Өндірістегі менеджмент және маркетинг

 

Кафедра тарихы 

«Өнеркәсіптегі  менеджмент және маркетинг кафедрасы» Сәтбаев атындағы КазҰТУ Экономика және бизнес Институтының құрылымдық бөлімі болып табылады. Кафедра 1967 жылы құрылған. Құрылған кезінен бастап осы уақытқа дейін 2000 инженер-экономисттер мен менеджмент және маркетинг бакалавры мен магистрлары дайындалып шығарылды.
Алғашқы кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент М.Д. Даришев болды. 1977 жылдан бастап кафедраны э.ғ.к., доцент А.К. Ералы  басқарды, қазіргі таңда профессор, э.ғ.д., академик, ҚазССР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері, корр мүшесі. ҚР АН, профессор Э.А. Туркебаев, профессор, т.ғ.д. А.А. Лисенков, доцент, э.ғ.к. Масанова Л.Е., э.ғ.к., доцент Ильбисинов Ч.С., э.ғ.к. доцент Мухтарова К.С., э.ғ.д., профессор Баймахамбетова Г.И.

 

Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі Рамазанов А.А болып табылады.

 

Кафедра меңгерушісі
 
 Рамазанов Алтай Абдрахманұлы, экономика ғылымдарының докторы, ҚазҰТУ-де Өнеркәсіптегі менеджмент және маркетинг кафедрасының меңгерушісі. USAID премиясының лауреаты, Пәкістан Мемлекеттік Банкінің жоғарғы басқару қызметкерінің Колледжінде стажировка өтті. ҚР БҒМ іргелі зерттеулер жобаларының ғылы
ми жетекшісі.  «Государственное и местное управление» ГОСО-ның әзірлеушісі. «Диалектика отношений собственности», «Экономика знаний» монографияларының авторы.  Сонгы жылдары шетелде Innovative business of Kazakhstan in post crisis conditions/Innovative economy шыкты. N 2. 2010, Equity investments of savings of the population(2012 г.),
Die Entwicklung des Fondsmarkts in Kazachstan/ Wirtschaftspolitische, rechtliche und soziale Entwicklungsprobleme des modernen Kazachstan. Verlag Koster. Berlin Auflage April 2013. Оның редакциясымен менеджердің  Англо - русско – казахский сөздігі шықты,   «Современный маркетинг»  оқу баспасы. Онымен экономика ғылымдарының докторлары,
PH.D. докторлар, магистрлар дайындалып шықты.
    Мемлекеттік басқару органдары және қоғамдық ұйымдары А.А. Рамазановпен дайындалған «Корпоративная социальная ответственность» (2007 г.), «Международная региональная интеграция: ЕЭС и Казахстан(2012 г.)», «Китайский фактор в Центральной Азии» (2013 г.) атты ғылыми баяндамаларына отклик, «Стратегия экономического развития Республики Казахстан: посткризисный период» (2010 г.) «Современные интеграционные процессы: качественно новые формы» (2013) атты  халықаралық ғылыми конференцияларға мінездеме алды. 

 

 Кафедра миссиясы 

Өнеркәсіптегі  менеджмент және маркетинг кафедрасының миссиясы мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент және маркетинг сферасында, заманауи  білімге ие,   мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында, бизнесте, білім және ғылым сферасында  табысты профессионалды қызмет үшін бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандар дайындау болып саналады. Өнеркәсіптегі  менеджмент және маркетинг кафедрасының басым міндеттері практик-мамандар дайындау. Сондықтан  тек теориялық білім беруге ғана үлкен мән бермей, сонымен қатар ағымдық және стратегиялық жоспарлау сферасында практикалық жұмыс істеу білімін қалыптастыру.

