Ақпараттық қауіпсіздік

 

«Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасы 1962 жылы «Есептеу техникасы» деген атпен құрылған. Кафедра «Математикалық және есептеу-шешу аспаптары мен құрылғылары» (МжЕШАҚ) мамандығы бойынша инженерлер даярлау жүргізген. Бұл мамандық 1968 жылы «Электрондық есептеу машиналары» (ЭЕМ) мамандығына, ал 1990 жылы - «Электрондық есептеу машиналары, кешендері, жүйелері және желілері» мамандығына өзгертілді. 1971 жылы кафедра жаңадан ашылған «Техникалық кибернетика» кафедрасының құрамына қосылды, ал 1975 жылы - бастапқы атымен жеке кафедра ретінде қайтадан құрылды. Осы кафедраның негізінде 1980 жылы «Электрондық есептеу техника» (ЭЕТ) факультеті ұйымдастырылды.

Кафедраның алғашқы меңгерушісі (1962-1968ж.ж.) – танымал педагог және ҚазССР-на еңбек сіңірген өнертапқыш, доцент Л.А.Бричкин болды.

1968 - 1971 жылдары кафедраның меңгерушісі міндетін ӘӘК-нің радиотехника инженері мамандығы бойынша Харьков жоғары авиациялық-инженерлік әскери училищесінің радиотехника факультетінің түлегі доцент Л.А.Винокуров атқарды.

1975-1988 ж.ж. кафедра меңгерушісі міндетін В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Автоматика және есептеу техникасы факультетінің «Математикалық және есептеу-шешу аспаптары мен құрылғылары» мамандығының алғашқы түлектерінің бірі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент С.Т.Тынымбаев атқарды.

Кафедраның дамуы Есептеу техникасы және Ақпараттық технологиялардың ғылыми зерттеулер мен өндірістік қолданбаларды автоматтандыру мәселерін аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуіне қатысты негізгі (базалық) бағыттарында жүріп жатыр. Осындай жұмыстарға тапсырыс берушілер қатарында мынадай мекемелер бар: ЭЕТСҒЗИ (ҒӨБ «Персей», Мәскеу қаласы); ядролық физика институты (ҚазССР); ҒБ «Союзвузприбор» (Мәскеу қаласы); Қарағанды металлургия комбинаты (Қарағанды қаласы).

Кафедра базасында ССРО ЖООМИН Ғылыми-әдістемелік комиссиясының көшпелі отырысы жүргізілді, оның мүшесі С.Т.Тынымбаев болды.

Есептеу техника кафедрасы Орталық Азия мен Оңтүстік Сібір аймағы үшін есептеу техника мамандығы бойынша мамандар даярлау орталығы болды және ССРО бойынша студенттердің үлкен контингентіне ие болды.

Осы кезеңде кафедра есептеу техникасы мен зертханалық жабдықтармен қамтамасыз етілді, кафедрада жұмыс істейтін жоғары біліктілікті кадрларды мақсаттылық түрде даярлау іске асырылды, сөйтіп кафедраның жоғарыбілікті профессор-оқытушылар құрамы қалыптасты.

Қазіргі уақытта С.Т.Тынымбаев «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының профессоры.

1979 жылы Ж.С. Сарыпбеков кафедраға доцент болып жұмысқа орналасып, докторлық диссертациясын қорғағаннан кейін профессор атағын алды, 1983 жылы декан ретінде ЭЕТ факультетін басқарды. 1993 жылы оның ынтасымен және проректор К.Ш.Асаубаевтың қолдауымен Қазақстан үшін жаңа мамандық – «Ақпарат қорғау және қауіпсіздігі» (АҚҚ) ашылды. 1989 жылы «Электрондық есептеу машиналары» мамандығы, ал 1996 жылы «Ақпарат қорғау және қауіпсіздігі» мамандығы бойынша қазақ бөлімдері ашылды.

Мұнан былайғы жылдары кафедра келесі мамандықтар бойынша мамандар даярлауды жалғастырды: «Ақпарат қорғауды ұйымдастыру мен технологиялары»; «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтама» («Ақпарат қорғау және қауіпсіздігі» және «Есептеу жүйелері мен желілері» мамандандырулары).

1988-2011 жылдар аралығында «Есептеу техника» кафедрасының меңгерушісі болып Қазақ политехникалық институтының «Электрондық есептеу машиналары» мамандығының 1968 жылғы түлегі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент А.С.Ермаков жұмыс істеді.

Осы кезеңде жаңа мамандықтар ашылды, кафедра ұжымымен 37.06-«Ақпарат қорғау және қауіпсіздігі», 5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтама», 5В100200-«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандықтарының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары дайындалды.

2001-2002 жылдары кафедрасының меңгерушісі міндетін «Электрондық есептеу машиналары» мамандығы бойынша Қазақ политехникалық институтының түлегі, техника ғылымдарының докторы, профессор Г.З. Казиев атқарды.

2011-2014 жылдары кафедраны педагогика ғылымдарының докторы, профессор Г.Д. Жангисина басқарды.

2014 жылдың қыркүйегінде кафедра меңгерушісі болып техника ғылымдарының кандидаты, доцент Н.А. Сейлова тағайындалды.

Қазіргі таңда «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасы 5В100200-«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», 5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтама» мамандықтарының бакалавриатында, сондай-ақ 6М100200-«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының магистратурасында мамандар даярлап жатыр.

Кафедрада бөлініп-таратылған есептеу жүйелерін, желілерін және дерекқорларын жобалау және құру әдістерін әзірлеу, ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін ұйымдастыру, қатынас құруды бақылау және басқару құралдарын әзірлеу, т.б. сияқты негізгі ғылыми бағыттар қалыптасқан.

Соңғы жылдары кафедрада ақпарат қорғау технологиясының әдіснамалық, ұйымдастыру және сертификаттау жайындағы бағыттары дамуда. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жоғары дәрежелі білікті мамандар – Ресей ЖОО-ның: Бауман атындағы МЖТУ, МЭИ (Мәскеу қаласы), ЛЭТИ (Ленинград қаласы) және Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ түлектері.

Жоғары біліктілікті ғылыми кадрлар даярлауда кафедра профессорлары: Ж.С. Сарыпбеков, доценттері: Е.С.Пшенин, А.П.Куцый, Б.Б.Тажибаевтар ерекше үлес қосты, ал кафедра профессорлары: Д.З. Джурунтаев, С.Т.Тынымбаев, Е.Ж.Айтхожаева, А.Ш.Тұрым, А.С.Ермаков, доценттері: С.Т.Аманжолова, А.Ә.Шайқұлова, Н.А.Сейлова және Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ – нің түлектері кафедра оқытушылары үлес қосуда.

Кафедра іргесінен жоғары біліктілікті мамандар: ірі оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың, ұлттық агенттіктер мен комитеттердің жетекшілері және т.б. даярланды.

Кафедра әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарымен белсенді жұмыс істейді: Ұлттық авиациялық университет, Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі (Украина, Киев), Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университеті (Ресей, Санкт-Петербург) және т.б. Заманауи желілік технологияларды оқу үдерісінде студенттерге оқыту мақсатында кафедрада Өңірлік Cisco Желілік Академиясы жұмыс жасайды. Академия желілік технологиялар бойынша әлемдік лидер Cisco Systems компаниясымен бірлесіп тығыз жұмыс жасауды кеңейтеді. Cisco Желілік Академиясы желілік технологиялар бойынша біліктілікті жоғарылатуға және IT Essentials, CCNA Discovery, CCNA Exploration оқу курстары бойынша сертификаттар алуға мүмкіндік береді.

Болашақ