Пайдалы қазбаларды жерасты игеру

     Тау-кен факультетінде «Кендік қазба» мамандығы 1935 жылы ашылып, «Пайдалы қазба кен орындарын игеру» кафедрасының ең алғашқы меңгерушісілігіне – тау-кен ісінің көрнекті ғалымы, профессор Г.В. Ключанский тағайындалды. Одан кейінгі жылдары бұл кафедраға И.З. Лысенко жетекшілік жасады.
     Тау-кен факультеті құрылғаннан бастап «Пайдалы қазба кен орындарын қазу» курсынан кафедрада Ащысай полиметалл комбинаты бас инженерінің орынбасары М.Х. Мамыров дәріс оқыды.
     1939 жылы «Пайдалы қазба кен орындарын игеру» мамандығы бойынша 32 тау-кен инженері бітіріп шықты, олардың ішінде бірінші тау-кен инженері қазақ әйелі Р.М. Мухамеджанова болды. Келесі 1940 жылы бұл мамандықты бойынша 35 адам ойдағыдай бітірді. 20 жылдан соң 2500 тау-кен инженері даярланып шығарылды.
     1940-1941 оқу жылдарында Үкіметтің шешімімен кен-металлургия жоғары оқу орындарында «Пайдалы қазба кен орындарын игеру» мамндығының орнына «Кен және кенқайран кен орындарын игеру» мамандығы кіргізілді.
     1941-1963 жж «Пайдалы қазба кен орындарын игеру» кафедрасын техника ғылымдарының докторы, профессор (1940), ҚазКСР-ның ҒА мүше-корреспонденті (1946ж), ҚазССР ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткері Александр Васильевич Бричкин басқарды. Оның ұйымдастыруымен қопарып жару жұмыстарын кешенді механикаландыру зертханасы жұмыс істеді. Ол - 160 баспа табақ ғылыми еңбектердің, жүздеген қолжазба, есептер, сараптау, баяндамалардың авторы. КСРО Министрлер Кеңесінің өнертапқыштық істер бойынша комитетінің авторлық куәліктері берілген, бірнеше өнертабыстардың авторы.
     1947 жылы тау-кен факультетінде – «Тақталы (көмір) кен орындарын игеру» мамандығы ашылды. 1949 жылы Орта Азия индустральдық институтынан «Тақталы кенорындарын игеру» кафедрасының меңгерушілігіне Өзбекстан ССР ғылым мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер, техника ғылымдарының докторы, профессор А.С. Попов шақырылды. 1961 жылдан бастап кафедраның атауы «Пайдалы қазба кен орындарын игеру технологиясы және кешенді механикаландыру» болып өзгертіліп, 1964 жылға дейін профессор А.С. Попов жетекшілік жасады. 1964 жылдан өмірінің соңына дейін (15 наурыз 1980ж) кафедраны ҚазКСР ҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор О.А. Байқоңыров басқарды.
     Кафедра ашылғаннан бері 4500 астам тау-кен инженері, 18 докторлық және 250 астам кандидаттық диссертациялар қорғалды. Мемлекттік және орыс тілінде, 40-тан астам монография мен 15 аса оқулық жарық көрді. Кафедра ұжымы екі кен-техникалық сөздіктің және екі кен-техникалық анықтаманың баспадан шығуына белсене қатысты.
     Кафедра түлектерінен Ш.А. Балгожин, Т.Е. Жакупов,  П.Ч. Шолақов, И.М. Никифиров, М.Е. Медведев, А.М. Бейсебаев, Н.Х. Баязит, Д.Ж. Каражанов, Б.Ө. Раскельдинов, С.В. Цой, Х.А. Юсупов, Ш. Абдарамн, Ә.О. Әлібаев сияқты үлкен ғалымдар шықты.
     2009 жылдан кафедраны Ақпараттану академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Әлібаев Әмір Омарбекұлы басқарады.
     Кафедраның оқу жұмысы «ҚР Жалпыға міндетті білім берудің мемлекттік стандартына» және 2002, 2004 және 2006 жылдардағы оқу жоспарларына сәйкес 050707-«Тау-кен ісі» және «Пайдалы қазба кен орындарын жерасты игеру», «Уран кен орындарын жерасты әдісімен игеру» мамандандықтарының оқу үрдісін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.      Қазіргі таңда кафедрада «050707-Тау-кен ісі» мамандығының «Пайдалы қазбаларды жерасты игеру» мамандандыру бойынша оқитын бакалаврлардың саны 1 курста – 41 студент, 2 курста – 41 студент, 3 курста -36 студент, 4 курс – 42 студент білім алуда. 2011 жылы бакалаврларды күндізгі даярлау бөлімі бойынша 42 студентті, сырттай оқу бөлімінен – 5 және қашықтан басқарып оқыту бөлімі бойынша 14 студентті құрайды.
     Кафедрада 6В070700 мамандығы бойынша магистранттар білім алуда.
     Бакалавриат мен магистратураның барлық мамандықтары бойынша мамандар күндізгі оқу бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде даярланады.
     Кафедраның 2010-2011 оқу жылындағы процесін қаматамсыз ету үшін профессорлық –оқытушылық құрамының 13,5 бірліктен тұратын штаттық кестесі бекітілді.
     Кафедрада бакалавриат пен магистрантураға 6 ғылым докторы және 6 ғылым кандидаты дәріс береді.
     Бакалавриаттық және магистратураның барлық мамандықтары бойынша силлабустар мен ОӘК жасалып бекітілген.
     Оқу үрдісінде пайдаланылады:
          - бакалавриат және магистратураның арнайы мамандықтары бойынша интерактивті тақтаны пайдаланып дәрістерді презентациялау;
          - жерасты кеніштерінде қолданыста кеңінен таралған кен орнының ашу тәсілдері мен қазу жүйелерінің модельдері және т.б. бар;
          - 2010-2011 оқу жылында жүргізілген түгендеу (инвентаризация) жұмыстарының жоспарына сай, кафедра университетіміздің кен-металлургия оқу ғимаратының мына бөлмелерде орналасқан:

