Маркшейдерлік іс және геодезия

     Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Маркшейдерлiк iс және геодезия» кафедрасы ең көне кафедраларының  бiрi болып табылады. 1934 жылы Халық Кеңесі Комиссаларының қаулысы бойынша, ол Казақ тау-кен металлургия институтының алғашқы тоғыз кафедраларының бірі болып құрылған. 1934 жылдың қыркүйегінде  кафедра меңгерушiсi болып доцент Н.С.Старков тағайындалды. Кафедраны меңгеруге 1937 жылы Мәскеу тау-кен институтының жас ғалым, профессоры  П.А.Рыжов шақырылды. Оның бастауымен Қазақстанда тау-кен инженер-маркшейдерлерін даярлау басталды. Алғаш мамандандырылған инженер-маркшейдер ғылыми атағына 1942 жылғы бітірген түлектер ие болды. Профессор П.А.Рыжовтың атымен Қазақстанда маркшейдерлік ғылыми мектебi құрылды.
     1939 жылы «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасында аспирантура ашылды. Қазақ тау-кен металлургия институтының алғашқы студенттерінің бірі болған А.Ж.Машанов кафедраның бірінші аспиранты болды. А.Ж.Машанов кейінен әлемдік деңгейдегі ғалым ретінде танылды.       2006 жылы ЮНЕСКО А.Ж.Машанов жылын белгіледі.      
     Ұлы Отан соғысы жылдарында кафедрада педагогикалық жұмысты өте білімді және сапалы атқарған профессорлар: Н.Г Кель, Осташенко, Н.С. Кудрявцев, Л.С. Хренов болған. Олардың Қазақстандағы маркшейдерлік ғылыми мектебіне қосқан үлесі өте зор.
     «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедра меңгерушілері: доцент  С.С. Куров (1942 – 1949 жж), доцент Л.А.Шрубко (1949 – 1960 жж),  профессор А.Ж.Машанов (1960 – 1988 жж), доцент Б.М.Жарқымбаев (1988 – 2004 жж). 2004 жылы кафедра меңгерушісі болып профессор Ж.Д. Байгурин тағайындалды. Олардың барлығы тау-кен өндіріс саласына ғылыми және өндірістік мамандарды даярлауға көп үлес қосты.
     Кафедра құрылғаннан бері 2000-ға жуық инженер-маркшейдерлер дайындаған, олар қазіргі таңда Мемлекеттік басқару органдарында, ғылыми-зерттеу институтында, Қазақстандағы тау-кен өнеркәсіп орындарында және де ТМД елдерінде жұмыс жасауда. Бітірген түлектердің арасынан түсті металлургия министрінің орынбасары Л.М.Катков және А.А.Парамонов болған және де көптеген басқа түлектер бiрiншi кәсiпорын басшылары қызметiн атқарған. Олар: Седлов М.Г(Гипроцветмет), Мәуленқұлов С.М. (ПО «Ачполиметалл»), Думанов И.М. (Лениногорск ПК), Еспанов Д.Е. (ПО «Балхашмедь»), Дәуренбеков А. (Текелі СЦК), Итемгенов К.И. (Караснооктябрь боксит кеніші), Баяндаров А.И. (Иртышский ПМК),  Сапаков Е.А. (директор Джезказган НИПИ цветмедь) және т.б.
     Үлкен ғалымдар және жоғарғы ғылыми мектеп ұстаздары болып кафедра түлектері мүше корреспонденті ҚР ҰҒА Ж.М.Каңлыбаева, РФ еңбек сіңірген ғалымы профессор МГГУ Попов В.Н., ҚР ҰҒА Ержанов Ж.С. и Қаюпов А.К., профессор Поклад Г.Г., профессор Окатов Р.П., профессор Ипалаков Т.Т., профессор ШҚТУ Антонов В.А.,  профессор ТарМТУ Мүлдеков И.О., профессор КарГТУ Сабденбеков У.И., профессор КазГАСА Пентаев Т.П., д.т.н. Қалиев С. (ТКИ ҚР ҰҒА), д.т.н. Шамғанова Л.С. (ТКІИ ҚР ҰҒА).
     Казақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін Б.М.Жарқымбаев және Ж.Д.Байгуриннің бастауымен Қазақстанда жаңа мамандықтар бастау алды, олар геодезия төңiрегiндегi және картография, жерге орналастыру, кадастр мамандықтары болып табылады. Қазіргі таңда кафедрада екі түрлі маман иелері даярланды: 050707 – Маркшейдерлік іс, 050711 – Геодезия және картография. Қазақ және орыс бөлімдерінде 900-ге тарта студенттер білім алуда. Кафедра құрамында 10 оқу зертханасы, Қапшағай су қоймасы жағалауында геодезиялық оқу полигоны бар. Алматы қаласында ірі өндіріс орындарының 4 филиалы орналасқан.
