжірибелі аудармашы, тәрбиеші, методист, білікті маман Алматы Гете атындағы институт семинарларына және біліктілікті жетілдіру курстарына үнемі қатысады.

 

 

 

 

 

   Француз тілі секциясын басқарушы, аға оқытушы Семенова Ирина Васильевна 1991 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын үздік бітірген. Институтта озат оқығаны үшін тәжірибеден өтуге (стажировкой) Германияға жолдама берілді. И.В.Семенова еңбек жолын Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да жалғастырды. 2004 жылдан Алматы қаласындағы француз тілі оқытушылары Ассоциациясының әкімшілік кеңесінің мүшесі. Осы ұйымның атынан Польшаға (Варшава қ.) жіберілді. Француз тілі мен мәдениетіне үлес қосқаны үшін, Францияның Қазақстандағы елшілігі атынан бірнеше рет құрмет дипломымен, Елшіліктің мақтау қағазымен марапатталған. 2006 жылы И.В.Семенова Алматы қаласындағы жоғары мектеп оқытушылары арасында өткізілген «Жылдың үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы. И.В.Семенова ғылым-зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген ғылыми ізденуші. Ол – 10-нан астам ғылыми мақаланың, 11-ден астам оқу-әдістемелік құралдың авторы.

 

   Жанжақсынова Бағдат Қадылбекқызы 1989 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын бітірген. 2003 жылдан ҚазҰТУ-дың шет тілдер кафедрасында аға оқытушы. Кафедра меңгерушісінің оқу ісі жөніндегі орынбасары. Жұмыс істеген жылдары өзін жоғары білікті маман ретінде көрсете білді. Бағдат Қадылбекқызы - филология ғылымдарының кандидаттық диссертациясы бойынша ғылыми ізденуші. Оның ғылыми бағыты герман тілдерінің лексикологиясы мен грамматикасын оқыту мәселелері. Сонымен бірге Б.Қ.Жолжақсынова – студенттерге, магистранттар мен ізденушілерге арналған әдістемелік нұсқаулар, оқу-әдістемелік кешендердің, 10 ғылыми мақаланың, 17 ОӘК мен силлабустың, 7 әдістемелік нұсқаудың авторы.

 

  Аманқулова Зейнехан Аманалиқызы -университет қабырғасында 32 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан ағылшын тілінің аға оқытушысы. 6 әдістемелік нұсқаудың, 4 оқу-әдістемелік кешеннің және силлабустардың авторы. А.З.Иманалиқызы бірталай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, өзінің біраз мақалаларын жария етті.

 

 

 

 

   Сейсембиева Светлана Қапсейітқызы 1979 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын ағылшын тілдер мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Алматы сәулет-құрылыс институтында бастады. 1983 жылы Қазақ политехникалық институтына ауысты, қазір аға оқытушы. Өзін білікті маман, мықты педагог, ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Сейсембиева С.К. бірнеше ғылыми мақалалардың, 1,2,3 курс студенттеріне арналған 4 оқу-әдістемелік кешен мен 4 силлабустың, 10 әдістемелік нұсқаудың авторы.

 

 

 

   Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Қалықова Зәуре Шаймұратқызы 1968 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын бітірді. 1976 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты сырттай аспирантурасын бітірді. 1983 жылы педагогика ғылымдарының кандидаттығына диссертация қорғады. 1993 жылы доцент дәрежесін алды. 60-тан астам ғылыми еңбегі бар. «Еңбек ардагері» медалімен, Құрмет граммоталарымен марапатталған.

 

 

 

   Омарбаева Гүлмира Сағатбекқызы 1985 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтының ағылшын тілі факультетін бітірді. 1984 жылы озат үлгерімі үшін, ГДР-да (Дрезден қ.) мамандығы бойынша тәжірибеден өтті. 2001жылы әл-Фараби ҚазҰУ-да кандидаттық диссертациясын қорғады. 2003 жылдан Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да аға оқытушы болып істейді. Машина жасау институтының «Стандартизация, сертификация, метрология» мамандығы бойынша және Тау-кен институтының «Геодезия және картография» мамандығы бойынша 2 курс студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешендері мен силлабустарының авторы. Жыл сайын өзінің біліктілігін арттырып отырады. Халықаралық үлгідегі сертификаттары бар. 2007 жылы Лондонда, Нью-Йоркте болып, тәжірибеден (стажировка) өтіп келді.


   Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мұхаметқалиева Гүлнар Оқысханқызы 1985 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын үздік бітірген. 1995 жылы «Лингвистическая природа постаянных эпитетов» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады. Ол СЕДИМЕС экономистерінің франкофониясы Халықаралық ассоциациясының мүшесі Ұлттық жаратылыстану ғылымдар академиясының корреспонденті мүшесі. Сорбонда өткен экономикалық мәселелер бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу (Франция, мамыр 2008 ж.); Санкт-Петербург қаласында (Ресей, 2008 ж.); Бухарест Валахия университетінде (Румыния, 2003 ж.); Александрия Сентор университетінде (Египет, 2004ж.); Терин қаласындағы Мемлекеттік университетте (Италия, 2005 ж.). Францияда, Италияда, Египте, Румынияда, Грецияда біліктілігін жетілдіру мақсатында тәжірибеден (стажировка) өткен. Сонымен қатар 4 халықаралық бағдарламаның координаторы болып саналады.

   Жұмабекова Үміт Жүнісбекқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 1973 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын бітірген. 1973-1975 жж. аралығында В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ-дің шет тілдер кафедрасында ағылшын тілінің оқытушысы болып жұмыс істеді. 1975 жылдан 2005 жылға дейін Алматы энергетика және байланыс институтының орыс және байланыс институтының аға оқытушысы, кейін доценттік дисертация қорғады. 1982 жылы педагогика ғылымдарының кандидаттығына диссертациясын қорғады. 1993 жылы «Тіл білімі» мамандығы бойынша доцент атағы берілді. 2005 жылдан Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да. 40 ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы. «Техникалық мәтіндерді оқу және аудару бойынша тәжірибелік курсы» оқу құралы, ғылыми мақалалары, әдістемелік нұсқаулықтары бар.

 

   Төреханова Әсима Мүбәрәкқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Төреханованың ғылыми қызығушылығы тілдікемес жоғары оқу орындарында сөз атауларын үйретудегі когнитивті лингвистиканың өзекті мәселелері 90-нан астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 6 оқу-әдістемелік құралы, неміс тілінен 4 оқу құралы бар. 2003ж Ә. Төрехановаға «Техникалық жоғары оқу орындарына арналған шет тілі оқулығын жазуға қажетті заманауи концепциясы» атты мақаласы үшін ДААД (Служба Академических обменов Германии) профессорлық стипендиясы берілді. Нәтижесінде Германияның үздік кітапханаларында 3 ай бойы ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысу мүмкіндігіне ие болды. 2003ж Әсима Мүбәракқызы «Zwischen Europa und Orient – Vittelasien / Kaukasus im Fokus der Wissenschaft» халықаралық конференциясына қатысты. 2008ж Рур университетінің докторы, профессор Рейн Вестфалиямен авторлық бірлестікте техникалық мамандықтар бойынша студенттерге неміс тілі оқулығын жазды. Бұл оқулық Еуропа университеттері баспаханаларында басылып таратылды.

   Шорабаева Нәбинұр Кайырғажықызы 1969ж Алматы педагогикалық шет тілдер институтының неміс тілі факультетін бітірген. 1984ж М.Торез атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық шет тілдер институтында (МГПИИЯ) филология ғылымдарының кандидаттығына диссертация қорғады. 1993 жылдан доцент. 2005 жылдан Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да қызмет етіп келеді. Көптеген ғылыми мақалалардың, әдістемеліктердің, ОӘК-нің авторы. Германияда (1989, 1998, 2002 жж.), Мәскеуде, Алматы қаласындағы Гете атындағы институтта тәжірибеден өтті.

     

 

 

2011 жылдан бастап шет тілдері кафедрасы Ақжан Машани атындағы Базалық білім беру институты құрамына енеді.

 

 

 

 

 

 

Болашақ