Қолданбалы химия

  Қолданбалы химия кафедрасын химия ғылымының кандидаты Каленова Айжан Советовна басқарады.

Қолданбалы химия кафедрасы

    Химия кафедрасы 1934 жылы құрылды. Ол Қазақ тау кен-металлургия институтының құрамына кіреді. Кафедраны құрылған күннен бастап, КСРО және Қазақстанның белгілі ғалымдары басқарған:

1934-1950 жж. Н.И.Бутов – химия кафедрасының бірінші меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, доцент
1950-1955 жж. В.Д.Пономарев – ҚазССР ҒА-ның академигі
1955-1964 жж. А.И.Преображенский - химия ғылымдарының кандидаты,доцент

    1964 жылы химия кафедрасының негізінде: жалпы химия және физикалық және аналитикалық химия кафедралары құрылды.

Жалпы химия кафедрасын басқарғандар:
1964-1974жж. Т.О.Салибаев - техника ғылымдарының кандидаты, доцент
1974-2000жж. У.М.Мақанов – ЕҒА академигі, химия ғылымдарынң докторы, профессор
Физикалық және аналитикалық химия кафедрасын басқарғандар:
1964-1974жж. В.П.Космачев - техника ғылымдарының кандидаты, доцент
1974-1983жж. Г.Н.Бабкин - химия ғылымдарының докторы, профессор
1983-1988жж. Е.М.Шайхутдінов - ҚазССР ҒА-ның академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор
1988-1992жж. Ш.Б.Шалабаев - химия ғылымдарының кандидаты, доцент
1992-1994жж. М.Е.Ермағанбетов - химия ғылымдарының докторы, профессор
1994-2000жж. С.Х.Хусаин - химия ғылымдарының кандидаты, профессор
2000 жылы бұл кафедралар химия кафедрасына бірікті. 2000-2004 жж. кафедраның меңгерушісі болып ЕҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор У.М.Мақанов тағайындалды.
2000-2004жж. У.М. Маканов - ЕҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор

    2004-2014  жылдары кафедраны химия ғылымдарының докторы, профессор Г.Т.Балақаева басқарды.

    2014 жылдан кафедраны химия ғылымдарының кандидаты, доцент  Каленова Айжан Советовна басқарады.

    Жалпы химия және аналитикалық және физикалық химия кафедрасында әртүрлі жылдарда х.ғ.к., проф. К.А.Аханбаев, к.х.н., доц. А.Ф.Омарова, к.х.н., доц. Д.Б.Мамбеева. к.х.н., доц.А.Х.Искакова сияқты көптеген ұстаздар еңбек етті.

    Кафедрада қазіргі уақытта қызмет атқарып жүрген оқытушылар мен қызметкерлердің суреттері төменде көрсетілген.

Қолданбалы химия кафедрасы бүгінгі таңда

    2000 жылдан химия кафедрасы әл-Машани атындағы жаратылыстану-гуманитарлық институтының (ЖГИ), ал 2010 жылдан әл-Машани атындағы жоғары технологиялар және тұрақты даму институтының (ЖТ ж ТДИ) құрамына кіреді және Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінің білім беретін және ғылыми тұрғыдағы беделді құрылымдарының бірі болып табылады. Кафедраның ғылыми-педагогикалық әлеуеті жоғары, физикалық, аналитикалық және коллоидтық химиядан зертханалық практикумдары «PHYWE» фирмасының қазіргі заманғы үлгідегі құралдарымен жабдықталған. "Жалпы химия" пәні бойынша зертханалық практикум виртуальды зертханалық жұмыстары бар компьютерлі білім беретін бағдарламалармен жабдықталған. Кафедрада 6 ғылым докторы және 12 ғылым кандидаты және 2 доктор PhD жұмыс істейді. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамының орта жасы - 50 жас, ғылыми дәрежелілігі- 69 % -ды құрайды. Кафедрада студенттер техникалық мамандарын дайындауға қажетті іргелі пәндерді оқып үйренеді.

    Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы университеттегі 8 институттың 1 және 2 курс студенттеріне жалпы, бейорганикалық, аналитикалық, физикалық, коллоидтық химия және химиялық талдау пәндерін және зат құрылысы, дисперстік жүйелер және қолданбалы химия таңдамалы курсын да орыс және қазақ тілдерінде жүргізеді.

«Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттері мен аға оқытушы Курманалиева Д.Т. Республикалық пәндік олимпиадада (Шымкент)

Доцент, х.ғ.к.М.Б.Жүрсімбаева студенттерімен физикалық химия сабағында
Профессор, х.ғ.к. С.Х.Хусаин студенттерімен физикалық химия сабағында Доцент, к.х.н. Осадчая Э.Ф. со студентами на занятиях по коллоидной химии
Аға оқытушы, х.ғ.к. А.Ж.Жеңісова студенттермен физикалық химия сабағында Аға оқытушылар: Р.Н.Қайназарова мен х.ғ.к. Н.Ж.Сейтқалиева физикалық және коллоидтық химия пәнінен жаңа құрылғыларды меңгеруде

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттері мен аға оқытушы Мырзабекова Ш.У. Республикалық пәндік олимпиадада (Шымкент)

Табиғатқа саяхат

«Алтын түлек» иесі Биболатова Акбота

Кафедра меңгерушісі, х.ғ.к. А.С.Каленова мен оқытушы Ж.А.Ендибаева физикалық және коллоидтық химия пәнінен жаңа құрылғыларды меңгеруде

Мекен-жайымыз

Мекенжай: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22 а

Бас оқу ғимараты (БОҒ), 1003,1005 бөлме

Телефон: (727) 257-70-94, (727) 257-71-94

E - mail: chem@ntu.kz

Болашақ