Радиотехника, электроника және телекомуникация

    Кафедра «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасы 2008 жылы құрылған және техникалық ғылымдарының докторы, профессор Н.Т. Исембергеновтың басшылығымен қызмет етеді.
    Радиотехника, электроника және телекоммуникация кафедрасы 2004 жылдан бастап бакалаврларды, ал 2006 жылдан бастап магистранттарды қабылдау және даярлаумен айналысады, сонымен қатар аталған мамандық бойынша докторларды даярлау үшін сәйкес кадрлық, оқу-әдістемелік және ғылыми-техникалық әлеуетке ие.



    Біздің «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасының студенттері ғылым мен білімді, теория мен практиканы, оқу мен қоғамдық жұмысты білікті ұштастырады. Кафедрадағы ғылыми, ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмыс 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасын жүзеге асырудағы іс-шаралар жоспарымен сәйкес жүргізіледі.
    РЭТ кафедрасы үшін көкейтесті мақсаттардың бірі студенттерді одан әрі кафедраның ғылыми тақырыптарын жасау, студенттерді шетелде оқыту үшін қажетті дайындық, сонымен қатар пәндік олимпиадаларға және республикалық ғылыми жобалар сайыстарына қатысуға қажетті жұмыстар жүргізу.

    Байланыс: 050013,.Алматы қ., Сәтбаев көшесі., 22. КазҰТУ, Байтұрсынов көшесі 147 б, кафедра РЭТ, Телефон:8(727)292-77-45.

Болашақ