Логистика және бағалау

 
«Логистика және бағалау» кафедрасының тарихы, оның құрылуы және дамуы
 
1996 жылы кафедра 0712 – «Экономикалық кибернетика» мамандығы бойынша студенттерді қабылдауды ұйымдастырды.
2001 жылдың қаңтарында «Экономикалық кибернетика» кафедрасы «Техникалық сараптау және бағалау» және «Менеджмент және маркетинг» кафедраларына бөлінді.
     «Техникалық сараптау және бағалау» кафедрасы құрылғаннан бастап оны т.ғ.д., профессор Құлжабай Н.М. басқарды.
2001 жылы «Техникалық сараптау және бағалау» кафедрасы 0712 – «Экономикалық кибернетика» мамандығының орнына 071240 – «Экономикадағы математикалық әдістер» мамандығы бойынша мамандар даярлауға лицензияалды.
Осылайша, 2001 жылы «Техникалық сараптау және бағалау» кафедрасы мына инженерлік-экономикалық мамандықтар бойынша мамандар даярлауды қолға алды: 0712 – «Экономикалық кибернетика»; 090540 – «Техникалық-құқықтық сараптау»; 090940 – «Бағалау (қолданылу салалары мен аймақтары бойынша)»; 071240 – «Экономикадағы математикалық әдістер».
2003 жылдан бастап инженерлік мамандықтар мен қатар 541530 – «Ақпараттық жүйелер (қолданылу салалары бойынша)» мамандығы бойынша экономикадағы ақпараттық жүйелер бакалаврлары даярлана бастады.
Экономикалық-математикалық модельдеуді, ақпараттық жүйелермен технологияларды қолдану бағыты бойынша бейімдеуші ретінде танылған «Техникалық сараптау және бағалау» кафедрасы 2008 жылдың көктемінде «Экономикалық кибернетика» кафедрасы болып өзгертілді.
Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына және экономиканы басқару бойынша мамандардың қажеттілігіне байланысты 2010 жылы «Экономикалық кибернетика» кафедрасының аты «Бағалау, есеп және аудит» кафедрасы болып өзгертілді.
2013 жылы «ЭжБИ» кафедраларын қайта құрылымдауға байланысты «Бағалау, есеп және аудит» кафедрасы «Қаржы» кафедрасына 5В050800  - «Есеп және аудит» мамандығын берді, осыған байланысты 2013 жылы қыркүйек айынан бастап кафедраның атауы «Логистика және бағалау» кафедрасы болып өзгертілді. 
 
                                                               Кафедра меңгерушісі
 
                              «Логистика және бағалау» кафедрасының құрылуынан                                 
                              бастап кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Чакеева К.С. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кафедра жұмысының мақсаты
Кафедра 5B090800-«Бағалау», 5B090900-«Логистика» мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша және ақылы негізде жоғарғы кәсіптік білім мамандарын және бакалаврларды даярлайды.
Кафедра жұмысының мақсаты ақпараттық және материалдық ағымдарды басқару теорисында және тәжірибесінде, экономика объектілерін бағалау, статистика, талдау, зерттеулерді жүргізетін бағалаушылар, бухгалтерлер, логистика мамандарын даярлап шығару болып табылады.
Кафедраның кадрлық құрамы ғылыми мамандардан және негізгі кәсіби білімдері бар тәжірибелі педагогтардан тұрады.
Кафедра мамандар даярлаудың соңғы үлгідегі талаптары мен халықаралық стандарттарына толықтай сәйкес келетін, басқару теориясы әдістерін, жаңа ақпараттық технологияларды, экономикалық процестерді модельдеуді, жаңа тәсілдер мен әдістемелерді қолдана отырып, экономика объектілерін бағалауды қолдана алатын мамандар даярлайды. Кафедра өзінің қызметін Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды дамытудың басым бағыттары бойынша ұзақ мерзімді бағдарламасына сәйкес жүргізеді, мұнда негізінен мыналарға көңіл бөлінеді:
-          кадрлық әлеуеттің сапалы жақсаруы;
-          оқу үрдісін басқарудың және ұйымдастырудың жетілдірілуі;
-          ғылымның және өндірістің ықпалдастығы;
-          дамыған тұлғаның қалыптасуы;
-          нарықтық жағдайға бейімделу;
-          қызметкерлерді және студенттерді әлеуметтік қолдау;
-          басқару әдістерінің және стилінің жетілдірілуі;
-          компьютерлік техниканы және технологияны кәсіптік меңгеру.
Қазіргі кезде кафедрада 1 т.ғ.д., профессор, 10 ғылым кандидаты, доценттер, 7 аға оқытушы, 3 ассистент жұмыс жасайды.
Кафедраның оқу аудиториялары және зертханалары білімнің халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес ғылыми және оқу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін қазіргі кездегі компютерлермен, техникалық құралдармен, көрнекті оқу құралдарымен жабдықталған.
Профессорлық оқытушылар құрамының күшімен бухгалтерлік есеп және аудит жүйесін реформалауды, бағалау жұмыстарын жүргізу технологиясының өзгеруін және елдегі экономиканың дамуын ескеріп, кафедраның пәндері бойынша оқу және оқу әдістемелік құралдар дайындалды және баспаға шығарылды.
Кафедрада оқу үрдісін сапалы ұйымдастыру, студенттердің тәрбие және ғылыми жұмысы бойынша университеттің және институттың қоғамдық өмірінің дамуында студенттік өзін- өзі басқаруда тығыз творчествалық өзара байланыс орнатылған.


