Бизнес мектебі

1. Мақсаттар мен міндеттер

          Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру жағдайында бизнестің іскерлік ортасы мен ғылыми негізін түсі-ну аумағындағы кешенді білімдерді игеруге бағытталған оқытудың жаңа бағдарламаларын меңгеру барынша үлкен мәнге ие.
        Бұл бағытты қолға ала отырып, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дің Экономика және бизнес институтының ішінде қызмет ету үрдісінде туындайтын мәселелерге стратегиялық болжаулар жасай алатын және оларды сәйкесінше әдістемелер мен әдістер негізінде шеше алатын жоғары біліктілікті мамандар дайындау арқылы нақты сектордың қазақстандық компанияларын дамыту мүмкіндік беретін миссия ұстанған Бизнес мектебі ашылған.
         Бизнес мектебі қызметінің мақсаты МВА бағдарламаларын, бизнес бағдарламаларды, тренингтерді және бизнес білім берудің басқа да түрлерін жүзеге асыру жолымен бизнестің іскерлік ортасы мен ғылыми негізін түсіну аумағындағы кешенді білімдерң бар, инновациялық өндірістің стратегиялық және тактикалық мәселелерін шешудің жүйелік болжамдарын жасай алатын жаңа ұрпақтың басқарушыларын дайындау болып табылады.

Бизнес мектебінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • әртүрлі оқу түрлері бойынша МВА бағдарламаларымен жоғары біліктілікті мамандар дайындау;
  • бизнес бағдарламаларды, тренингтерді, шеберлік кластарын және бизнес білім берудің басқа да түрлерін жүзеге асыру, тақырыптық Дөңгелек үстелдер өткізу;
  • халықаралық (бірлескен) МВА білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, теория мен басқару тәжірибесін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдарымен, халықаралық білім беру ұйымдарымен, шет елдердің білім беру мекемелерімен бірлесе қызмет ету.

2. Ғылыми-зерттеу жұмысы

     Қазақстан экономикасының нақты секторының компаниясы үшін құзіреттілік тәсілді қолдана отырып, бизнес білім беру аумағындағы зерттеулер.
       Зерттеу жұмыстары ҚР ҒжБМ-нің 2012-2014 жылдарға «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет» 055 бағдарламасы, «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» 101 ішкі бағдарламасы бойынша грантпен қолдау табады. Жоба тақырыбы: «Қазақстан экономикасының нақты секторына арналған бизнес білім беру моделін құзіреттілік тәсіл негізінде құру».
        Бизнес мектебі университеттің, ҚР және шет елдердің басқа ЖОО-дарының ғылыми-тәжірибелік конференцияларына қатысады.

3. Халықаралық қызметтестік

      Бизнес мектебі И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетімен (Ресей), Ресей ғылым Академиясының басқару мәселелері институтымен, Graduate School of Management, Barcelona (Испания), МИРБИС Мәскеу халықаралық бизнес мектебімен (Ресей) қызметтестікте жұмыс істейді.

4. Байланыстар:

тел.: +7 727 293 06 77,  моб. 8-777-677-96-90, 8-777-383-86-48, 8-778-367-57-56

e-mail:bs-kazntu@mail.ru

 

 

Болашақ