Институт туралы

 

 

Абдыгаппарова Сәуле Біләлқызы

Экономика және Бизнес институтының директоры

э.ғ.д., профессор, PhD докторы

 

 

   ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ИНСТИТУТЫ елдің жоғары білім беру көшбасшысы – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің (ҚазҰТУ) құрамына кіреді. Институт өзінің 40 жылдан астам тарихы кезеңінде елдің ірі мемлекеттік және қоғамдық қызметінің, өнеркәсіптік өндірістің озық ғалымдарының, талантты ұйымдастырушыларының тұтастай үздік тобын шығаратын оқу орны болды. Институт түлектері Қазақстан экономикасының дамуына салмақты үлес қосқан және әлі жалғасуда. Олар бизнес пен мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында өз міндеттерін кәсіптілікпен атқарып келеді.
     Бүгін де Экономика және бизнес Институты – Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дің ел өнеркәсібі мен банктік саласына арналған экономистерді дайындайтын озық оқу және ғылыми бөлімі.
     Экономика және бизнес Институты шетел мемлекеттеріндегі жоғары оқу орындарымен екі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша бірлесе қызмет атқарады:
    - МИРБИС Мәскеу халықаралық бизнес жоғары мектебі;
    - Новосібір Мемлекеттік техникалық университеті;
    - Томск политехникалық университетінің ұлттық зерттеу орталығы;
    - Graduate School of Management in Barselona;
    - University of Paris;
    - Szent Ist Van University HunGary;
    - The American University GAU;
    - Кипрдегі Америка университі(The American University GAN).
    Түлектер осы бірегей бағдарлама бойынша бітірген соң 2 диплом алады: ҚазҰТУ дипломы және серіктестік жоғары оқу орнының дипломы.
  Институтта білім беру үш деңгейлі жүйе бойынша жүргізіледі: Бакалавриат, Магистратура, Докторантура (PhD), Іскерлік әкімшілік ету (МВА).
    Түлектерді дайындау күндізгі және қашықтан оқыту түрі бойынша мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізіледі.

5В050600 – Экономика

    Кафедра түлектері, ҚР сыртқы экономикалық қызметін, дүниежүзілік әлемдік экономика және бизнес; компьютерлік ақпаратты өңдеудің технологиясы мен техникасын, үрдістерін; мәселелері туралы білу керек; өндірістің ресурстарының негізделуі мен жоспарлануы бойынша экономикалық есептеулерін жүзеге асыруды игеру; ұйымдағы тұтынушылар мен жеткізушілер арасындағы келісім-шарттар мен іздестіру тапсырмаларын шешу, дербес әлеуметтік-экономикалық және мұнай бизнесін басқару мәселелерін шешу; экономикалық терминдерді қолдана отырып қазіргі заман талабына сай экономикалық зерттеу әдістері мен оларды басқару бойынша білім ала алады.

5В050700 – Менеджмент

    Экономиканың нақты секторында, жеке кәсіпкерлікте және бизнесте, банк жүйесінде, мемлекеттік және жергілікті бақаруда, қоғамдық ұйымдарда, ғылым, білім беру, мәдениет мекемелерінде кәсіби біліктіліктерін, қабілеттіліктерін тиімді түрде жүзеге асыра алатын менеджмент саласындағы жан жақты терең білім алған мамандарды дайындау болып табылады.

5В050800 – Есеп және аудит

    Есеп және аудит мамандығының түлектері бухгалтерлік есептің және басқару принциптерін меңгеріп, Қазақстандық кәсіпкерлік шартында есептеу және аудиторлық қызметпен еркін айналыса алады, сондай-ақ мемлекеттік бақылауға қатыса алады. Есеп және аудит бойынша мамандардың білім жоспарлау, бақылау және бағалаудың едәуір қажетті функцияларын дамытып, іс ақпараттарының талдауын барлық секторлардағы, мекемелер мен ұйымда жүргізуге мүмкіндігін игеру үшін қажеттілікті пайдаланады.

5В050900 – Қаржы

    Бұл мамандық бойынша бітіруші түлектер – қаржы – бакалавры – кез келген кәсіпорынның ақша ағындарын басқару бойынша терең білім алады, қаржы институттарының және әртүрлі коммерциялық ұйымдардың қызметін басқаруды қазіргі ақпараттық технологиялар мен экономика – математикалық модельдеу негізінде экономикалық талдаудың кәсіптілік дағдыларын береді.

5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

    Қызметінің негізгі мақсаты ұлттық экономиканы, аймақтарды, салаларды басқарудың тиімді жүйесін құру болып табылатын мамандарды дайындау. Олар әкімшілік аймақтық бірліктердің әлеуметтік және экономикалық дамуының әр түрлі салаларында басқартушылық қызмет атқарады, соның негізінде сыртқы қауіптері анықталып, объектінің (аймақ, қала, мемлекет) даму стратегиясын жүзеге асыру мүмкіндіктері зерттеледі.

