Көтеру-тасымалдау машиналары және гидравлика

     «Көтеру–тасымалдау машиналары және гидравлика» кафедрасы 1978 жылы құрылған және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің Өнеркәсіптік инженерия институты (ӨИИ) құрамына кіреді.

     Кафедраның ашылуы Республикаға көп бағытты инженер-механик, конструктор мамандығының қажеттілігіне байланысты болды. Кафедра түлектері өнеркәсіптің барлық салаларында, мемлекеттік құрылымдар мен басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда табысты еңбек етуде.
     Кафедрада алғашқы кезден бастап (алғашқы кафедра меңгерушісі және кафедраның негізін қалаушы Жиенқұлов С.А.) машина жасау, металлургия, құрылыс және т.б салалар бойынша өндіріске қажетті жоғары деңгейлі мамандар даярланды. Кафедраның негізін қалаушылар: Н.Э Бауман атындағы училищенің түлегі, Халықаралық көлік академиясының академигі, т.ғ.д., профессор Жиенкұлов С.А., т.ғ.д., профессорлар - Сарғожин М.Х., Сазамбаева Б.Т. 14 докторлық және 30-дан астам техника ғылымдарының кандидаттығына диссертациялар қорғалды, олар қазіргі таңда әртүрлі қалаларда түрлі қызметтер және де жоғары оқу орындарында еңбек етеді. Қазіргі таңда кафедрада 6 техника ғылымдарының докторы, 13 техника ғылымдарының кандидаттары, 4 аға оқытушы еңбек етеді. Кафедрада тәжірибелік және зертханалық сабақтар қазіргі заманға сай жабдықталған зертханалар мен зертханалық қондырғылармен, сонымен қатар басқа да қазіргі заман талабына сай жабдықтармен жүргізіледі.
     «1993 жылы 280340−«Көтеру−тасымалдау, құрылыс−жол машиналары және жабдықтары» мамандығы бойынша алғашқы түлектер шығарылды. Кафедра ашылғалы бері осы мамандық бойынша 700−ден астам маман даярланды.
     Полиграфия бойынша жаңа мамандықтар ашылып, нәтижесінде «Көтеру–тасымалдау машиналары және гидравлика» кафедрасынан «Машиналар және полиграфиялық өндіріс технологиясы» кафедрасы бөлініп шықты.
     1999 жылдан автомобиль және трактор машина жасау саласы үшін 280140−«Автомобиль және трактор жасау» мамандығы бойынша мамандар даярлана бастады.
     «Кафедрада 1992 жылдан 1999 жылдар аралығында кандидаттық диссертациялар қорғау жөнінде кеңес жұмыс істеді, 2008 жылдан 2010 жылдар аралығында докторлық диссертация қорғау бойынша Д14.17.02 диссертациялық кеңес жұмыс істеді.
     01.09.2014 жылдан бастап «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша бакалавр және магистрлер дайындау басталды. Магистрлерді дайындау 2-бағыт бойынша жүргізіледі: әмбебап (1,5 оқу жылы) ғылыми-педагогикалық (2оқу жылы).
     «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы 2011 жылдың 22 наурызында Ресейдің инженерлік білім Ассоциациясынан 5 жылға аккредитациядан өтті.
     «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша оқу бағдарламасын аяқтаған мамандар кәсіпорындар мен ұйымдарда инженерлік орындарда табысып қызмет атқаруда. 
     Қазақстанның 2020 жылғы инновациялық даму бағдарламасына байланысты.бұл мамандыққа деген сұраныс жылдан жылға арта түсуде. Көптеген мемелекеттік және жеке кәсіпорындар білікті, көлік, көліктік техника және технология саласындағы қазіргі заманға сай бағдарламалық өнімдерді толығымен меңгерген мамандар даярлауға өздерінің қызығушылығын туғызып, қолдау көрсетуде.

 

Байланыстар

     Алматы қаласы. Сәтбаев көшесі 22 в. МЖИ ғимараты 3 қабат, 307, 308 ауд., Тел: 257-70-83, ішкі 70-83, 257-71-83, ішкі 71-83

Болашақ