Қолданбалы экология

   Экологиялық жағдайлар күрделі түрде айқындала бастады және барлық елдер мен халықтардың ішкі және сыртқы саясатының мемлекеттік деңгейінде маңызды болды. Өнеркәсіп өндірістерінің қоршаған ортамен әрекет етуінің оптималды стратегиясының проблемасы осы кезеңге тән. Антропогендік фактор, қоршаған ортаның техногенді ластануы, жаппай ізденістер және биосфера құрауыштарына: атмосфера, гидросфера, литосфераға  әсерді азайтудың инженерлік шешімдері өзекті болып табылады.
  Қазақстан Республикасы техникалық білімнің инженерлік экология саласында мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарының бірі – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық  университеті (ҚазҰТУ).
  1993 жылы тау-кен факультетінің құрамындағы «Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасында жаңа мамандық дайындау 1703 – «Қолданбалы экология» енгізілді.
  Өнеркәсіптік экология бойынша инженерлерді  дайындап шығару және кафедраның құрылуына 1984 жылдан бері металлургиялық факультетте қаланған, т.ғ.д., профессор С.С.Нүркеевтің жетекшілігімен «Экология және минералды ресурстарды ұтымды пайдалану» зертхана ұжымдарының  ғылыми потенциалы болды.
  Қиын қыстау жылдары зертхана ұжымының көпшілік құрамы жұмыс істеуін жалғастырды, олар ғылыми зерттеулерді орындай отырып,  Степногорск қаласындағы Целинный тау-кен химиялық комбинатында аралас алюмо-темір коагулянтын өндіру бойынша қондырғыларды құрып, өндіріске енгізілуін жүзеге асырды, олардың қатарына  Нүркеев С.С., Мусина Ү.Ш., Лойко З.К., Назмутдинова А., Бакаева Б., Журсумбаева М., Сариев Б.Е., Бабина Е. болды.      Ғылыми зертхананың жақсы жабдықталуы көптеген жылдарға оқу зертханалық практикумын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
  Кафедраның құрылуы С.С.Нүркеевтің жетекшілігімен Мусина Ү.Ш., Лапшина И.З., Телеш А.Д., Қазова Р.Ә., Суляева Н.Г.  қызметкерлерінің белсенді қатысуымен іске асырылды.
  «Өндірістік экология және қауіпсіздік» кафедрасы «Химиялық технология және полиграфия» факультетінің құрамында 1998 жылы өз бетімен бөлініп шықты. Кафедраға түлек шығаратын статус берілді. ҚазҰТУ-дың барлық мамандықтарының студенттеріне кафедра мына пәндер бойынша сабақ береді: «Экология», «Экология және тұрақты даму» және 050729 мамандығына «Экологиялық экспертиза» оқылады.
  Алғашқы инженер-экологтар техникалық университетті 1703 – «Қолданбалы экология» мамандығы бойынша 1998 жылы бітірді. 2000 жылы кафедрада жаңа мамандық 1704 – «Қоршаған ортаны инженерлік қорғау», 2007 жылы 050701 «Биотехнология» ашылды, 2006 жылы кафедра «Қолданбалы экология» атауына ауысты.  
  Кафедра өндірістің әртүрлі саласының жағдайларын қарастырады: тау-кен өндіру, түсті металлургия, химиялық технология, ядерлік технология және жарылғыш заттар, полиграфия, машина жасау, мұнай өнеркәсібі, химия және полимерлер технологиясы, яғни «Қолданбалы экология» кафедрасының жалпы университеттік мәні бар және кафедра оқытушылары барлық арнайы пәндер сабақтарын кең түрде жүргізеді: «Атмосфера ауасын ластаудан қорғау»,   «Шығарылатын газдарды тазалаудың технологиялық сұлбалары», «Табиғи және екіншілік ресурстарды кешенді пайдалану», «Өнеркәсіптік экология», «Геоэкология», «Табиғи және ақаба суларды тазарту технологиясы мен теориясы», «Қоршаған орта химиясы», «Табиғатты пайдалану экономикасы» және т.б.