Кафедра мамандықтары
Қазіргі кезде «Логистика және бағалау» кафедрасы мына мамандықтар бойынша бакалаврларды даярлайды.


 

5В090800 – БАҒАЛАУ
(бағалау бакалавры)

Бағалау маманы бағалау жұмысын жүргізу технологияларын мен тәжірибелік дағдыларын игеріп, қозғалмайтын мүлікті, жерді, машиналар мен қон-дырғыларды, көлік құралдарын, интеллектуалдық және өндірістің меншікті, бизнесті, бағалы қағаздарды, инвестициялық жобалар мен жер асты байлықтарын бағалау ісін жүргізеді, ұйымдастырушылық, басқару, сараптамалық, талдамалық, кеңес беру мен кәсіпкершілік іс жүргізу әдістерін біледі.
Түлектер ресурстық қорлардың, материалдардың, машиналар мен қондырғылардың, кәсіпорынның, жаңа технологияларды енгізу бойынша инвестициялық жобалардың қаржылық жағдайын кешенді бағалау жұмысын кәсіби орындай алады.
Біздің түлектер банк саласында, жылжымайтын мүлік орталықтары мен ипотекалық компанияларда, сонымен қатар сақтандыру қоғамдары мен консалтингтік фирмаларда қызмет атқара алады.
 
 

5В090900 – ЛОГИСТИКА
(логистика бакалавры)

Логистика маманы кеңістіктегі және уақыт мерзімінің алғашқы шығу көзінен жеткізушіден тұтынушыға дейінгі материалдық және ақпараттық ағындар қозғалысын жоспарлау, ұйымдастыру, транспорттау, басқару және реттеу қызметтерін орындай алады.
Логистика түлектері Қазақстанның транзитті потенциалын дамытумен айналысатын, жекелеген жағдайда, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», Өзен (Қазақстан) – Қызылқия – Берекет – Этрек (Түрікменстан) – Горган (Иран) және басқа да халықаралық дәліз құрылысында, кәсіпорындарда, ұйымдарда, акционерлік қоғамдарда, логиcтикалық корпорациялар мен орталықтарда логистика менеджері, логистика маманы, қойма-менеджері, логистика бөлімінің экспедиторы және координаторы болып жұмыс жасай алады.
Оқу барысында осы мамандық студенттері сапалы кәсіптік білімді қамтамасыз ететін пәндер кешенін меңгереді. Ең үздік студенттер шетелде оқиды және тәжірибеден өтеді. Жоғарғы курс студенттері, оқуын аяқтағаннан бұрын, әртүрлі мекемелер мен фирмаларға мамандығына сәйкес жұмысқа шақырылады.
Жоғарғы негізгі білім бағдарламасын сәтті меңгерген және іргелі білімнің жоғары деңгейін, творчествалық жұмысқа және ойлануға бейімділігін көрсеткен біздің мамандықтың түлектері сәйкес бағыттар  бойынша, магистратурада оқуын жалғастыруына ұсынылуы мүмкін.
Кафедра түлектері ұлттық экономиканың барлық салаларында, министрліктер мен ведомстволарда, банк саласында және халықаралық компанияларда жұмыс істейді. Олардың көпшілігі КИМЭП-те, ҚазҰТУ магистратурасы мен докторантурасында өз оқуларын жалғастыруда. Қазіргі уақытта кафедраның барлық түлектері жұмыспен қамтамасыз етілген.
 
