Жалпы және теориялық физика кафедрасы

 

 

   Жалпы және теориялық физика кафедрасы – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің білім және ғылыми негізгі бөлімдерінің бірі.Кафедра 1934 жылы құрылған, қазір Жоғары технологиялар және тұрақты даму институтының құрамына кіреді.
   Жалпы және теориялық физика кафедрасы университеттің барлық инженерлік-техникалық мамандықтарының күндізгі, сыртқы және қашықтықтан оқыту түрі бойынша (қашықтықтан оқыту орталығы негізінде екінші жоғары білім алушылар) студенттерді, Республикалық біліктілікті арттыру орталығының тыңдармандарын физика пәні бойынша дайындайды. Оқыту қазақ, орыс тілдерінде және бірқатар мамандықтар үшін ағылшын тілінде жүргізіледі.
    Кафедра келесі білім бағдарламалары бойынша мамандар шығарады:

  1. Бакалавриат:
    –  5В072300 «Техникалық физика»;
    –  5В071700 «Жылуэнергетикасы».
  2. Магистратура:
    –  6М072300 «Техникалық физика»;
    –  6М060400 «Физика».
  3.    Докторантура PhD:
    –  6D072300 «Техникалықфизика»;
    –  6D060400 «Физика»;
    –  6D074000 «Наноматериалдар және нанотехнологиялар».

   Оқытудың негізгі міндеттері мен мақсаттары:

  • студенттерді физиканың, техникалық физиканың және жылу энергетикасының әртүрлі салалары бойынша, сондай-ақ, пәнаралық сипатқа ие, нанотехнология, ғарыштық және ядролық технология салалары бойынша ғылыми және инженерлік мәселелерді табысты шешуге іргелі дайындығын қамтамасыз ету;
  • студенттердің инженерлік жобалау және талдау, ғылыми зерттеулерді жүргізе алу қабілетін дамыту, сонымен қатар, кәсіптік бағыт ретінде болашақ инженердің сапалы тұлғасын қалыптастыру;
  • студенттердің өмір бойы кәсіптік және этикалық жауапкершілігін арттыру, тұрақты түрде өздігінен оқу және біліктілігін артыру қабілетін дамыту арқылы, техникалық физика мәселелерін шешумен айналысатын оқу орындарында, ғылыми және ғылыми-өндірістік ұйымдарда табысты мәнсапқа жетуге дайындау.

