Сәулет және дизайн

     «Сәулет және дизайн» кафедрасы жарты ғасырлық білім тарихы бар Қазақ политехникалық институтының сәулет факультетінің дәстүрін жалғастыруда. 1961 жылы көрнекті қазақ сәулет-ғалымы және республиканың белгілі мемлекеттік қайраткері Т.К. Бәсенов-тың ынтасымен В.И. Ленин атнындағы ҚазПТИ құрылыс факультетіндегі «Сәулет» мамандығына бірінші топты жинады және 1964 жылы «Қалақұрылыс» факультеті құрылды. 1966 жылы екі кафедраның «Қалақұрылыс» және «Сызба геометриясы» базасында сәулет факультеті құрылды кафедраның бірінші деканы А.Д. Кузютин болды. Кафедралардың саны бірте өсті: Қазақ ССР еңбегі сінген сәулетшісі доцент Р.А. Сейдалина басшылығымен «Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың сәулеті» кафедрасы ашылды, 1972 жылы – «Сәулет тарихы және сәулет конструкция» кафедрасы ашылды негізін салушы және кафедра меңгерушісі болып М.М. Мендикулов отырды. 1978 жылы ақырғы кафедраның аты «Сәулет тарихы және теориясы»; 1977 жылы «Сурет» кафедрасы ашылды, Қазақ ССР халық суретшісі М.С. Кенбаев кафедра меңгерушісі болды. ҚазПТИ сәулет факультетінің кейінгі декандары Круглов Ю.В., Глаудинов Б.А. және т.б. сияқты керемет оқытушылар болды. ҚазПТИ сәулет факультетінің бітірушілерінің ішінде Қазақстан республикасының мақтанышы өздерінің шығармашылығымен Қазақстанда ғана емес шет елдерде де белгілі сәулетшілер: Қазақстандағы жалғыз ССР халық сәулетшісі Монтахаев К.Ж., Жандаулетов М. КазССР министірлер кеңесінің сыйлық лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген сәулетшісі Ералиев Т.Е., Алматы қаласының екі бас сәулетшісі Баймағанбетов С.К. және Фазылов С.А., ҚР қалақұрылыс одағының президенті Нысанбаева Л.В., ҚР дизайнерлер одағының президенті Сулейменов Т.Б., Туякбаева Б.Т. және т.б.

«Сәулет және дизайн» кафедрасының ұжымы

     «Сәулет және дизайн» кафедрасы 2011 жылдың 28-30 қазанында Қазақстандағы сәулет білімінің орнығуының 50 жылдығын атап өтті. Қ.И. Сәтбаев атн. Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінде (ҚазҰТУ) Қазақстандағы сәулет білімінің орнығуының 50 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті: «Заманауй әлемдегі сәулеттік білім: прблемалары және келешегі». Конференция жұмысына қатысқандар: ұйым басшылары, ректорлар, проректорлар, оқу мекемелерінің декандары, Қазақстанның, Қырғыз республикасының, Өзбекстанның, Әзербайджанның, Ресей федерациясының дизайнерлері және сәулетшілерін дайындайтын кафедра меңгерушілері, Президенттер және сәулет одағының мүшелері, қазақстан дизайнерлері және қалақұрылысшылары, профессор-оқытушы құрам, ҚазҰТУ мамандары. Конференцияның басты қорытындысы біліктілігі жоғары кадрларды дайындауға ең нәтижелі саясатты өндіру үшін жігерлі үйлестік мақсатымен ТМД елдерінің қоғамдық ұйымдарымен және мектептер арасындағы Консорциумды жасау, сонымен қатар сәулет және дизайн мамандығының мәртебесін көтеруге арналған.

ҚазҰТУ ректоры проф. Адилов Ж.М. және поф. М.М. Мендикулов мемориал ескерткіш тақтайларын ашуда Т.К. Бәсенов ИАиС

     Қазақ политехникалық институтының сәулет факультетінің дәстүрін жалғастыра отырып 2004 жылы Қ.И. Сәтбаев атн. ҚазҰТУ іргесінде үзілістен кейін сәулетшілерді дайындау қайтадан басталды. Университет сәулет бакалаврларын оқытуға және бітіртуге мемлекеттік лицензия АА № 0000004 алды (26.04.2004 жылдың №361 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігінің бұйрығы). Қайта құрылған «Құрылыс және сәулет» (кейін кафедра «Сәулет және дизайн» болып атын ауыстырды) сол жылы бірінші сәулет-студент тобын құрды. Кафедра меңгерушісі болып «Сәулет» және «Дизайн» мамандықтары бойынша жаңартылған сәулет мектебінің құрылуына улес қосқан сәулет докторы, Шығыс елдер сәулетінің халықаралық академиясының академигі (ШЕСХА) профессор Әзімов Е.М. Кафедрада оның құрылған кезеңінен бастап ғылыми-педагогикалық стажы жоғары белгілі сәулеткерлер жұмыс атқарады: сәулет докторы, профессор, ШЕСХА академигі Құспанғалиев Б.У., сәулет докторы, профессор, ШЕСХА академигі Абилов А.Ж., сәулет докторы, профессор Тұрғанбаева Л.Р., аға оқытушы Лебедева С.Н., аға оқытушы Тюребаева К.И. және т.б. Қазіргі уақытта кафедраның оқытушылар ұжымы Қазақстан Республикасының мықты деген тәжірибелі сәулетшілер және дизайнерлермен толықты - Ибраев Б.А., Майоров С.М., Таханов Ж.М., Исходжанова Г.Р., Васильев В.П. және тағы басқалар. Бүгін кафедра сәулетшілерді және дизайнерларды келесі мамандықтар бойынша дайындайды: 5В042000 - «Сәулет» және 5В042100 – «Дизайн». Оқыту бакалавр және магистратура бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Колледж бітірушілерінің Сәулеттік-дизайн мамандығына жылдамдатылған оқу бағдарламалары, күндізгі және қашықтықтан оқыту формалары ұсынылады.

Болашақ