Ашық кен жұмыстары

     Пайдалы қазбалардың кенорындарын ашық әдіспен қазу технологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағынан алғанда тиімді және перспективті болып табылады. Сондықтан бұл әдіспен Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінде минералды шикізаттың жалпы көлемінің  80% жуығы өндіріледі.
     Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен игеретін қазіргі заманғы тау-кен өндірісі  – карьер жүздеген миллион тонна тау-кен қазындысын қазып алуды және тасымалдауды іске асыратын жоғары механикаландырылған кәсіпорын болып табылады. Ол жоғары өнімділікті тау-кен және көлік жабдығымен жабдықталған. Технологиялық үрдістерді басқару үшін қазіргі заманғы компьютерлер мен әртүрлі автоматтандырылған жүйелер пайдаланылады.
     Тау-кен ісі бакалавры қуатты тау-кен және көлік машиналары мен механизмдерінің құрылымын, пайдаланым жағдайларын толық оқып үйренеді, тау жыныстары массивін бұзудың әртүрлі физикалық әдістерін, тау-кен қазындысын қазуға дайындау үрдістерін, қазу-тиеу, тасымалдау және үйінділеу жұмыстарын, экономикалық теория, менеджмент және маркетинг негіздерін, карьерлерді басқару мен жобалаудың автоматтандырылған жүйелерін теориялық және практикалық игереді.
     Тау-кен ісі бакалавры өзінің кәсібіне қажетті арнайы пәндерді оқып үйрену және игеру негізінде қалыптасады. Олардың алдында математика (жаңа математикалық әдістер, кибернетика негіздерін қоса), физика, химия, теориялық және қолданбалы механика, информатика мен есептеу техникасы, экономика және бірқатар геологиялық пәндер бойынша терең теориялық білімдер алады. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді, шетел тілдерін оқытуға көп көңіл бөлінеді. «Пайдалы қазбалардың кенорындарын ашық әдіспен игеру» мамандануы бойынша тау-кен ісі бакалаврларын дайындауды ашық кен жұмыстары кафедрасы іске асырады.
     Кафедра еліміздегі жетекші болып табылады және Ресейдің, Украинаның, Өзбекстанның, Қырғызстанның және бірқатар шетел мемлекеттерінің белгілі жоғарғы оқу орындарының осыған ұқсас кафедраларымен үлкен іскерлік, ғылыми және ғылыми-әдістемелік байланыста. Оқу үрдісі мемлекеттік және орыс тілдерінде іске асырылады.
     Кафедраны тау-кен ісі саласындағы белгілі ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Ресей тау-кен ғылымдары Академиясының академигі, Халықаралық ғылым және өнер академиясының академигі Рақышев Баян Рақышұлы басқарады. 2 профессор, 6 техника ғылымдарының кандидаттары, доценттер сабақ береді. Мемлекеттік тілде сабақ жүргізетін оқытушылар үлесі 85%, ғылыми дәрежесі мен атақтары - 66 %, орташа жас - 49.
     Кафедрада тау-кен көлік кешендерінің жұмысшы макеттерімен, арнайы курстардың барлық бөлімдері бойынша көрнекі құралдармен, сәйкес бағдарламалы компьютерлермен жабдықталған арнайы кабинеттер бар.
     Студенттердің теориялық білімдерін бекіту ҚР ірі тау-кен кәсіпорындарында: Жайрем КБК, «Алюминий Казахстана» АҚ, «Казахмыс» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, Екібастұз көмір разрездерінде өндірістік практикаларды өту кезінде іске асырылады.
     Кафедраның түлектері келесімшарттар мен кепілдік хаттар бойынша қызметке орналасады және ҚР карьерлерінде  (Жайрем КБК, «Казахмыс» АҚ және т.б.), ғылыми мекемелерде, магистратурада, оқу орындарында оқытушылық қызметте, Ресейдің, Украинаның, Алжирдің, Кубаның, Германияның, Канаданың кәсіпорындарында сәтті қызмет етеді.
     Кафедра ұжымы мемлекеттік маңызды іргелі және қолданбалы зерттеулерді орындауға белсене қатысады. Кафедрада «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша жоғары біліктілікті мамандарды дайындау бойынша магистратура және докторантура бар.

БІЗІДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:

       050013, Алматы қ., Сәтпаев көшесі, 22, ТКМК корпусы 241, 242, 248, Ашық кен жұмыстары кафедрасы, тел. 8(727) 257-71-56

Болашақ