 

       Кафедраның мақсаты мен міндеттері

     Кафедраның мақсаты – мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, маркетинг саласындағы жоғары білікті, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында, бизнеста және кәсіпкерлікте, ғылым мен білім беру саласында жұмыс істейтін мамандарды даярлау.
    Кафедраның басты мәселелерінің бірі – үздік тәжірибелі мамандарды дайындау. Сондықтан теориялық білім беруге ғана емес:

  • ағынды және стратегиялық жоспарлау, ақпараттық технологиялар, персоналды, қаржыны, сатылымды, жобаларды басқару салаларында;
  • нарықты зерттеу, кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын анықтау, сатылымдарды талдау, сауда маркаларын басқару, өнеркәсіптік маркетинг, аймақтық және салалық маркетинг салаларында;
  • тауар нарықтарын, тауарлардың ассортименті мен бәсекеге қабілеттілігін зерттеу мен болжамдауда, кәсіпорынның коммерциялық қызметінің стратегиясын жасап шығаруда, коммерциялық өзара есептілікті ұйымдастыруда, тауарларды сатып алу мен сату үрдістерін жоспарлау және ұйымдастыру, сауда кәсіпорындарын жобалау мен басқару технологияларында жұмыстың тәжірибелі дағдысын қалыптастыруға да көп көңіл бөлінеді. 
     

 Оқу үрдісінің ұйымдастырылуы

        Оқу процессін ұйымдастыру 

2013 жылдың желтоқсан айында  Өнеркәсіптегі  менеджмент және маркетинг кафедрасы бакалавриатының , магистратурасының бүкіл мамандықтары Мемлекеттік аттестациялық коммисиямен аттестацияланды.
Жақсы оқыған және қоғамдық өмірге араласқан студенттерге Мемлекеттік және университеттік гранттар, оқуға әлеуметтік төлемдер беріледі.
Өнеркәсіптегі  менеджмент және маркетинг кафедрасы студенттер үшін кафедра күнін мерекелеу  мен кафедраның алғашқы меңгерушісі М.Д. Даришева атындағы грантын  ұйымдастырды. 2013 жылы Өнеркәсіптегі  менеджмент және маркетинг кафедрасының алғашқы меңгерушісі М.Д.Даришев атындағы грантының алғашқы Лауреаты «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенті Мырзатай Лаура.
Мемлекеттік грант иегерлері «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенті Асел Аманова, «Маркетинг» мамандығының студенті Акбота Жамангараева. Мемлекеттік грант иегерлері «Жобаларды басқару» мамандығының магистранттары: Жолтаева А., Акишева М.А., Сатыбалдиева Д.О., Альметова А.И және басқалары; PH.D докторанттары А.Адилова, А.Валиев, А.Серикбаев.
 
Оқу формасы: күндізгі, дистанциялық
Оқу тілдері: қазақ, орыс
Таңдау пәні: ЕНТ- география
 
Мамандық 5B050700 МЕНЕДЖМЕНТ
 
Академиялық деңгей: БАКАЛАВР МАРКЕТИНГ
Менеджмент мамандығы ұйымдар мен компанияларды басқаруға байланысты білім береді. Өндірісті ұйымдастыру, қаржылық жоспарлау,  басқарудың психологиялық аспектілері сферасындағы білім,  компанияның дамуы бойынша міндеттерді шешу біліктілігі табысты карьера жасауға көмектеседі.
Біздің түлектеріміз – менеджерлер мемлекеттік мекемелерде, халықаралық компанияларда, банктерде, мұнай, таукен компанияларында жұмыс жасайды.
Біздің түлектеріміз – менеджерлер:
Проект менеджерлері,
 тәуекел-менеджерлері,
 антикризис бойынша басқару менеджерлері,
 бөлім бастықтары,
 директорлар болып табылады. 
 
5В051100 МАРКЕТИНГ  мамандығы
 
Академиялық дәреже: БАКАЛАВР МАРКЕТИНГА

Бұл нарықтағы сұранысты, тауар жылжытудың  тиімді құралдарын өңдеуге  өткізу нарығын іздеу мен зерттеуге бағытталған профессионалды қызметтің түрі.  