     Оқу зертханаларының инновациялық технологияларды енгiзуi бойынша, қазiргi заманға сай компъютерлік технология бағдарламалық-аппараттық кешендер, басты навигациялық спутник жүйелері сандарымен және электрондық геодезиялық  құралдарымен жоспарлы түрде жабдықталады. 2008 жылы оқу жұмыстарына арналған  электрондық тахеометр, сандық нивелир, GPS-тың спутниктi навигациялық жүйе, роботтандырылған лазер сканерi алынды. Кафедра маңында ГАЖ – технологиялар зертханасы бар.
     Қазіргі кезде бакалаврларды даярлау әлемдік стандарттар негiзiнде, студенттердiң өзiндiк жұмысы несие технологиясы бойынша жүргiзiледi. Оқу формасының бас компонентi (ОӘК ) пәннiң оқу-әдiстемелiк кешендерi болып табылады.
     Кафедра 60-тан астам мамандандырылған профессор-оқытушылардан құрылған. Олар: д.т.н., проф. Нұрпейісова М.Б., д.т.н., проф. Қалыбеков Т,Қ. д.т.н. проф. Байгурин Ж.Д.,  к.т.н. проф. Жарқымбаев Б.М., к.т.н. проф. Хан В.А. және 20-дан астам доцент жұмыс істейді. Кафедра мұғалімдерітүгелдей дерлік профессор А.Ж.Машановтың оқушылары болған, олар жердiң табиғи қорын барлауға, геомеханика, геоэкология, маркшейдерлік іс және геодезия ғылымдарына жол ашты.
     Кафедра ғалымдары соңғы 3 жылда біріңғай құру ерекшеліктерін анықтауына байланысты аспаптар мен әдістердің 10-нан астам патенттерін және қоршаған ортаға техногенді үрдістердің әсерінің төмендеу әдістерін алды. Ғалымдардың еңбектері шеткері және таяу шет елдер баспаларында жарияланды.
     Кафедралар бастамасы ғылым және маркшейдерия төңiрегiнде өндiрiстiң арнаулы мәселелерiне халықаралық ғылыми-практикалық конференция үнемi ұйымдастырылады. Ғалым және ойшыл А.Ж. Машановтың 100 жылдығына арналған ғылыми – тәжірибелік конференция өткізілді. Кафедраның 75 –жылдығына қарсаңында  ҚазҰТУ-да және кафедрада «Қазақстан – 2009 маркшейдері мен геодезия» конференциясына дайындық жүргізілуде. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет мемлекеттік картография – геодезия саласын дамытуды талқылауға қол жеткізілді.
     Кафедра Ресей, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыстан жоғарғы оқу орындарымен, Ресейдің ғылыми – зерттеу институттарымен тығыз байланысты орнатты және тәжірибе алмасады, бірлес ғылыми жұмыстар жүргізеді. Кафедра ғалымдары халықаралық конференцияларға және симпозиумдарға қатысады.
     Кафедраның ғылыми – педагогикалық қызметiнiң сапа көрсеткiштерi «Жоғары білімнің үздік оқытушысы» атағының, А.Байтұрсынов атындағы медальдің қазақ және орыс тілінде стандартқа сәйкес оқулықтар жазғаны үшін кафедраның 5 оқытушысына берілуі болып табылады.
     ҚазҰТУ – да «Маркшейдерлiк iс және геодезия» кафедрасын  Машанов  кафедрасы деп атайды, өйткенi Ақжан Жақсыбекұлы Машанов жарты ғасырдан астам еңбек сiңiрдi, кафедраның одан да дамуына себепшi болатын жас ғалым – педагогтарды тәрбиеледі. Кафедра ұжымы 75 жылдық той қарсаңында барлық талапқа сай келетін  мамандарды әзiрлеу мақсаттарын қойды.

БІЗДІҢ МЕКЕН – ЖАЙЫМЫЗ

     050013,  Алматы қ. , Сәтбаев көш.  22, ТКМ ғимараты, 251, 253, 255  аудиториясы, Телефон 8(727)-2577061 факс 2577163

Болашақ