Металлургиялық процестер, жылу техникасы және арнайы материалдар технологиясы

1938 жылы Қазақстанда алғаш рет Қазақ тау кен-металлургия институтында инженер-металлургтарды даярлайтын «Жалпы металлургия» базалық кафедрасы құрылған болатын. Оның бірінші меңгерушісі доцент, техн. ғыл. канд. Барабошкин С.Н. болды.

Алғашқы металлургиялық зертханаларды ұйымдастыруда Орал политехникалық институтының түлектері, кафедрада 40 жыл жұмыс істеген, Силина Юлия Константиновна (кафедра оқытушысы) және Дегтярева Екатерина Дмитриевна (лаборант) қатысты. Сабақтар жүргізу үшін мына техника ғылымдарының докторлары, профессорлар шақырылды: Сажин Виктор Сергеевич (кейіннен – Украина ҒА мүше-корр.), Исакова Руфина Афанасьевна (Қазақстан ҒА мүше-корр.), Цефт Андриан Лукьянович (Қазақстан ҒА академигі), Путилин Юрий Михайлович (кейіннен Қазақстандағы минералды шикізат институтының және Ресейдегі жасанды минералдар институтының директоры).
Кафедрада, кейіннен Қазақстан үшін бірқатар жаңа мамандықтар бойынша студенттер даярлауды ұйымдастыруға негіз болған пәндер енгізілді. Мысалы, «Металтану» пәнінің негізінде «Металтану және металдарды термиялық өңдеу» мамандығы, ал «Металлургия процестерін автоматтандыру» курсы негізінде сонымен аттас мамандық пайда болды.

Кафедра үшін 1980 жыл айрықша мәнді болды, бұл жылы Қазақстан үшін жаңа мамандық «Металлургия процестерін физика-химиялық зерттеу» бойынша студенттерді даярлаумен байланысты, кафедра статусын өзгерту туралы шешім қабылданды: ол мамандық беруші кафедралар қатарына қосылды. Оқу процесін жүйелендіруде көптеген ғалымдар үлкен үлес қосты, профессорлар: Романов Л.Г. – ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Луганов В.А., Байысбеков Ш.Б., Байқонырова Ә.Ө., Әбжаппаров Ә.Ә., доценттер: Ищанов Т.К., Түркеев М.Е., Никифоров Ю.А., Василевский О.В., Сажин Е.Н., Еділбаева Г.И., Усольцева Г.А.; инженерлер: Барабанов Н.С., Бутовченко Л.Г., Снежко Л.Г., Подолеева Т.Г., Василенко М.В. және басқалар.

Қазіргі кезде кафедрада ПОҚ құрамында 3 техникалық ғылым докторы, 11 техникалық ғылым кандидаты, 2 PhD докторы, 1 магистр – ассистент жұмыс істейді; оқу процесін тұрақты дамытуды қамтамасыз етуде 5 инженер көмектеседі.

Кафедраның құрылған уақытынан бері меңгеруші болғандар:
1938– 1941 ж.ж. – техн. ғыл. канд., доцент Барабошкин С.Н.;
• 1941– 1956 ж.ж. – профессор Буллах А.А.;
• 1956 – 1961 ж.ж. – техн. ғыл. докторы, профессор Сушков К.В.;
• 1961 – 1966 ж.ж. – техн. ғыл. докторы, профессор Цефт А.Л.;
• 1966 – 1974 ж.ж. – техн. ғыл. докторы, профессор Сушков К.В.;
• 1975 – 1980 ж.ж. – техн. ғыл. кандидаты, доцент Луганов В.А.;
• 1980 – 1997 ж.ж. – техн. ғыл. докторы, профессор Романов Л.Г. ;
• 1997 – 2000 ж.ж. – хим. ғыл. канд., доцент Байқонырова Ә.Ө.;
• 2001 – 2003 ж.ж. – техн. ғыл. кандидаты, доцент Василевский О.В.;
• 2003 – 2005 ж.ж. – техн. ғыл. докторы, профессор Махамбетова Ұ.Қ.;
• 2005 жылдан қазірге дейін – техн. ғыл. докторы, профессор Байқонырова Ә.Ө.

Кафедраның айрықша мәнді жылдары:
• 1978 жыл – «Металлургия процестерін физика-химиялық зерттеу» мамандығына алғаш рет студенттер қабылданды;
• 1980 жыл – кафедра мамандық беруші статусына ие болды;
• 1982 жыл – ҚазССР ҒА металлургия және байыту институты базасында кафедраның филиалы ұйымдастырылды;
• 1983 жыл – «Металлургия процестерін физика-химиялық зерттеу» мамандығы бойынша алғашқы 40 инженер-металлургтардың бірінші легі бітірді;
• 1993 жыл – «Металлургия процестерін физика-химиялық зерттеу» мамандығы бойынша студенттер мемлекеттік тілде дайындала бастады;
• 1998 жыл – «Металлургия процестерін физика-химиялық зерттеу» мамандығын мемлекеттік тілде игерген алғашқы 6 инженер-металлург шығарылды;
• 2000 жыл – «2406 – Ұнтақты металлургия, композициялық материалдар, қаптамалар» мамандығы бойынша студенттер даярлау басталды;
• 2004 жыл – 050709 – Металлургия бакалавриат мамандығы бойынша даярлау басталды;
• 2007 жыл – Қазақстан Республикасында алғаш рет «Металлургия» мамандығы бойынша PhD дәрежесіне ізденушілерді даярлау басталды;
• 2008 жыл – 050709 – Металлургия мамандығы бойынша бакалаврлардың алғашқы тобы шығарылды.

Іргелі және қолданбалы зерттеу бағыттары:
• полиметалдық, алтын-, мыс- және мышьякқұрамды шикізаттарды өңдеу процестері;
• гетерогендік процестердің механизмі мен кинетикасы;
• құрамы бойынша күрделі ерітінділерден ауыр түсті және сирек металдарды бөліп алудың сорбциялық және экстракциялық процестері;
• арнайы қорытпалар, композициялық және ұнтақты материалдар.

Мекен- жайымыз:
050013, Алматы қ., Сәтбаев көш., 22 Тау-кен-металлургия ғимараты (ТМК), № 232, 234 (Тау-кен металлургия институтының дирекциясы), № 301, 302, 303, 304, 305, 306, 307, 308, 309, 310, 311, 312 бөл. (МПЖжАМТ кафедрасы)






Болашақ