   Студенттердің кәсіптік шеберлігін қалыптастыру инженерлік-техникалық мамандық студенттерінің болашақ іс-әрекеттеріне бағдарланған оқытудың мақсаты мен мазмұның анықтау арқылы іске асырылады.Кәсіптік бағытталған оқытуды іске асырудың негізі болып физика курсын оқытудың сәйкес технологиясын анықтау, оған оқытудың мақсаты, қызықты есептер, оқытудың мазмұнының модульдік көрінісі, студенттердің білімі мен біліктілігін рейтингтік бағалау кіреді.
   Жалпы және теориялық физика кафедрасының меңгерушісі – ф.-м.ғ.кандидаты, доцент Майлина Хамария Рахымжанқызы.
   Оның жетекшілігімен «Техникалық физика», «Физика», «Наноматериалдар және нанотехнологиялар», «Жылуэнергетикасы» білім беру бағдарламаларының деңгейін көтеру және физика саласы бойынша болашақ мамандарды іргелі дайындаудың сапасын жақсарту бағытында көптеген жұмыстар жүргізілуде.
   Кафедрада оқу процесіне инновациялық оқыту технологияларын, оның ішінде қашықтықтан оқыту және онлайн режимінде оқыту белсенді түрде енгізілген.
   Кафедра зертханалары Россия мен Германияда шығарылған заманауи құрал-жабдықтармен толықтырылған. Кафедрада виртуалды зертханалық жұмыстар мен электрондық оқулықтарды жасау және құрастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кафедра оқу порталының ресурстарын және оларды кафедраға бекітілген барлық пәндер бойынша білім алушылар үшін оқу материалдарымен толықтыруды толық функционалды түрде қамтамасыз етіп отырады. Университеттің жергіліктіжелі серверіне электрондық оқулықтар, оқу құралдары, пәннің оқу-әдістемелік кешендері, силлабустар, зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар толығымен енгізілген.
   Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жетекшілігімен студенттер ҚазҰТУ-да жыл сайын өткізілетін физика пәні бойынша олимпиадаға белсене қатысады.
   Студенттер оқытушылар жүргізетін инновациялық бағыттағы және тәжірибелік мәндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмылдырылады, студенттік-ғылыми конференцияларға, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша Республикалық конкурстарға қатысып отырады.
   Кафедра оқытушылары жыл сайын Халықаралық және Республикалық конференцияларға қатысады.
   Кафедра ұзақ жылдар бойы көптеген шетелдік ғылыми және оқу орталықтарымен ынтымақтастық байланыстар орнатқан.Қазіргі уақытта, кафедра физиканың әртүрлі салалары бойынша, сонымен қатар наноқұрылымдар физикасы бойынша бірқатар жетістіктерімен белгілі жақын және алыс шетелдердің ірі ғылыми және оқу-білім беру орталықтарымен орныққан халықаралық шығармашылық байланыстар орнатқан.
   Кафедра көп жылдан бері шетелдердің көптеген ғылыми және оқу орталықтарымен бірігіп жемісті қызмет жасауда. Қазіргі уақытта кафедрада физиканың әртүрлі салалары, сондай-ақ, наноқұрылымдар физикасы бойынша ғылыми жетістіктерімен белгілі, жақын және алыс шетелдердің ірі оқу-білім және ғылыми орталықтарымен шығармашылық байланыс орнаған.
   Кафедрада Халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ, «TEMPUS» (Франция), «ERASMUS MUNDUS» (Швеция), «EMA 2 ARCADE» (Италия) Халықаралық біріккен білім бағдарламалары мен жобалары аясында да жүзеге асуда. Сонымен қатар, академиялық мобильдік бағыты бойынша магистранттар ЛЭТИ-де (Санкт-Петербург қ.), Люблин қаласының Университетінде (Польша) ғылыми тәжірибеден өтуде. Жыл сайын ЖжТФ кафедрасының магистранттары Шанхай ынтымақтастық ұйымы бағытында БелГУ-де (Белгород қаласы), ЛЭТИ-де (Санкт-Петербург қ.) білім алуда, оқу мерзімінің соңында 2 дипломға ие болады.
   Жалпы және теориялық физика кафедрасы ұжымының барлық қызметі оқу процесін жақсартудың негізгі бағыттарын жетілдірудіжәне болашағы бар ғылыми және қолданбалы зерттеулердің тиімділігін әрі қарай арттыруды іске асыруға негізделген.
   – Жоғары білім беруде көп деңгейлі жүйеге көшу іске асырылған (бакалавриат-магистратура-PhD доктарантура), кафедра 7 лицензияға ие, оның 2-уі бакалавриат мамандықтарына, 2-уі магистратура мамандықтарына, 3-уі PhDдоктарантура мамандықтарына тиесілі.
   – 5В072300 – «Техникалық физика» мамандығы ENAEE инженерлік білім беруді аккредитациялау бойынша Еуропалық желі мүшесі, Россияның (АИОР) инженерлік білім беру Ассоциациясы орталығымен аккредиттелген;
   – 5В072300 – «Техникалық физика» мамандығы соңғы 3 жылда ҚР БжҒМ ҰАО өткізетін бакалавриат білім беру бағдарламаларын академиялық ранжирлеу нәтижелері бойынша 1 орынға ие;
   – 2014 ж. кафедрада 5В071700 -«Жылуэнергетикасы» мамандығы ашылды;
   – «Физика», «Техникалық физика», «Жылу энергетикасы» мамандықтары бойынша бакалавриат, магистратура және докторантураларға арналып, оқытудың модульдік жүйесі бойынша оқу жоспарлары жасалды.
   – Кафедраның зертханалық базасын жетілдіру және ары қарай дамыту мақсатында көптеген жұмыстар жалғасын табуда;
   – Екі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша «Наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандығы бойыншаPhD докторанттары мен магистранттарды дайындауда Турино (Италия) қаласы университетімен, Хьюстон қ. (АҚШ), «Техникалық физика» мамандығы бойынша Ресейдің Санкт-Петербург, Новосибирск, Москва қалаларындағы университтерімен, Куала-Лумпур қ. (Малайзия) және Маунтин-Вью қ.(АҚШ) университеттеріменжәне т.б. университеттермен біріккен халықаралық бағдарламалар жүзеге асуда;
   – 2014 жылы ЖжТФ кафедрасында «6D072300 – Техникалық физика мамандығы» бойынша 5 докторант докторантураны аяқтап, философия докторы ғылыми дәрежесі бойынша диссертация қорғады;
   – «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы аясында кафедраның оқытушылары ҚазҰТУ-дың ұйымдастыруымен және «Шеврон» компаниясының қолдауымен KOICA Қазақстан-Корея Орталығында ағылшын тілі курсын өтуде;
   – «Техникалық физика» мамандығының пәндерін және басқа мамандықтар үшін «Физика» пәнін ағылшын тілінде оқыту кеңейіп келеді. Ағылшын тілінде оқытылатын пәндерді толық әдістемелік қамтамасыз етуді жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде;
   – Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру курстарын сапалы өткізуді жақын және алыс шетелдерде (Ресей, Англия, АҚШ, Малайзия) ұйымдастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.
    ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауындағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында білім беру саласындағы жаңа басымдылықтар (приоритет)жайлы айтылған. «Қазақстан – 2050» жаңа курсын ескере отырып, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы алдында жаңа міндеттер қойылды, оларды жүзеге асыру үшін кафедра қажетті педагогикалық және ғылыми кадрлерге, сәйкес материалдық базаға, сондай-ақ, жоғары білікті мамандарды даярлау үшін жеткілікті тәжірибеге ие.

Мэриленд университетінің және ҚазҰТУ –дың профессоры Мустафин А.Т.,
ҚазҰТУ профессоры Көмеков С.Е., Гамбург Техникалық университетінің профессоры -
Ханно Шамбург (Германия), Техас университетінің профессоры - Карен Мартиросян (АҚШ)
(солдан оңға қарай).

Халықаралық ғылыми симпозиум, ҚазҰТУ,2014

ф.-м.ғ.д., профессор Көмеков С.Е. пленарлық мәжілісте ф.-м.ғ.д., профессор Ысқақов Б.М.
пленарлық мәжілісте баяндама жасауда

Кафедра оқытушылары ҚазҰТУ-дың 80 жылдығына арналған ақпараттық
білім технологиялары саласындағы университеттің жетістіктерімен таныстыру сәтінде,
Республика сарайы. 2014.

Болашақ