Оқу үрдісінің ұйымдастырылуы
Оқу үрдісі типтік бағдарламаларға сәйкес келетін, мамандықтар үшін оқу жылы жоспары бойынша жүзеге асады және кредиттік технология бойынша ұйымдастырылған.
Мамандарды даярлауды арнайы пәндер бойынша соның ішінде мемлекеттік білім стандартына сәйкес ЖОО кеңесімен бекітілген, студенттердің таңдауы бойынша жүргізіледі. Оқыту сабақтарының мазмұны қазіргі кездегі талаптарға және оқу бағдарламаларына сәйкес келеді.
Барлық мамандықтар бойынша білім алу программалары төмендегі суретте көрсетілген стандартты құрылымға ие:
Осы құрылымға сәйкес бекітілген типтік және оқу жұмыс жоспарлары, қазақ және орыс тілдерінде бакалавтиаттың базалық және мамандандарылған пәндері бойынша программалар, және де кафедраның жұмыс жоспары, жылдық есептер, кафедра мәжілісінің хаттамалары, МАК жұмыстарының есебі, сабаққа өзара қатысу графигі, ашық дәрістер графигі, оқытушылардың жеке жоспарлары бар.
СОӨЖ және СӨЖ бекітілген оқу жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған.
Оқу жоспарының барлық пәндері бойынша силлабустар және оқу-әдістемелік кешендері бар.
Оқу және өндірістік практиканы өту аудиторлық және бағалау компанияларымен көп жылдық келісім - шарттарға сәйкес, мамандықтардың оқу жоспары бойынша жүргізіледі. Кафедрамен және университеттің практика бөлімімен бірігіп бірнеше ұйымдармен келісім - шартқа отырдық, олар практика өтуді қамтамасыз етеді: «Сәтті іс» ЖШС, «Экспресс-консалтинг» ЖШС, «ТРF» аудиторлық компаниясы, «Абзал аудит» ЖШС, «Серпин Аудит» ЖШС және т.б.
Кафедраның ЖШС «Оқу орталығы «1С - Сапа» негізінде бөлімшесі бар, онда толық қамтамасыз етілген компьютерлік сынып орналасқан. Жыл сайын 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының орыс және қазақ бөлімдерінің студенттері «Бухгалтерлік есептегі компьютерлік технологиялар» пәні бойынша «1С» бухгалтерлік программаның көмегімен филиалда оқу жүргізіді.
 
Оқу-әдістемелік жұмыс
Оқу үрдісі несиелік технологияға сәйкес оқулықтардың әдістемелік бағдарламаларының типтік талапқа сай болуына байланысты мынадай «Бағалау», «Логистика» мамандықтарға құрылады. Мамандарды дайындауды арнайы пәндер бойынша жүргізіледі, соның ішінде ЖОО Кеңесімен бекітілген студенттердің таңдауы бойынша.
Жүргізілетін сабақтардың мазмұны оқу бағдарламаларына және қазіргі кездегі талаптарға сәйкес келеді. Кафедрада мамандықтар бойынша МЖМБС бар, сондай ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде пәндердің типтік және оқу жұмыс бағдарламалары, мамандықтардың типтік және оқу жұмыс жоспарлары бар. Мамандықтардың типтік және оқу жұмыс бағдарламаларының типтік және жұмыс жоспарларының мазмұны, оқу-тәрбие үрдісінің әдістемелік қамтамасыз етуі мамандарды дайындаудың қазіргі кездегі талаптарына және білім стандартының мемлекеттік жалпы білім беру талаптарына сәйкес келеді.
Кафедра қазіргі кездегі ақпараттық технологияларды меңгеру жоспарында студенттердің даярлығын күшейту үшін көптеген жұмыстарды жүргізеді. Бұл автоматтандырылған программа «1С- Кәсіпорын» меңгеру, Excel және МҚБЖ Access көмегімен электрондық ресурсты басқару, қолданбалы пакет Project көмегімен жобалық менеджмент ақпараттық технологиясын меңгеру.
Барлық мамандықтың студенттері математикалық процессор MathCad меңгереді. Таңдамалы пәндер құрамына студенттердің программалау тілдерін меңгеру үшін арналған пәндерде кіреді, себебі түлектер экономика және бизнестің стандартты емес есептерін шығару үшін дайын болулары керек. 
 
