Қазақ тілі

Қазақ тілі кафедрасының тарихы

     Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», – деп мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің ертеңгі келешегін айқындады. Мемлекет басшысы ел экономикасы мен шаруашылығы, мәдениет пен ғылым-білім саясаты жөнінде өткен бірде-бір жиында қазақ тіліне соқпай кеткен емес. Жақын болашақта алдыңғы қатарлы мемлекеттер сапынан көрінетін Қазақстанның мемлекеттік тілі де дүниежүзінде танылған халықаралық тілдердің қатарынан орын алуы Тәуелсіз Қазақстан Республикасы тіл саясатының болашақтағы басым бағыты екендігін көрсетеді. Өйткені қазақ тілі мың жылдық тарихы бар дүниежүзіндегі ең бай да көркем, жетілген тіл ретінде озық ойлы тіл мамандарының бағасын әлдеқашан алған. Сол тілді үйретудің әдістемесін жетілдіріп, заманауи жаңа технологиялар негізінде дамуы тіл мамандарының қабілет, қарымына байланысты. Сол тілді үйретудің әдістемесін жетілдіріп, заманауи жаңа технологиялар негізінде дамытуда Қазақ тілі кафедрасы да еңбек етуде. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алған кезеңіне сәйкес ана тілімізге деген зор ілтипат пен қамқорлықтың куәсі ретінде Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қара шаңырағында да « Қазақ тілі» кафедрасының жоғары оқу орындары арасындағы ең алғашқылардың бірі болып 1990 жылдың қазан айында іргетасы қаланды. Аталған жылы Қазақстандағы жоғары оқу орындарында қазақ тілі кафедраларын ашу қолға алынғанда, алғашқылардың бірі болып кафедра ашқан және сол кафедраға айрықша жағдай туғызып, барлық мүмкіндік берген, аянбай үлес қосқан сол кездегі басшыларымыз, бүгінгі күндегі тілге де, кафедраға да қамқор, жанкүйер болып отырған алды ата, арты әке болып жүрген ағаларымыз балаша қуанып, кафедраның аяғынан тік тұрып кетуіне бар көмектерін жасап, күш жұмсады. Олар академиктер: А.Машанов, Ә.Омаров, Д.Кішібеков, М.Бәкенов, Ш.Есенов, профессорлар: М.Батырбеков, Ұ.Сыдықов, Ш.Байысбеков, Ғ.Нысанбай, М.Нұрпейісова, Т.Кенеев және т.б. Осы ағаларымыздың есімдері кафедра тарихында ерекше ілтипатпен аталады. Кафедра бүгінгі күні 25 жылдық тарихы бар, университеттің әл-Машани атындағы институт құрамындағы, өзіндік бағыт-бағдары мен орны бар тәрбие білім берудің ғылыми-әдістемелік озық технологияларын меңгеру жолында аянбай күш салып жатқан ұйымшыл ұжым. Кафедраның тұңғыш меңгерушісі п.ғ.д. Р.Ә.Шаханова болды. Ол 1990-2004 жылдары, кейінгі 2004-2008 жылдары п.ғ.д. К.Б. Жақсылықова басқарды. 2008 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кафедраны ҚР Гуманитарлық ғылымдар Академиясының және Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының корреспондент мүшесі, профессор Гүлбаршын Тұрсынқызы Тұрсынова басқарады.

 

 

 


Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі Гүлбаршын Тұрсынқызы Тұрсынова

    Г. Т. Тұрсынова ерен еңбегі үшін ҚазҰТУ-дың 70 жылдығына орай «Айрықша еңбегі үшін» медалімен, Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, ҚазҰТУ-дың 75 жылдығына орай «ҚазҰТУ-дың ардагері» белгісімен, ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы. Алтынсарин» төс белгісімен, «Саңлақ автор» Қазақстан Жоғары оқу орындары қауымдастығы, Жоғары оқу орындары оқулықтарын жазудағы нәтижелі еңбегі үшін А. Байтұрсынов атындағы медалімен, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды, 2013 жылы Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының жарғысы негізінде корреспондент мүшесі болып сайланды. 2015 ж. Алматы қаласы әкімінің грамотасымен марапатталды. Халықаралық (Ресей, Польша, Түркия, Чехия, Башқұртстан, Қытай) республикалық, аймақтық және жоғары оқу орны арасындағы ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік конференцияларға әрдайым қатысып, баяндамалар жасайды. Жүзден аса ғылыми мақалалары жарық көрген. Оның ішінде 1 монография, 6 оқулық, 12 оқу құралы, 30-дан аса әдістемелік нұсқау, 15 ОӘК сондай-ақ халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында еңбектері жарияланды.

Қазақ тілі кафедрасының ұжымы

     Бүгінгі күнгі кафедраның ең негізгі жетістігі – үнемі ізденіс үстінде тәжірибелі ұжым болып қалыптасуы. Кафедрада 1 академик (Г.Т.Тұрсынова), 3 профессор (Г.Т.Тұрсынова, К.Б.Жақсылықова, Ұ.Р.Шүленбаева), 6 доцент (Р.Ш.Абдисулейменова, Т.Т.Садақбаев, С.С.Айтжанова, Г.Д.Рыскелдиева, А.С.Итемирова), филология ғылымдарының кандидаттары, аға оқытушылар (Г.Ө.Заурбекова, А.К.Өмірзақова, Г.Серікбаева), аға оқытушылар (А.Ә.Өмірбеков, Ұ.Ж.Ахметбаева, А.М.Монтаева, К.С.Рысқұлбекова, В.М.Сағымбаева, Р.Б.Қадырқұлова, Қ.Ш.Зарлықова, М.Б.Бердиллаева, Қ.Ә.Илесова, Ы.Мамекеева, А.Мақанова, Р. М. Өскенбаева, А. М. Қазезова, С. С. Татиева, Н.И.Бөлекбаева, А.Бакиева, А.Анламасова, Ж.Ибрагимова), оқытушылар (Ш.Бектұрғанова, А.Ж.Каликова) және кафедраның ірге тасын қаласқан ғалымдар, білікті, тәжірибесі мол ұстаздар қызмет етеді. Кафедра оқытушыларының бірнеше монография, оқулықтары мен оқу құралдары жарық көрді. Авторлары: Г.Тұрсынова, Ұ. Шүленбаева, Г.Рыскелдиева, А.Итемирова. Кафедра ұжымы ғылыми-теориялық тұрғыдан ғана өсіп қоймай, әдістемелік еңбектер жазумен үнемі айналысады. Әр ай сайын кафедрада оқу-әдістемелік кеңес семинарлары, ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Студенттер арасында ғылыми-теориялық конференциялар, пәндік олимпиадалар өткізіп тұру дәстүрге айналған. Оған жауапты оқытушылар өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарып келеді. Сонымен қатар кафедра оқытушылары қала мектептеріне барып, кәсіби бағдар жұмыстарын да жүргізуде. Мемлекеттік тілді өркендету мақсатында әр түрлі мерекелік іс-шараларға, тәрбие жұмыстарына да кафедра мүшелері белсене араласып, белгілі жазушы, ғалым, ақын, қоғам қайраткерлерімен кездесу, дөңгелек үстел өткізуде бастамашы болып отырады.   

 

 

Болашақ