Полиграфиялық өндiрiс машиналары мен жабдықтары

logo

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Полиграфия өндірісінің технологиясы және машиналары» кафедрасы

Кафедрада:
* Полиграфия саласы үшін инженерлік мамандарды дайындау жүргізіледі, түлектерді қызметке орналастыру 93% шамасында, оның ішінде кәсіби – 85%;
* ЖОО-дан кейінгі білім беру, оның ішінде Ресейдің Бірінші Президенті Б. Н. Ельцин атындағы ОРФУ-мен бірге ТМД Желілік университеті аясында, екі ЖОО дипломдарын алу мүмкіншілігімен магистратура бағдарламасы жүзеге асырылуда;
* Студенттер арасында үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына жыларалық республикалық конкурстар, республикалық пәндік олимпиадалар, полиграфияның өзекті мәселелері бойынша студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциялар жүргізілуде;
* Полиграфиялық материалдар қасиеттерін зерттеуге арналған, басуға дейінгі, басу және басудан кейінгі процестердің, сонымен қатар жалпы инженерлік пәндер, эксперименттік жұмыстарды және сабақтың барлық түрін жүргізуге арналған оқу, технологиялық және ғылыми-зерттеулік қажетті жабдықтармен жарақталған зертханалар бар.
* Республикалық полиграфиялық-баспа «Дәуір» кешенінде кафедра филиалы жетісті жұмыс істеуде;
* Білім алушылар арасында тәрбие жұмыстары белсенді түрде жүргізіледі. Студенттер мен магистранттар мерекелік шараларға (Наурыз, ҚазҰТЗУ көктемі, студенттік спартакиада және т. б.) белсенді қатысады.

 Ибраева Жанар Ершатқызы - «Полиграфия өндірісінің технологиясы және машиналары» кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты. Екі жоғары білімі бар: М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу химиялық институтын (1992), Экономика және құқық академиясын (2002) бітірді, химия ғылымдарының кандидаты (2006). А.Б. Бектуров атындағы химия ғылымдар институтында химия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ізденуші. Ғылыми зерттеу саласы: полиэлектролиттер, полимерлік гидрогель, металдардың гельиммобильді нано бөлшектері. 50-дан аса ғылыми мақаласы бар, оның біразы шетел баспаларынан шықты. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 2005 жылдан жұмыс істейді: «Полиграфия өндірісінің технологиясы мен машиналары» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент. 2010 жылы ректордың бұйрығымен «Полиграфия өндірісінің машиналары мен технологиясы» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.

Байланыс:
Алматы қ., Сәтбаев көш., 22, Үлкен оқу ғимараты, 102 каб., Телефондар: 2-57-70-72 – Кафедра меңгерушісі Ибраева Ж.Е., 2-57-71-62, Электрондық пошта: mitpp@ntu.kz, ibraeva_zh@kazntu.kz, zhanar-ibraeva_zh@mail.ru

Болашақ