 

Біздің түлектер – маркетологтар халықаралық, мұнай, трейдингтік, риэлтерстік компанияларда, фармкомпанияларда, маркетингтік, жарнама агенттіктерінде, банктерде, туристтік фирмаларда жұмыс жасайды.
Біздің түлектер – маркетологтар болып табылады:
 маркетинг бөлімінің бастығы,
 маркетинг департаментінің директорлары,
 PR- менеджерлері,
 маркетингтік басқарма председателінің орынбасары,
 маркетинг бойынша вице - президент.
 
5В051000 МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ мамандығы 
Академиялық дәреже: МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ БАКАЛАВРЫ(жоғарғы буындағы менеджер) 
Мамандардың қызметтінің негізгі нәтижесі ұлттық шаруашылықты, облыстарды, райрндарды, қалаларды, әкімшілік-аймақтық бірліктерді басқару.

 

 

Біздің түлектеріміз министрліктер мен мекемелерде мемлекеттік қызметкер, аймақтық, қалалық, облыстық  әкімшіліктерде, мемлекеттік және жеке компанияларда жұмыс жасайды.
Біздің түлектеріміз болып табылады:
 менеджерлер,
 басқару бөлімінің бастықтары,
  министрлік пен мекемелерде, аймақтық, қалалық, облыстық әкімшіліктерде, мемлекеттік және жеке компанияларда департамент директорлары.  
 
 Сатбаев атындағы ҚазҰТУ-нің Менеджерлері мен Маркетоголгтары заманауи мамандықтар, сәттілікке үміт, мемлекеттік үлгідегі диплом, ұлттық ЖОО. Сонымен қатар, осының барлығы икемді және қол жетімді оқу ақыда.
 
Қ.И.Сатбаев атындағы ҚазҰТУ-нің МЕНЕДЖМЕНТІ, МАРКЕТИНГІ мен МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУЫ – УАҚЫТПЕН ТЕКСЕРІЛГЕН
«Менеджмент» пен «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының студенттеріне әскери кафедрада білім алуына мүмкіндік беріледі(тегін).

 

Университетіміздің түлектеріне Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарында, ұлттық қауіпсіздік пен ішкі істер органдарында, кедендік қызмет мекемелерінде офицер лауазымында қызмет ету мүмкіндігі туатын қосымша мамандық беріледі. Студенттеріміз әскери кафедра арқылы, негізгі мамандықтан бөлек, қосымша мамандық игеруге мүмкіндік алады.

Бакалавриат түлектеріне грант және жеңілдіктер бойынша магистратурада оқуын жалғастыру мүмкіндігі беріледі:
6М050700– «МЕНЕДЖМЕНТ»
6М051700–«ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ»
6М051100 – «МАРКЕТИНГ»
6М051800-«ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ»
 
Магистратура түлектеріне PH.D доктарантурасында  ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ  мамандығы бойынша оқуын жалғастыруына мүмкіндік беріледі. 
Қазіргі таңда жаңа технологиялардың әсерін ескере отырып, Өнеркәсіптегі  менеджмент және маркетинг кафедрасының оқутышылары мультимедиялық құралдар арқылы  сабақ жүргізеді. 
Оқу барысында іскерлік ойындар, кейстер, психологиялық трейнингтер,  нақтылы жағдайлар кеңінен қолданылады. 