  2001 жылы кафедра өнеркәсіп басқарушыларының, инженер-эколог-практиктердің экология саласында біліктіліктерін көтеру үшін ғылыми-әдістемелік орталығын ұйымдастырудың инициаторы болды. 
  Кафедраның дамуына көп үлес қосқан кафедра меңгерушісі Нүркеев Самат Сағиұлы – техника ғылымдарының докторы, Экология және тіршілік қауіпсіздігінің Халықаралық Академиясының академигі, тіршілік қауіпсіздігінің Қолданбалы экология, тіршілік қауіпсіздігі және тұрақты дамудың Қазақстандық Академиясының Президенті.
   Профессор Нүркеевтің негізгі ғылыми зерттеулері күлшлакты қалдықтарды утильдеу технологиясын құруға, өндіріс және тұтыну қалдықтарын өңдеуге арналған.
  200-ден астам ғылыми еңбектердің, монография мен оқулықтардың, сондай-ақ 30-дан астам өнертабыс пен патенттердің авторы. Ғылыми және техникалық пәндерден 40 жылдан астам сабақ беріп келеді, сондай-ақ экология, қоршаған ортаны инженерлік қорғау, ресурс үнемдейтін, аз және қалдықсыз өндірістер, өнеркәсіптің қатты қалдықтарының рекуперациясы пәндерінен дәріс оқиды.
   2006-2007 жылдары  проф. С.С. Нүркеев ғылыми жетістіктері үшін Мемлекеттік стипендияға ие болды; «Жоғары Оқу Орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік грант иегері.
  1998-2009 жылы аралығында кафедра қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс жасайтын 350 инженер-эколог шығарды. Кафедра түлектерінің арасында Қарашығанақта жұмыс жасайтын Нурғалиев Д., Төлеген М. – Шеврон Тексако компаниясының Норс-Бузачи Лимитед бөлімінде менеджер; Глазунов А., Гончарова И. – Қолданбалы экологияның қазақ агенттігінің қызметкерлері; Омарова С.И. - Алматы облысының экология басқармасының жетекші маманы, Ергужиева Г. – «Макатмұнай» зертхана меңрушісі, Ибраимова Л. – Стокгольмде эколог, Молдаганапов Ұ. – «Қазақ метрология институтының» техникалық қадағалау және метрология бойынша Комитеттің физико-химиялық өлшеулер зертханасының жоғары категория маманы, Унербекова М. – Сарканд ауданы бойынша мемлекеттік экологиялық инспекторы, Рахмедин М. – «Қазақмыста» эколог, Кашкимбаева Г. – т.ғ.к., ҚР ҚОҚМ маманы, Жанбосынова М. – «Гелиоста» бас эколог, Сахиев Г. – ҚР ҚОҚМ маманы және т.б.  ерекше атап өтуге болады.
  2009 жылдың қыркүйек айынын бастап кафедра меңгерушісі болып техника ғылымдарының докторы, профессор Ошақбаев Мэлс Тлеубердіұлы тағайындавлды.
 Студенттер жыл сайын ҚазҰТУ-дың студенттердің ғылыми-тәжірибиелік конференцияларға, республикалы экологиялық олимпиадалаға, халықаралық және мемлекеттік масштабтағы семинарларға қатысады.
  Кафедра түлектері іс жүзінде өндірістің барлық саласында: қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінде; ауа және су бассейндерін инженерлік қорғау салаларында инженер-эколог болып жұмыс істей алады; экологиялық экспертиза және экологиялық аудит жүргізе алады; жаңа экологиялық таза технологиялардың және тазарту қондырғыларының жобаларын талқылауға қатыса алады.
  Профессор М.Т.Ошакбаевтың негізгі ғылыми зерттеулері тыңайтқыштарды құрайтын-  N,P,S кешендерінде мұнай, фосфор өндірісітерінін қалдықтарын және Қаратаудың кондиционнды емес фосфориттерінің қайта өндеуге арналған.  
  М.Т.Ошақбаев 1982 ж. С.М.Киров атындағы КазМУ-дың химия мамандығы бойынша химия факультетін бітірді. А.Б.Бектурова атындағы ҚР БҒМ  Химиялық ғылымдар институтында 1983 жылдан бастап жұмыс істеді.  118-ден астам ғылыми еңбектері, монография мен патенттері бар.
                                         
