Жобаларды басқару

 


«Жобаларды басқару» кафедрасы
Кафедра 1994 жылы ҚазҰТУ тау-кен факультетінде Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор А.Ф. Цеховой бастамасымен құрылды.
ЖБ кафедрасы келесі мамандықтар бойынша кадрларды дайындайды:
Магистратура

6М051800 Жобаларды басқару;

6М051700 – Инновациялық менеджмент;

докторантура (PhD)

6D051800 -  Жобаларды басқару.

Кафедрада 13 адам жұмыс істейді, оның ішінде 5 профессор, ғылым докторы, 6 доцент, ғылым кандидаты және2 магистр. Кафедра ПОҚ жоғары сапалы құрамы (ғылыми дәрежесі барлар - 84,3%)  6D051800 докторантурада және 6М051800 мен 6М051700 магистратурада арнайы пәндер бойынша сабақтарды жүргізуді толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Жобаларды басқару» (ЖБ) кафедрасы халықаралық ұйымдармен, мемлекеттік басқару органдарымен, ҚР ұлттық компаниялары және даму институттарымен белсенді арақатынаста болатын инновациялық типтегі кафедра.
Кафедра Орта-Азиялық тау-кен өнеркәсіп одағы (ОАТКӨО), Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы (ХАА), Қазақстан Республикасы жобалық менеджерлер одағы (ҚР ЖМО), Жобалық басқару Институтымен (Project Management Institute, PMI, АҚШ) және PMI Санкт-Петербурлік бөлімімен (Ресей) тығыз байланыста.
2 профессор (Цеховой А.Ф. жәнеКлимова Т.Г.) PMI мүшелері болып табылады.
Шетелдік ЖОО-дарымен білім және ғылым саласында серіктестік бойынша меморандум әрекет етеді:
Шетелдік ЖОО-дары профессорлары 6D051800-Жобаларды басқару мамандығы бойынша ғылыми кеңесші, докторанттар ретінде және халықаралық конференцияларға қатысу, семинарлар жүргізу, лекциялар оқу үшін шақырылып отырады. Кафедра магистранттары мен докторанттары жоғарыда аталған университеттерде шетелдік тәжірибеден өтеді.
Кафедраның барлық оқытушылары жобаларды басқару бойынша халықаралық сертификат ала отырып, жобалық басқарудан базалық курстан өтті және аталған тақырып бойынша ғылыми жарияланымдары бар,  жобалық менеджментпен байланысты республикалық және халықаралық симпозиумдар мен конференцияларда баяндама және хабарламаларымен бірнеше рет шықты.
Кафедра оқытушылары ХАА және ҚР ЖМО бірлесіп, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Канада, Австралия және Еуроодақтан біліктілігі жоғары мамандардың қатысуымен заманауи баланстандырылған басқару технологияларын қолдана отырып, жобалық басқарудан тренингтер өткізіп отырады.
                    
Қазіргі уақытта кафедрада 6М051800 «Жобаларды басқару» және  6D051800-«Жобаларды басқару» мамандықтары бойынша сәйкесінше 30 магистрант 13 докторант,6М051700«Инновациялықменеджмент» мамандығы бойынша 8 магистрант білім алып жатыр.
Кафедра меңгерушісі -т.ғ.к., доцент Муханова Гульмира Самудиновна. Муханова Г.С. – «Басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандығы бойынша ҚазПТИ түлегі, университетте 1994 жылдан бері жұмыс істейді.  2003 ж. «Жүйелік талдау, ақпаратты өңдеу және басқару» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 2007 жылы «Информатика, есептеу техникасы және басқару» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді. 2013 ж. Г.С. Муханова «Экономика және Ұлттық экономиканы басқару (экономика және кәсіпорынды, индустрия мен кешендерді басқару, инновациялық менеджмент)» мамандығы бойынша ҚР Президенті Болашақ Халықаралық стипендиясының иегері болды, Лондон Брунел университетінде тіл курстарын (Лондон қ., Ұлыбритания) және Монтре Бизнес Мектебінде ғылыми тәжірибеден (Монтре қ., Швейцария) өтті.
 
БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ: Алматы қ., Сәтбаев к. 22, Тау-кен металлургия корпусы (ТМК), № 202, 203, 204, 219 дәрісхана, тел.: 8(727)257-71-61, 292-90-71, http://academy.kz/kafedra 

 

Болашақ