  Оқу-әдістемелік жұмысы

Қазіргі таңда Өнеркәсіптегі  менеджмент және маркетинг кафедрасында тәжірбиелі педагогтар жұмыс істейді:  ҚР ҰҒА академигі, Ғылымға еңбек сіңірген қайраткер, халықтық білім берудің құрметті қызметкері, э.ғ.д., профессор Туркебаев Э.А., э.ғ.д, профессор Адилов Ж.М., э.ғ.д, профессор Абдыгаппарова С.Б., профессор Лисенков А.А. және тағы басқалары. Кафедра Қ.И.Сатбаев атындағы ҚазҰТУ-нің басты оқу корпусында орналасқан.  
Оқу барысында аудиторияларда, студенттермен практика өту уақытысында  білім алудың заманауи әдістері кеңінен қолданылады.   Студенттердің білімін бағалауда рейтингтік жүйе қолданылады, студенттердің зерттеушілік қызметі және олардың  студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысуы ғылыми жетекшілік тарапынан ынталандырады және қолдау табады.
Оқу поцессін жүргізудің тиімділігін арттыру мақсатында оқулықтар мен оқу құралдары дайындалыр шықты:  
· Унербаев Т. Кәсіпорын экономикасы.- Алматы, 2013. – 120 б.
· Сатыбалдыұлы С., Байтанаева Б.А. «Маркетинг және менеджмент негіздері»: Оқулық.- Астана: Фолиант, 2011 ж. 
· Сатыбалды С.Промышленный маркетинг. -.Алматы, 2013. – 336 с.
· Современный маркетинг/ под науч. ред. д.э.н. А.Рамазанова. – Алматы,  2010. - 318 с.
· Англо-русско-казахский словарь менеджера/ под ред. д.э.н. А.Рамазанова, Кубаева К.Е.- Алматы, 2009.- 400  с.
 
Э.ғ.д. Г.Дүйсеннің жетекшілігімен кафедрада «Управление персаналом» оқулығы әзірленуде. 

 

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Өнеркәсіптегі менеджмент және маркетинг кафедрасының коллективі нарық жағдайындағы экономика және өнеркәсіптегі өндірісті басқарудағы актуальды мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді.  Солардың ішінде ұйымды жетілдіруді зерттеу, отандық кәсіпорындардың қызметін басқару мен жоспарлау, Қазақстанның қалалары мен ауылдарын дамытудың жоспарын  жетілдіру бойынша зерттеу жүргізу,  Қазақстан өнеркәсібіндегі алдыңғы қатарлы кәсіпорындарға озық технологияларды енгізудің тиімділігін анықтау, жоғары оқу орындарында ғылыми қызметкерлердің әлеуметтік қорғау бойынша зерттеу.
Өнеркәсіптегі менеджмент және маркетинг кафедрасының қызметкерлері ғылыми тәжірибелік конференцияларға қатысады, студенттік конференцияларды ұйымдастырады.
Өнеркәсіптегі менеджмент және маркетинг кафедрасында студенттердің ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту үшін және кафедраның ғылыми зерттеулеріне қатысуға барлық жағдайлар жасалынған. Сабақ жүргізу үшін қаламыздағы ірі өндірістік фирмалардың,  ғылыми зерттеу институттардың жоғары білікті мамандары тартылған.
Өнеркәсіптегі менеджмент және маркетинг кафедрасының студенттері, магистранттары, докторанттары Республикалық студенттік олимпиадаларға, конкурстарға қатысады.
2014 жылдың 12-22 күндері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де : «От инновационной идеи к ее реализации» атты девизімен Республикалық студенттік Олимпиада өтті. Олимпиадада «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша 38 ЖОО-ның құрамалары қатысты.
Финалға тек 8 ЖОО-ның құрамалары шықты. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша «Өнеркәсіптегі менеджмент және маркетинг» кафедрасының студенттерінен құралған «Болашақ» атты командасы таныстырды.
 «Өнеркәсіптегі менеджмент және маркетинг» кафедрасының студенттерінен құралған «Болашақ» атты командасы еңбек сүйгіштік пен үлкен жауапкершілік танытып,  Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың намысын қорғады және 3 орын иемденді. «ӨМжМ» кафедрасының жүлдегер командасы: жетекшілер э.ғ.д., профессор Рамазанов А.А., оқытушы Зулхажы Ж., «МжЖБ» мамандығының 1 курс студенттері А. Жанатаева(команда капитаны), «Маркетинг» мамандығының 1 курс студенті А.Атанова, «МжЖБ» мамандығының 1 курс студенттері Г.Абдрашит, Ж.Диханбаева, Б. Акимхан.
 



