Орыс тілі

Орыс тілі кафедрасы

     Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің орыс тілі кафедрасы 1970 жылы құрылды. 1976 жылы кафедра таратылып, соның негізінде қазақ топтарының студенттері үшін және шетелдік студенттер үшін орыс тілі кафедрасы құрылды, шетелдік студенттер Алжир, Сирия, Израил, Түркия, Үндістен және де т.б. 39 елден келіп білім алды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін 1992 жылы шетелдік студенттер контингентінің қысқаруына байланысты, екі кафедра қайта бірігіп, орыс тілі кафедрасы қайта құрылды. 1997 жылы кафедра шет тілдері кафедрасына қосылды, ал 1998 жылы қазақ тілі кафедрасының құрамына кірді. Тек 2000 жылдың маусым айында ғана кафедра бөлініп шықты. 2004 жылдың 1 қыркүйегінен кафедраны ф.ғ.д., профессор – А.Ш.Алтаева басқарып келеді.

Кафедра оқытушылары
Орыс тілі кафедрасының ұжымы

    Алғашқы жылдары кафедрада небары 9 оқытушы қызмет жасады. Кафедраның дамуына айрықша үлес қосқан: п.ғ.к., доцент Р.Г.Усманова, п.ғ.к., доцент Ұлы Отан соғысының ардагері Қ.Қ.Қадыржанов, доцент Н.В.Быстролетов, ф.ғ.к., доцент А.Н.Жаназарова, тәжірибелі оқытушылар: М.М.Кайбалдина, Д.Ю.Жантурина, С.Р.Касымова, К.И.Омарова, Р.Х.Тастайбекова, М.Н.Ахметтаева, З.И.Алибаева, А.Б.Душимова, ф.ғ.к. С.М.Турткарина және т.б.
    Кафедра 2011 жылдан бері Ақжан Машани атындағы Базалық білім беру институтының құрамына кіреді. Кафедра оқытушылары университеттің барлық мамандықтары бойынша оқитын қазақ бөлімі студенттеріне орыс тілінен сабақ береді. Диаспора студенттері жеке топтарға бөлінген. Жоғары курстарда «Техникалық орыс тілі» элективті пән ретінде жүргізіледі.
    Курстың мақсаты – мамандар дайындау мәселесімен тығыз байланыста болатын жетекші, білім беру және тәрбиелік мақсаттарды кешенді жүзеге асыру.
    Пәнді оқыту мәселелері: 1. Қатысымдылықтың әлеуметтік-мәдени және қоғамдық-саяси салаларында тілдік құзыреттілікті белсендіру және тереңдету. Оқу-кәсіпік салада тілдік құзыреттілікті қалыптастыру және жетілдіру, мамандық тілін үйрету.
    Кафедраның алдында тұрған басты мақсат – мамандықты тілге үйрету. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін орыс тілін оқытудың инновациялық әдістері мен концепцияларын үнемі іздеу жүргізіледі.
    Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 2012-2013 оқу жылында 26 адамды құрайды, оның ішінде ғылым докторы, профессор – 2, ғылым кандидаты, профессор – 2, ғылым кандидаттары, доцент – 11, д/ж доценттер – 1, ғылыми дәрежесі мен атағы бар жалпы мамандар саны – 16 (62%). 


Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор А.Ш. Алтаева

Болашақ