Түстi металдар металлургиясы

     Қазіргі уақытта кафедра әлеуметі жоғары білікті профессорлық – оқытушылар (ПОҚ) және оқу- тәрбие ісі құрамынан тұрады. 050709 «Қара, түсті металлургия және сирек металдар» мамандығы бойынша металлургия бакалаврларын және 6М0709 «Қара, түсті және сирек металдар» мамандығы бойынша магистранттар даярланады.
     Кафедраның құрамында -16 адам ПОҚ, соның ішінде -14 және орын ауыстырушы –3 адам бар. Численность ОТҚ – 4 адам. Кафедраны т. ғ. д. профессор, Т.С. Дәулетбақов басқарады. 
     Кафедрадағы ғылыми- зерттеу және оқытушылық жұмысты металлургия саласындағы білікті мамандар – ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Қожахметов С. М., ҚР Инженерлік академияның академигі, т.ғ.д. Тілеуғабылов С.М., профессор Еденбаев С.С., т.ғ.д. Дәулетбақов Т.С. басқарады.
     Профессор С. М. Қожахметовтың ғылыми жетекшілігімен – физикалық -химия негіздері және мыс металлургиясында тиімділігі жоғары жаңа автогенді процессті ғылыми бағыт құрылды, жаңа термодинамика, кинетика және қышқылды – тотықсыздандыру процесінің сульфид- оксидтік жүйесі механизімін алғаш дамытты. С.М. Қожахметов ССРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ғылымға елеулі үлес қосқаны үшін медалімен және орденмен марапатталған.
       С.М. Тілеуғабылов профессор, ҚР Инженерлік академиясының академигі –металдардың диссоциялық –адсорбциялық тотықсыздану теориясын – жаңа теориялық бағытта құрды. Оның ғылыми жұмысының негізгі бөлігі бүкіл кеңестік бағдарлама негізінде және Нижний - Тагиль металлургия өндірісінде, Криворожск және Қарағанды металлургиялық комбинатында экономикалық тиімділігі мол тәсіл ретінде қолданылды. Оның металлургия процестерінің теориясы бойынша үш үлкен монографиясы жарыққа шықты.
      С.С. Еденбаев проф., түсті және сирек металдар металлургиясы бойынша ғылыми- зерттеу жұмыстарымен айналысады. Вакуумдық жағдайда сирек металды газотранспорт процессімен рафинирлеу технологиясы және осы процесс аппараттарын ойлап тапты. Еденбаев С.С. түсті және сирек металдарды алудың жартылай өнімдерін өңдеуге үлкен мән береді. Өндіріске енгізген жаңалықтары үшін «Изобретатель КСРО» атағын алды, КСРО БХЖК медалімен марапатталған.
     Кафедрада магистранттар және тәжірибе жинақтаушы-зерттеушілер оқиды. Магистранттарға және ізденушілерге ғылым доктарлары, профессорлар (Дәулетбаков Т.С., Байысбеков Ш.Б., Тілеуғабылов С.М., Еденбаев С.С.) жетекшілік жасайды.
     Кафедраның ғылыми әлеуеті болашақтағы ғылыми-зерттеу жұмысының орындалуына, металлургия өндірісінде ғылыми- техникалық прогрестің дамуына және жоғары білікті ғылыми кадрлар даярлау міндеттерін шешуге мүмкіндігі бар. 2005 - 2010ж кафедрада 3 докторлық және 5 кандидаттық диссертация қорғалды. Қазіргі уақытта 5 кандидаттық, 7 магистрлік диссертация дайындалуда. Кафедра өз түлектерін атақты ғылым қайреткері, академиктер және ҚР-ң ҰҒА мүшесі-корреспонденттері - Е.А. Букетов., Д.Н. Әбішев., И.А.Онаев., Л.П. Ни., Р.А. Исакова. Халық Қаһарманы А.С. Куленов, Социалистік еңбек ері И.С. Воронин, Ерен Еңбегі үшін, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Б.М. Шаяхметовты  мақтан тұтады. Сонымен қатар түлектердің 19-ы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және 10-ы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды.
     Кафедра мүшелері өз жұмысын бүгінгі күннің сұранысын қанағаттандыруға метал өндірісіндегі ғылыми- техникалық жетістіктерді білуге қарай оқытады, өндіріс орындарымен, ғылыми басқармалармен байланысты кеңейтеді, ғылыми және оқу жабдықтарын жаңалауға іс- әрекет жасайды.  

Байланыс

     Мекен-жайы: 050013, Алматы, Сәтбаев көш., 22, Тау-кен институтының ғимараты 131, 121 бөлм. Жұм. тел.  257-71-90, 292-31-21

 

 

Болашақ