5В051100 – Маркетинг

    Өнеркәсіптік өнімді өткізу және сатып алу нарықтары мен оларды өндіруді зерттеудің, тауар мен қызметтердің бәсекеге қабіліттігі және оларды өткізуді басқарудың, жарнамалық кампанияларды жүргізудің кешенді әдістерін игерген, сонымен қатар кәсіпорын (фирма, компания) іс әрекетін координациялай білетін маман иелерін дайындалады.

5В090800 – Бағалау

    Бағалау маманы технологиялар мен тәжірибелік дағдыларын игеріп, қозғалмайтын мүлікті, жерді, машиналар мен қондырғыларды, көлік құралдарын, интеллектуалдық және өндірістің меншікті, бизнесті, бағалы қағаздарды, инвестициялық жобалар мен жер асты байлықтарын бағалау ісін жүргізеді, ұйымдастырушылық, басқару, сараптамалық, талдымалық, кеңес беру мен кәсіп кершілік іс жүргізу әдістерін біледі бағалау жұмысын жүргізеді. Түлектер ресурстық қорлардың, материалдардың, машиналар мен қондырғылардың, кәсіпорынның, жаңа технологиялар енгізу бойынша инвестициялық жобалардың қаржылық жағдайын кешенді бағалау жұмысын кәсіби орындай алады. Біздің түлектер банктік салада, жылжымайтын мүлік орталықтары мен ипотекалық компанияларда, сонымен қатар сақтандыру қоғамдары мен консалитнгтік фирмаларда қызмет атқара алады.

5В090900 – Логистика

    Логистика маманы кеңістіктегі және уақыт мерзімінің алғашқы шығу көзінен жеткізілуші тұтынушыға дейінгі материалдық және ақпараттық ағындар қозғалсын жоспарлау, ұйымдастыру, транспорттау, басқару және реттеу қызметтерін орындай алады. Логистика түлектері Қазақстанның транзитті потенциалын дамытумен айналысатын, жекелеген жағдайда, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», Өзен (Қазақстан) – Қызылқая – Берекет – Этрек (Түрікменистан) – Горган (Иран) және басқа да халықаралық дәлсіз құрылысында, кәсіпорындарда, ұйымдарда, акционерлік қоғамдарда, логистикалық корпорациялар мен орталықтарда логистика менеджері, логистика маманы, қойма менеджері, логистика бөлімнің экспедиторы және координаторы болып жұмыс жасай алады.

5В050600 – Экономика (КИПР), 5В050900 – Қаржы (КИПР), 5В050800 – Есеп және аудит

    Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті (ҚазҰТУ) мен Америка Білім Консорциумы арасындағы Бас келісімді жүзеге асыру мақсатында «Қазақстандағы Америка Университеті» атты Халықаралық бірлескен бағдарлама бойынша ҚазҰТУ-да оқығысы келетін талапкерлерден құжаттар қабылдау жүзеге асырылады. ҚазҰТУ студенттері қосымша түрде Халықаралық бірлескен бағдарлама негізінде Америкалық Университет бағдарламасы бойынша өз мүмкіндіктерін Солтүстік Кипрдегі Америкалық Университетте өз білімін 1 жыл бойы жалғастыра алады. Олай болса, 3-ші оқу жылында студенттер негізінен Америкалық Университет бағдарламасымен аяқтайды және соңғы курсын ҚазҰТУ-да жалғастырады. Халықаралық бірлескен бағдарламаны игерген студенттер екі дипломға ие болады: ҚазҰТУ мен Американ университеттік дипломдары.
    Бакалавр бітіруші түлектерге магистратура мамандықтарын жалғастыруга мүмкіндіктер беріледі.
    Магистратура мамандықтары: 6М050600 – «Экономика»;
                                                           6М050700 – «Менеджмент»;
                                                           6М050900 – «Қаржы»;
                                                           6М051100 – «Маркетинг»;
                                                           6М051700 – «Инновациялық менеджмент»;
                                                           6М051800 – «Жобаларды басқару»;
                                                           6М052000 – «Іскерлік әкімшілік ету» (МВА);
                                                           6М090900 – «Логистика».
    Докторантура мамандықтары: 6D050600 – «Экономика»(РhD).

    ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры Ескендір Бейсембетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 

    19.02.2017 Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ ГМК акт залында МАС-Рестлингтен университет Ректоры Кубогына ҚБТУ, КМА және университетіміздің 6 институтының қатысуымен 8 команда қатысты.

ГМИ

    Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Маркшейдерлік ісі және геодезия» кафедрасының профессорлары Жақсыбек Байгурин, Серік Турсбеков ҚР «Ұлттық Тау-кен Ғылым Академиясының Толық мүшесі (Академик) болып сайлануымен және ассоц. профессор Сауле Солтабаева Корреспондент-мүшесі болып сайлануымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ТКМИ

    2017 жылдың 22 ақпанында «Дилемма» саяси клубы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылады.

ҚБД

    ҚР Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдық мерейтойына арналған жалпы жиын сессиясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық ғылымның кейбір мәселелеріне тоқталып өтті.

    Жуырда Алматы қаласында электроавтобустардың тұсаукесері өтті. Отандық электроавтобус өндірушілер өндіріс көлемін өсіруді жоспарлауда.