Робототехника және автоматиканың техникалық құралдары

Кафедра РТИТСА

   Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының «Робототехника және автоматиканың техникалық құралдары» кафедрасы 1991жылдан бастама алады. Автоматика және басқару жүйесі факультетінің құрамында құрылған «Робототехникалық жүйелер және кешендер» кафедрасы «Робототехникалық жүйелер және кешендер» мамандығы бойынша инженер-жүйетехнигін даярлай бастайды. Негізінде бұл мамандық бойынша инженерлер дайындау 1988 жылдан басталған. 2001 жылы «Мехатроника және робототехника» кафедрасы ұйымдастырылды. 2002 жылдың маусымынан «Мехатроника және робототехника» (МжРТ) мен «Электроника және есептеу аппаратуралары» кафедраларының және «Физика» кафедрасының оқытушылар құрамының бір бөлігінің қосылуы нәтижесінде «Электроника, мехатроника және робототехника» кафедрасы құрылды. Осы аталған кафедра 2007 жылы атауы ауысып, қазірде «Робототехника және автоматиканың техниканың құралдары» деп аталады.
      1991-1999 жж. кафедраны т.ғ.д., профессор Иванов К.С. меңгерді.
      2001 жылдан 2013 жылға дейін кафедраны қайта ұйымдастырып, оның ҚР ҰИА академигі, т.ғ.д., профессор Шоланов Қ.С. меңгерді.
      2013 оқу жылынан бастап кафедраны т.ғ.к., доцент Өжікенов Қ.Ә. меңгереді.
      РТжАТҚ кафедрасы ҚазҰТУ-дағы 5В071600 – Аспап жасау мамандығы бойынша келесідей бағыттардағы бакалаврларды дайындаушы ірі кафедралардың бірі болып табылады:

  • Ақпараттық-өлшеу техникасы және технологиясы;
  • Мехатроника және робототехника;
  • Биотехникалық және медициналық аппаратуралар мен жүйелер.

      Кафедрада Аспап жасау мамандығы бойынша магистратура және докторантура арқылы жоғары білікті ғылыми кадрлар даярланады.
      Кафедраның көптеген ТМД елдерімен және алыс шет елдермен әлденеше ғылыми халықаралық байланысы бар, мысалы, кадрларды қайта даярлау үшін аэронавтика және ғарыштық институтымен (IAS, Франция) бас келісім жасалған, Н.Э. Бауман атындағы ММТУ, ММТУ (МАИ), Cassino (Италия) оқу университетімен келісім шарттары бар.

      Мұндай байланыстар әрдайым дамып, кеңейіп келеді.

 

Ожикенов К.А. Өжікенов Қасымбек Әділбекұлы, 09.05.1962 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ. Алматы облысындағы Фабричный поселкасының №2 орта мектебін бітірді. 1984 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «механика» мамандығы бойынша бітірді. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің робототехникадан Республикалық ғылыми-методикалық орталығында инженер, инженер–программист, аға инженер, 1 категориялы инженер – программист болып жұмыс істеді, Қазақ ССР Ғылыми Академиясының механика және машинатану институтының роботтарды автоматты түрде жобалау жүйесі мен машиналарды басқару зертханасының ғылыми қызметкері, Салааралық «Машинатану» ғылыми-технологиялық орталығының инновациялық бағдарламалар мен технологиялық маркетинг бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының "Роботты техника и автоматиканың техникалық құралдары" кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді.           Бүгінде РТжАТҚ кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.
   05.02.05 – «Роботтар, мехатроника және робототехникалық жүйелер» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты. Ресейдің Жаратылыстану Академиясының профессоры, Халықаралық Жаратылыстану Академиясының Құрметті докторы, ХАА толық мүшесі.

Болашақ