  • 1 ауд. – тау-кен геофизикасының зертханасы – 41,6 м2;
  • 3 ауд. - жерасты кен қазу жұмыстарының процестері зертханасы – 42 м2;
  • 7 ауд. - СӨЖ бөлмесі 14,2 м2;
  • 13а – тау-кен массивтерінің күйін басқару зертханасы – 34,4 м2;
  • 124 ауд. – кеніш аэрологиясы және желдеткіш зертханасы – 79,1 м2;
  • 113 ауд. – кен орындарын жерасты игеру дәрісханасы (А.С. Попов атындағы музей-аудитория) - 66 м2;
  • 115 ауд. - кафедра меңгерушісінің бөлмесі – 45 м2;
  • 117 ауд. - академик О.А. Байқоңыров атындағы музей-дәрісхана 66 м2;
  • 110 бөлме - ҚР. ҒА академиг К.Н. Әділовтың жұмыс бөлмесі – 14,2 м2;
  • 109 бөлме - оқытушылар бөлмесі – 40 м2;
  • 108 бөлме - проф. С.В. Цойдың бөлмесі – 14,2 м2;
  • 133 ауд. - компьютерлік класс – 60 м2;

     Оқу дәрісханаларының жалпы ауданы 516,7 м2, оның ішінде негізгі дәрісханалар (1,3,7, 13а) ТКҒ еден асты қабатында орналасқан. Жерасты кен қазу жүйелері дәрісханасы қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы қазу жүйелерінің 4 моделімен жабдықталған. Кендік, кедік емес және тақталы қазба орындарын жерасты игеру технологиясы бойынша көрнекілік, әдістемелік құралдармен толық жабдықталған.
     Кеніш аэрологиясы зертханасы қазіргі заманғы бақылау-өлшеу аппартураларымен және тау-кен кәсіпорындарының аэрологиясы пәнінен зертханалық, тәжірибелік жұмыстарды және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған жабдықтармен жабдықталған, 2004 жылы жаңа электронды талдаушы таразы алынды. Барлық зертханалық және тәжірибелік жұмыстар мемлекттік және орыс тілдерінде әдістемелік нұсқаулармен және оқу құралдарымен,ОӘК қамтылған, компьютерлік класстар жаңа компьютерлермен және бағдарламалармен қамтамасыз етілген.
     Академик О.А. Байқоңыров және проф. А.С. Попов атындағы дәрісханалар тиімді пайдаланылуда, мұнда оқу-тәрбиелік, жиналыстар мен мәжілістер, мерейтой иелерін құттықтау, 1-4 нің эдвайзерлік сағаттары дипломдық жұмыстарды қорғау, түлектердің кездесуі, Алматы қаласының мектеп бітірушілерімен үгіт, насихат жұмыстары және т.б. әр алуан шаралар өткізілуде.
     Оқу дәрісханалары, зертханалар, оқытушылар бөлмесі техника және өрт қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық нормалар, МемСТ және салалық нұсқаулар бойынша қойылатын талаптарға  сай.
     Алдын-ала жұмыс кафедрадағы оқу жабдықтарына жүйелі түрде тексеру, түгендеу жұмыстары жүргізіліп тұрады.
     Оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өту ҚазҰТУ ректоры бекіткен оқу жоспарларына сай жүргізіледі. Іс-тәжірибе жетекшілері бұрынғы өткен практикалар тәжірибесін ескеріп, студенттерді әдістемелік құралдармен қамтып, білікті нұсқаулар жүргізеді.
     Оқу іс-тәжірибелері Қазақстан Республикасының негізгі тау-кен кәсіпорындарында өткізу жоспарланған. Іс-тәжірибелердің барлық түрлері қажеті әдістемелік құралдармен, күнделіктермен және жетекшілермен қамтамасыз етілген. Студенттердің оқу, өндірістік іс-тәжірибеден өту жағдайы қазіргі заманғы тау-кен инженері бакалаврлар мен магистранттарды даярлауға қойылатын талаптарға жауап береді. Тау-кен кәсіпорындарымен жасалған тура келісімшарттарда жұмыс орындарының саны көрсетіледі және кәсіпорынға I, II  өндірістік практикадан өтуге келген студенттер жұмыспен қамтылады.
     050707 – «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша студенттердің өндірістік практикадан өтуі туралы «Казахмыс» корпорациясымен, «Майкаинзолото», «Казцинк», «Дөң КБК», «Казатомпром» кәсіпорындарымен келісімшарттар жасалынған.

 

Болашақ