Электротехника

 

    

 Электротехника кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академияcының және Халықаралық электротехника ғылымдары академиясының академигі Қожасбаев Нариман Қожасбайұлы.
   
  

 

1934 жылы политехникалық институттың құрылуымен бірге Тау – кен механикасы және электр жабдықтары кафедрасы ашылды. Кафедраға электр техникасы пәндері кіргізілді. Содан кейін әр жылдарда Электротехниканың теориялық негіздері және жалпы электротехника кафедрасы құрылды (1963-1976ж).

1977 жылдан бері “Электротехника” кафедрасы болып құрылып, оны т.ғ.д. профессор, академик Н.Қожасбаев басқарып келеді.

Электротехника кафедрасы жалпы инженерлік мамандық шығармайтын кафедра ретінде АТТИ құрамына кіреді және келесі пәндер бойынша ҚазҰТУ-дың барлық мамандықтарын оқу сабақтарымен қамтамасыз етеді: «Электротехника», «Электротехника және электроника», «Электротехниканың теориялық негіздері», «Электр тізбектерінің теориясы». Студенттер үшін күндізгі және сыртқы оқу бөлімдері қарастырылған. Сабақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Кафедра құрылғаннан бері 3 докторлық және 6 кандидаттық диссертация қорғалды.

 

 

Болашақ