 

Өнеркіәсіптегі менеджмент және маркетинг кафедрасының қызметкерлерімен 2013 жылы технологиялық даму бойынша Ұлттық Агенттіктің  «Платформенный робот SHOLKOR» проектісінің ккоммерциялық қызығушылығын маркетингтік зерттеу» атты проект жасалынды.
Профессор А.Лисенковтың жетекшілігімен кафедрада «Проблемы применения менеджмента и маркетинга в образовательной сфере Республики» атты ғылыми проект жүргізілуде.
Дайындалған және шығарылымға жіберілген ғылыми жұмыстар мен монографиялар:
· Экономика знаний. 2- е изд./под науч. ред. д.э.н. А.Рамазанова. – Алматы,  2011. - 170 с.
· Рамазанов А., Туркеева К. Международная региональная интеграция: ЕЭС и Казахстан. Научный доклад.  – Алматы, 2012. - 68 с.
· Глобализация мировой экономики и Казахстан/ под науч. ред. д.э.н. А.Рамазанова, А.Сахановой . – Алматы, 2013. – 191 с.
· Китайский фактор в Центральной Азии/ под науч. ред. д.э.н. А.Рамазанова. Научный доклад. - Алматы, 2013. - 58 с.
Шет елде шығарылған :
· Sistemic Monitoring of Operation of Mining Companies and Branches. Conference Procee-dings. Mine Planning and Equipment  Selection   (MPES 2010). – Fremantle, Western Australia к.э.н., профессор Сатыбалды С.С.
· Лисенков А.А. Analysis of the Status and Problems of Development of Mineral Resources Base of Mining and Metallurgical Complexes of the Countries Customs Uniou / Springer. Mine Planning and Equipment  Selection.   Proceedings of the 22nd MPES Conference, Dresden, Germarny, 14th-19th October 2013. – v.2, p.1409-1.
· Рамазанов А.Technique of the monopolistic power level definition in the economical branches of Kazakhstan / Устойчивый рост экономики: инновации и конкурентоспособность: Материалы международной научной конференции Астана, Люцерн( Швейцария).- 2013.
· Рамазанов А.Die Entwicklung des Fondsmarkts in Kazachstan /Wirtschaftspolitische, rechtliche und soziale Entwicklungsprobleme des modernen Kazachstan. Verlag Koster. Berlin Auflage April 2013. 
· Рамазанов А.Equity investments of savings of the population/ SS International Journal of Business and Management Research.2012.

 

· Рамазанов А. Innovative business of Kazakhstan in post crisis conditions/ Innovative economy. N 2. 2010.
 
Халықаралық ынтымақтастық
 
Өнеркәсіптегі менеджмент және маркетинг кафедрасы хылықаралық ұйымдар мен басқа мемлекеттердің оқу орындарымен ынтымақтастықта. Халықаралық ынтымақтастық кездесулер мен дөңгелек үстелдерді жүргізуде, сонымен қатар, әр түрлі халықаралық симпозиумдер мен конференцияларда өз бейнесін табады.
Кафедраның шет елдік әріптестіктермен ынтымақтастығын есепке ала отырып,  мамандықтардың оқу жоспарына қатысты, студенттер мен магистранттардың шет елдерде тәжірибеден өту мүмкундігі туралы келісімдер жасалынды.
2013 жылдың желтоқсан айында Өнеркәсіптегі менджмент және маркетинг кафедрасының 2 курс магистранттары Альметова А., Жолтаева А, Акишева М.А., Сатыбалдиева Д.О. және басқалары Люблинск политехникалық университетінде(Польша) стажировкадан өтті. 2014 жылдың наурыз айында 2 курс магистранттар Оразгалиев Е., Алшимбаева А. Люблинск политехникалық университетінде(Польша) стажировкадан өтті.
 
Алматы қ., Сатпаева көшесі 22 а, ГУК,
ком. 421, 423
87013515168
87779108828
тел. 257-71-97
oner.78@mail.ru
www.kazntu.kz

 

www.ntu.kz
 

 

 


 

 

Болашақ