   Студенттер Барт А., Слюняева А., Вей-салидзе М., Калдыбаева А. – .Эгб-06-1р; Ескараева М., Шумкова И. - Бжб(ЗОС)-06-1р. «Тұрақты даму және энерготиімділік» семинар-тренингі, ҚазҰТУ (жетекшілері Нүркеев С.С., Мусина Ү.Ш.)
                                                        
   Семейде болған республикалық экологиялық олимпиадада 4-ші орын алған студенттер ЭгБ-05-1к Жамбы-лова Ш., Сарыбаева Г., Бектасова Г.  2008 ж., (жетекшісі доцент Канаева З.К.).
  Кафедра күндізгі және сырттай оқитын бөлімдерде қазақ және орыс тілінде мамандарды дайындайды. Кафедра доктор, ғылым кандидаттарын, магистр және Ph.D бағдарламасы бойынша докторларды дайындауға белсенді жүзеге асырады. Кафедра ҚазҰТУ-ң барлық мамандықтарының студенттері үшін  «Экология», «Экология және тұрақты даму» пәндерінен сабақ береді.
  Кафедра ашылғалы 20-дан астам аспиранттар кандидаттық диссертацияларын қорғады.
  Қазіргі таңда кафедрада 2 докторлық диссертация және 10-нан астам ізденуші қорғауға дайындық жүргізуде.
  Кафедрада 32 оқытушы сабақ береді, олардың арасында 5 ғылым докторы, профессор, 18 ғылым кандидаттары, доцент бар.
  Оқу процесін әдістемемен қамтамасыз ету саласында үлкен жұмыс жүргізілуде. Қазіргі таңда 200-ден астам ОӘК, тәжірибелік және зертханалық жұмыстарға арналған, курстық және дипломдық жобаларға арналған әдістемелік нұсқау жарық көрді, 3 электрондық оқулықтар «Экология», «Мұнай алу жолында қоршаған ортаны қорғау», «Қоршаған ортаны қорғау»; 4 оқулықтар: «Экология», «Қоршаған ортаны қорғаудың теориялық негіздері», «Экология» қазақ тілінде, «Ақаба және табиғи суларды тазалаудың технолгиясының негіздері» қазақ тілінде шығарылды.
  Кафедраның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты - «Өнеркәсіптік өндірістердің қоршаған орта компоненттеріне теріс ықпалын азайтудың теориялық және технологиялық негізі» болып табылады.
  Кафедрада орындалатын ғылыми зерттеулер табиғи және техногенді шикізаттарды ұтымды пайдаланудың экологиялық таза технологияларын құру, өнеркәсіптік ақаба суларды тазалау үшін жаңа реагенттерді алу, қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды залалсыздандыру мен кәдеге жарату өзекті мәселелерге жатады. Кафедрада мемлекеттік бюджет тақырыбы бойынша және келісімді тақырыптар бойынша жалпы қаржысы 10 млн. тенгені құрайтын жұмыстар жүргізілуде.
                
                                         «Қолданбалы экология» кафедрасының ұжымы
  Жыл бойы кафедраның ПОҚ-ы халықаралық семинарлар, симпозиумдар мен форумдардағы жұмыстарға белсенді қатысып отырады.
  Халықаралық гуманитарлық экология университетімен, Мәскеулік тау-кен университетімен, Қырғыз кен-металлургия институтымен кафедраның келісім шарттары бар, Иерусалим университетімен (Израиль), Химия ғылымдары институтымен шығармашылық байланыстары бар. Германия, Франция, Австрия, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызияның қатысуымен Евроодақтың қаржыландыруымен кафедра NISMIST Халықаралық жобасын орындауға, сонымен қатар  ҚР БҒМ, ҚР ҚОҚМ қолдауымен «Тұрақты даму және энерготиімділік» халықаралық білім жобасын  орындауға қатысады.
  Кафедра университеттің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысады: жылсайынғы «КазҰТУ көктемі» фестивалінде (хорда – Асылбекова Б.Қ., Қазбекова А.Қ.; жеке ән айтуда – инженер Битимшина Г.М.); шахмат бойынша спорттық секцияларда (доц. Канаева З.К.) және волейбол бойынша (доц. Искакова Қ.М.), кафедра көп уақытын студенттерді тәрбиелеу жұмыстарына бөледі.  

Болашақ