                                                           Ғылыми-зерттеу жұмысы
Кафедра көптеген жылдар бойы Қазақстанның ірі кәсіпорындарына арналған шаруашылық келісім жұмыстарын орындады, оның ішінде «Ачполиметалл» АҚ, Акбакай МҚК, «Балхашмедь» АҚ, Ф.Дзержинский атындағы ПШО, Өскемен титан-магний комбинаты және т.б. бар. Ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша 200-ден астам ғылыми жұмыстар, соның ішінде монографиялар, оқу құралдары, ғылыми мақалалар жарық көрді. Қазақстан кәсіпорындары мен оқу мекемелері үшін білікті ғылыми-педагогикалық және ғылыми мамандарды дайындау кафедрада магистратура мен аспирантура арқылы жүзеге асырылады.
Кафедра оқытушылары жыл сайын іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша өткізілетін байқауларға қатысып отырады. ҒЗЖ ықпалына ерекше назар аударылады, Құлжабай Н.М. басшылығымен шаруашылық келісім шарт тақырыптары бойынша екі жұмыс орындалды.
Кафедра жанында жұмыс жасау проблемаларымен әлеуметтік - экономикалық жүйелерді басқару шарты негізінде ғылыми семинар жұмыс істейді. Семинар жұмысы ғылыми проблемалар талқылау, жас оқытушылар мен ізденушілердің мақсатын, диссертациялық жұмыстарын, бастаушы мамандардың ғылыми - зерттеу нәтижелерін қарастырады.
Кафедра мемлекеттік бюджетпен тіркелген «НЦ ИНТИ» АҚ-да «Әлеуметтік - экономикалық жүйелердің ұйымдық механизмдердің зерттеудің өңделуі» атты жобамен жұмыс істейді.
Кафедра оқытушылары басшылығымен т.ғ.к., доцент Чакеева К.С. тапсырыспен «Транскомпроект» ЖШС №080901 келісім-шартымен ақпараттық - техникалық өнім жасауына автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді енгізу технологиясымен және басқарудың кәсіпорынмен жалпы көлемі 1 млн.теңге өткізді.
Студенттерге арналған кафедрада жас бухгалтерлердің және бағалаушылардың клубы жұмыс жасайды . Әртүрлі халықаралық және республикалық съездерде, симпозиумдарде және маслихаттарда профессорлық-оқытушылар құрамы, аспиранттар, магистранттар, ізденушілер, қызметкерлер және студенттер белсенді қатысушыларды жыл сайын қабылдайды. Кафедра студенттері республикалық және университеттік олимпиадалардың жеңімпазы, конкурстардың, бухгалтерлік және бағалау компанияларының қатысушысы болып келеді.
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары мамандандырылған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
 
Халықаралық ынтымақтастық
Кафедраның Ресей университеттерімен және ғылыми институттарымен тығыз байланысы бар.
Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Чакеева К.С. халықаралық симпозиумдар, РҒА басқару мәселелері Институтының конференциялары мен семинарларын өткізу бойынша бағдарлы кеңестің мүшесі болып табылады. Кафедра 5 жыл бойы Мәскеу қаласының РҒА басқару мәселелері Институтымен мамандар даярлау, ғылыми ақпарат алмасу, бірлескен конференциялар мен семинарлар өткізу жөнінде ғылыми бірлесе қызмет ету келісіміне ие.
Қызметтестік шектерінде РҒА академигі ҚазҰТУ-дың қадірлі профессоры, профессор В.Н. Бурков «Активті жүйелердің теорияларының қазіргі кездегі мәселелері» тақырыбына дәріс оқу үшін және доцент т.ғ.к. Муханова Г.С., доцент Исмаилова Р.Т., доцент Кулик В.Б. диссертациялық жұмыстарын қорғау кезінде қатысуға шақырылды.
Жанкубаев Б.А. Қазақстандағы Халықаралық Еңбек Ұйымдары өкілдерімен, Ресей президенті жанындағы Ресей Академиясының мемлекеттік қызметкерілерімен белсенді түрде бірлесе қызмет атқарып келеді.
Кафедра қазіргі талаптарға сәйкес дамып келеді және жоғарғы білікті мамандардың сапалы даярлығын қамтамасыз етеді.
 
 
 
 

Байланыстар

050013, Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 22.
306, 431 бөлме (басты оқу ғимараты)
Телефон: 8 (727) 257-70-88, 8 (727) 257-73-18
e-mail: ek@ntu.kz

 

Болашақ